н дыбысы Баламен жеке сабақ

Тақырыбы: «Н» дыбысы. Жеке сабақ

Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, «н» дыбысының артикуляциясын үйрету, дыбысты дұрыс айтуға үйрету.

Керекті құралдар: заттық суреттер, сиқырлы шары бар үрлегіш, сергіту жаттығуы (бейнеролик),  қызыл далап.

Баламен сәлем десу.

І. Шаттық шеңбері.

Көңілденіп күленіп,

Бақытты боп жүремін.

Бәрін біліп алатын,

Мен ақылды баламын.

-Жарайсың!

Логопед: -Айта қойшы, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қандай ай?

-Аптаның қай күні?

-Бүгін нешесі?

-Қазір қандай сабақ болады?

  1. Жаңа сабақ:

-Есік қағылатын сияқты, бұл кім болды екен? Бүгін бізге қонаққа қоян келіпті. Қолында ыдысы бар. Қанекей, қарап жіберейікші,
ыдысында не бар екен?
— Нан бар.
— Нанды бәріміз білеміз бе? Ол не, ол дