Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік
дағдыларын дамыту

А.Е. Нұрланова А.Б.Тұрысбекова
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,
Қазақстан, Алматы


Бұл мaқaлaмызда ойынды мектеп жасына дейінгі балалардың
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру құралы ретінде қарастырамыз.
Мектепке дейінгі білім беруде дамытуға қажетті дағдылар түсіндіріледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында креативтілік, сыни ойлау,
коммуникативтілік және командада жұмыс істей білу дағдыларын дамыту
қажеттілігіне басты назар аударылады. Баланың сөйлеу тілін дамыту үшін
қарым-қатынас арқылы сөйлеу икемділігін жетілдіру қажеттілігі айтылып,
қарым-қатынастың атқаратын функциялары көрсетіледі.
Қарым-қатынас-бұл қоғамның және белгілі бір адамның қызметін
анықтайтын негізгі адами құндылық. Қарым-қатынас сапасы, яғни қарым-
қатынас мәдениеті-тұлғаның интегралды сипаттамасы. Қарым-қатынас
мәдениеті қарым-қатынастың типтік, стандартталған, тұқым қуалайтын
формаларының, нормалары мен дәстүрлерінің жиынтығы ретінде әрекет
етеді. Оған «мәдени жоспардың жалпы мәні бар нәтиже беретін формалары:
құндылықтар, позитивтілікке көзқарастар, пікірлер, әдет-ғұрыптар,
моральдық нормаларға, эстетикалық идеяларға және Біз үшін әдеттегі
үміттерге сәйкес келетін рәсімдер» кіреді.
Түйін сөздер:
Қарым-қатынас, сөйлеу мәдениеті, тіл, дағдылар, сыни ойлау, ойын,
креативтілік.
Қарым-қатынас дағдылары мектеп жасына дейінгі баланың жеке
басының дамуы мен қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Бала қоғамда
өсіп, дамиды, бұл оған бейімделуге және қоғамда толыққанды өмір сүруге
мүмкіндік беретін коммуникативті дағдылар. Қарым-қатынас-бұл баланың
айналасындағы әлем туралы ақпарат алу үшін қажет әлеуметтік
белсенділіктің бірінші түрі. Бала алғашқы қарым-қатынас тәжірибесін
отбасында алады, көмек сұрауға үйренеді, өзінің тәжірибесі туралы
хабарлайды. Әрі қарай, баланың қарым-қатынас шеңбері артып, жаңа
қатынастар құру қажеттілігі туындайды.
Мектепке дейінгі ерте жас кезеңінен бастап, балаларды тәрбиелеу мен
білім беру мақсатында ойын элементтерін пайдалана отырып дұрыс сөйлеу,
қарым-қатынасқа еркін түсу, логикалық тапсырмаларды шешу арқылы
коммуникативтілік дағдыларын дамыту жолдары айтылады. Мектепке
дейінгі кезеңнің жетекші іс-әрекеті ойын туралы ғалымдардың ой-пікірлері
талданып, қорытыланады Қазіргі уақытта жалпы білім берудің мектепке
дейінгі саласы бойынша жасалынған өзгерістер болашақ мектеп

оқушыларының заманға сай жан-жақты дамуын қамтамасыз етудегі

басымдықтарға негізделеді. Осы орайда бұл мәселенің көкейкестілігін
тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5-ші қазанында
Қазақстан халқына жолдауында, мектепке дейінгі білім беру сапасын
жақсарту керектігіне жан-жақты тоқталып өткендігін білеміз. Аталмыш
жолдауда балалардың бойында ерте жастан бастап қалыптастыруға тиісті
дағдыларға: ойлау негіздері, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерге ерекше
көңіл бөлінініп, креативтілік, сыни ойлау, коммуникативтілік және
командада жұмыс істей білу сынды қажетті дағдыларды дамыту мәселесіне
тоқталған. Себебі қазіргі жаңа заман балалары коммуникациялық
технологияларды қарқынды меңгерген.
Мәселен кішкентай 5-6 айлық балалардың қолдарына ұялы телефон
немесе планшеттерді ұстата салатын болсаңыз, майда-майда саусақтарымен
бірден интернет желісі арқылы өзіне қажетті мәліметті, түрлі мультфильмдер
мен ойындарды алып көріп, отыра беретін жағдайға жеткен. Яғни бұл жаңа
заман балаларының қарқынды түрде жедел дамығандығын аңғартады. Демек,
ерте жас кезеңінен бастап баланы тәрбиелеу мен оқытуда 4К моделінің
ұсынылуы, жаңа заман адамына жан-жақты біліммен қаруландырып,
креативті түрде ойлай білетін, өз іс-әрекетіне сын тұрғысынан қарай алатын,
кез келген туындаған мәселеде жылдам шешім қабылдайтын, командада бір-
бірімен қарым-қатынас жасай отырып, ұжымда жұмыс жасай білудің негізгі
бағыт-бағдарларын қамтиды. Ал осы тұста мектепке дейінгі мекемелерде
қандай жұмыстар жасалып жатыр деген сұрақ туындайды.
Жалпы бұл салада айта кетер болсақ, 1-ден, мектепке дейінгі білім
берудің стандарты мен типтік оқу бағдарламалары жарық көріп жылда
жаңартылуда. Сондай-ақ жаңартылған білім беру мазмұны бойынша
мектепке дейінгі оқытудың жаңартылған мазмұны енгізілуде. Әрине бұл
жолда көп кемшіліктерде бар, алайда санмен қатар сапада өсіп келе жатқаны
бізге мәлім. Өйткені жаңа заман балаларына тек жаңа әдіс-тәсілмен
келтірілген мәліметтерді, яғни оларды қызықтаратындай мәліметтер,
инновацияларды енгізу, түрлі ойындардың түрлерін ендіру, оқытудың жаңа
технологиялары арқылы көрініс табуы қажет. Сондықтан да мектепке дейінгі
балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мәселесінің
өзектілігінің қоғамдық әлеуметтік тапсырысы — баланың әлеуметтік дамыған
тұлғасының қалыптасуымен анықталады деп тұжырымдаймыз. Ол баланың
болашақта білім алуға дайындығының құрамдас бөліктерінің бірі бола
отырып, оған мектеп бағдарламасын табысты меңгеру мүмкіндігін
қамтамасыздандырады.
Бұл мектепке дейінгі балалардың ойын арқылы коммуникативтік
дағдыларын қалыптастырудағы өзекті мәселесі. Дейтұрғанмен мектепке
дейінгі балаларды оқытуда диалог арқылы қарым-қатынас жасауға,
драматизация арқылы байланыстырып сөйлеуге баули отырып, сөйлеу
әрекетінің дағдысын қалыптастырып, сөйлеу икемділігін жетілдіруде тілдік
жаттығуларды тиімді қолданғанымыз жөн.
Сол себепті мұнда қарым-қатынас мынадай:

1-ден, сөйлесу.

2-ден, пікір алысу.
3-ден, түсіну.
4-ден, қабылдау.
5-ден мойындау сынды функциялар атқарады.
Осы тұста қысқаша «қарым-қатынас» ұғымына тоқталып өтуді жөн санадық.
Жалпы «қарымқатынас» ұғымның психологиялық аспектісіне: Андреева Г.,
Леоньтев А., Петровская Л.,
Намазбаева Ж. және т.б. зерттеушілер өз еңбектерін арнаған. Солардың бірі,
Г.Андреева [2] атамыш ұғым туралы өз көзқарасында оны адамдармен
байланыс орнатудың, қажетті ақпаратқа қол жеткізудің басты құралы ретінде
пікірін білдіріп, қарым-қатынастың адам баласы үшін қажеттілігін
түсіндіреді. Демек бiз адамдар арасында өмiр сүргендіктен, өз
қажеттілігімізге қарай, кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде
кез келген адаммен қарым-қатынасқа түсуге мәжбүрміз. Олай болса, баланың
өз бейнесі өмірлік тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады. Бала өмірге
келген күнінен бастап ересектермен, құрбы-құрдастарымен, және т.б. қарым-
қатынасқа түсе бастайды. Осының нәтижесінде адам болу қабілетін іске
асырады. Сондықтан да қарымқатынас — баланың психикалық дамуының
негізгі факторы бола отырып, өзін-өзі және басқаларды тану қажеттілігін
қанағаттандыру деп түсінеміз. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуына
ықпал ететін факторлардың бірі – тіл екенін естен шығармауымыз қажет.
Себебі тіл – адам баласының ойын, пікірін, сезімін жеткізуші құрал екені
анық. Осы тұрғысынан А.Байтұрсынов тілге қатысты өз пікірін бере отырып
оны, тек адамдарға тән құбылыс екендігін айтады. Ал Х.Досмұхамедов тілсіз
білім болмайтындығын түсіндірсе, Ә.Садуақасовта осы пікірге жақын өз
ойын білдірген. Ол білім алу — тілге байланысты деп, балалардың білімді
болуы сөз тыңдай білуінен, дұрыс сөйлей алуынан басталады деп өз ойын
топшылайды [3]. Жоғарыда аталған ғалымдардың ішінде Ә.Садуақасовтың
тілге қатысты тауып айтылған пікірі, біздің ойымызды аша түседі. Сол
себепті ғалымдар еңбектерінде қарастырылған тілге қатысты ой-пікірлер
бірін бірі толықтыра отырып, бірінің ойын бірі жоққа шығармайды,
керісінше сабақтай түсетіндігін аңғардық. Демек мектепке дейінгі баланың
сөздік қоры бірден байып, дамып кетпейтіндігін естен шығармағанымыз жөн.
Ал мақсатқа қол жеткізу үшін балаларды ерте жастан бастап, сөздік қорын
барынша молайтып, өзара байланыстырып сөйлеуге үйретіп, сауатты
сөйлеуге дағдыландыруымыз қажет. Сонда ғана балалардың ойлау
қабілеттері жоғары дәрежеде жетіліп, күнделікті сөздік қоры мол болса, онда
бала білімді сапалы, әрі тез меңгереді деп ойлаймыз.
Білім берудің сапасын арттыруда 4К моделі негізінде мектеп жасына
дейінгі балалардың ойөрісін, іс-қимылын жан-жақты дамыту ерте жастан
бастап балаларды сөйлеу әрекетіне баули отырып, тілді үйретуді күнделікті
өмірде жүзеге асырып, оны шағын адамдар тобынан құралған топпен жұмыс
істей білу қабілетін шыңдап, кез келген іс-әрекетте тез шешім ойлап тауып,

табылған шешімді қолдана білуде интеллектуалдық ойлауы мен ұшқыр
ойлылығын аша білуіміз керек. Біз мұнда балалардың коммуникативтілік
дағдыларын ойын арқылы дамытуға назар аудардық. Ойын – мектеп жасына
дейінгі балалардың танымдық әрекетін арттыратын жетеші ісәрекетінің бір
түрі. Мәселен бала өмірге келе саласымен кез келген іс-әрекетті танып-білуге
дайын қабілетпен туылмайтынды. Абай атамыз айтпақшы, бала есті болып
туылмайды. Ол көріп, ұстап, дәмін татып көріп қана өзін қоршаған ортамен
танысады. Сол үшін де балаға ерте жастан бастап
тәрбиелеу мен білім беруде, қарым-қатынасқа еркін түсуіне, кез келген
ойлауды қажет ететін тапсырмалады орындауда ойын әрекетінің
элементтерін қолданып, ойыннан оқуға өту арқылы коммуникативтілік
дағдыларын дамытуды көздедік. Жалпы мектепке дейінгі білім берудің
нәтижелігі — ойынның алуан түрлілігіне, оқу-тәрбие мақсатында үйлесімді
қолдануға тікелей байланысты екендігі дәлелденген. Осыған орай мектеп
жасына дейінгі балалар ойындарының мазмұны: заттық іс-әрекет; кез келген
адамдар арасындағы қарым-қатынас пен қоғамдық тәртіптің ережелерін
орындаудан тұратындығы анық.
Сөйлеу мәдениеті оның дұрыстығы, яғни әдеби тіл үшін дәстүр
бойынша қалыптасқан орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, емле
нормаларына сәйкестігі деп аталады. Жалпы сөйлеу мәдениеті деп мұндай
таңдау түсініледі, белгілі бір қарым-қатынас жағдайында қарым-қатынас
этикасының қазіргі тілдік нормаларын сақтай отырып, алға қойылған
міндеттерге қол жеткізуде үлкен нәтиже беруге мүмкіндік беретін тілдік
құралдарды ұйымдастыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу
мәдениеті – бұл баланың ересектермен және құрдастарымен сыйластыққа,
қайырымдылыққа негізделген қарым-қатынас нормалары мен ережелерін
орындауы. Бұл ретте тиісті сөздік қоры мен өтініштердің нысандары, сондай-
ақ қоғамдық орындарда, тұрмыста сыпайы мінез-құлық пайдаланылуға тиіс.
Сөйлеу қарым-қатынас мәдениеті, ең алдымен, сөйлеудің дұрыстығын,
яғни оның сөйлеушілері үлгі ретінде қабылдайтын әдеби тілдің нормаларын
сақтауды қамтиды. Тілдік норма-сөйлеу мәдениетінің орталық ұғымы, ал
сөйлеу мәдениетінің нормативтік аспектісі ең маңыздыларының бірі болып
саналады. «Сөйлеу мәдениеті» ұғымы тілдің жұмысының заңдылықтары мен
ерекшеліктерімен, сондай-ақ оның барлық алуан түрлілігіндегі сөйлеу
әрекетімен байланысты. Сөйлеу мәдениетіне ие болу дегеніміз-тілдің барлық
элементтерінің мағынасын түсіну және оларды әдеби сөйлеуде қалай қолдану
керектігін есте сақтау

REFERENCES

1. Andreeva N.A. Play activity as a means of forming speech etiquette skills in preschool
children // Preschool pedagogy and psychology. – 2017. — No. 1. – pp. 94-99.
2. Arnoldov A. I. Man and the world of culture. Introduction to cultural studies. – M.: Nakiots,
1992. – 240 p
3. Bodalev A.A. Personality and communication. — M.: International Pedagogical Academy,
1995. — 328 p.
4. Volkova I.A. Development of communication skills in children of middle preschool age
through play activities // Materials of the VIII International Student Scientific Conference
«Student Scientific Forum». 2016. URL:
https://scienceforum.ru/2016/article/2016023946
5. Galich T.N. Didactic game as a means of developing coherent speech in children of middle
preschool age in preschool education / T.N. Galich, I.E. Nurgatina, F.F. Fazlyeva. — Text:
direct, electronic // Young scientist. — 2019. — No 23 (261). — Pp. 340-341.
6. Gorshkova T. V. Development of communication and behavior culture skills through active
forms of educational process organization (from work experience) [Text] // Innovative
pedagogical technologies: materials of the VI International Scientific Conference (Kazan,
May 2017). — Kazan:
7. Gubanova, N. F. Play activity in kindergarten. For working with children 2-7 years old / N.
F. Gubanova. — M.: Mosaic-Synthesis, 2016. — 128 p.
8. Didenko I. V. The problem of communication among preschoolers [Text] // Aspects and
trends of pedagogical science: materials of the III International Scientific Conference (St.
Petersburg, December 2017). — St. Petersburg: Its publishing house, 2017. — pp. 39-42.
9. Dikareva N. S. Features of communication in childhood // Young scientist. — 2014. — No.
21. — pp. 631-632.
10. Preschool pedagogy with the basics of methods of education and training: for bachelors:
approved by the UMO as a study / A.G. Gogoberidze, O.V. Solntseva; edited by A.G.
Gogoberidze, O.V. Solntseva. – St. Petersburg: Peter, 2013. – 464 p.
11. Ezova S.A. On the operationalization of the concepts of «communication», «culture of
communication» and their library modifications // Bibliosphere. — 2008. — No. 1. — pp. 33-
37.
12. Zotova I.V., Tataurova A.S. The essence and characteristics of communication of children
of middle preschool age // – 2018. — No1. – Pp. 65-68.
13. Ilyaeva I.A. Culture of communication: The experience of philos.- methodol. analysis / I. A.
Ilyaeva. — Voronezh: Voronezh Publishing House. un-ta, 1989. — 167 p.
14. Ilyashenko M.V., Bakaeva O.N. Pedagogical support of the process of developing the
culture of speech communication in older preschool children in kindergarten and family //
Bulletin of the N.A. Nekrasov KSU. — 2016. — Volume 22. – pp. 35-39.
15. Kazankova Yu. Yu. Plot-role-playing game as a means of developing coherent speech of
children of middle preschool age // Young scientist. — 2016. — No. 27. — pp. 669-673.
16. Kosareva, D. A. The role of plot-role play in the formation of interpersonal relationships of
children of middle preschool age / D. A. Kosareva. — Text: direct, electronic // Young
scientist. — 2018. — No 18 (204). — Pp. 172-173.
17. Ksenofontova A. N. Speech activity, speech culture and speech culture. To the definition of
concepts // Proceedings of the Samara Scientific Center of the Russian Academy of
Sciences, Vol. 12. No 3(3). 2010. Pp. 633-637.
18. Kudykina N.V. Dictionary formation in a story-role-playing game. Autoref. dis… Candidate
of Pedagogical Sciences. Research Institute of Pedagogy of the Ukrainian SSR. — Kiev,
1980. – 21
19. S. Lisina M.I. Problems of ontogenesis of communication. – M.: Pedagogy, 1986. – 143 S.
Mamonko O.V. Formation of skills of culture of speech communication in preschool
children/ O.V. Mamonko// Materials of the III International Scientific Conference// ed. by
V.D. Starichenok. – Minsk: BSPU, 2011. – 302 p. – pp. 164-166.

20. Medzhidova E. S. Socio-communicative development of preschool children as a scientific

and pedagogical problem // Young scientist. — 2016. — No. 6. — pp. 799-803.
Развитие коммуникативных навыков дошкольников через игру
Н. А. Есжановна Т. А. Бериккановна
Казахский национальный женский педагогический университет
Казахстан, г. Алматы, еmail:aiaulymnurlan286@gmail.com
В этой статье мы рассматриваем игру как средство формирования
коммуникативных навыков дошкольников. Объясняются навыки,
необходимые для развития в дошкольном образовании. Основное внимание
уделяется необходимости развития у дошкольников навыков креативности,
критического мышления, коммуникативности и умения работать в команде.
Для развития речи ребенка подчеркивается необходимость
совершенствования речевой гибкости посредством общения,
демонстрируются функции, которые выполняет общение. Общение-это
основная человеческая ценность, определяющая деятельность общества и
конкретного человека. Качество общения, то есть культура общения,
является интегральной характеристикой личности. Культура общения
типична, стандартизирована, наследственна
Ключевые слова:
Коммуникация, культура речи, язык, навыки, критическое мышление, игра,
креативность.
Development of communication skills of preschoolers through the game
N.A. Eszhanovna T. A. Berikkanovna
Kazakh National Women’s Training University
Kazakhstan, Almaty, еmail:aiaulymnurlan286@gmail.com
In this article, we consider the game as a means of forming the communication
skills of preschoolers. The skills necessary for development in preschool education
are explained. The main attention is paid to the need for preschoolers to develop
the skills of creativity, critical thinking, communication skills and the ability to
work in a team. For the development of a child’s speech, the need to improve
speech flexibility through communication is emphasized, the functions that
communication performs are demonstrated. Communication is the main human
value that determines the activities of society and a particular person. The quality
of communication, that is, the culture of communication, is an integral
characteristic of a person. The culture of communication is typical, standardized,
hereditary
Key words:
Communication, speech culture, language, skills, critical thinking, play, creativity.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *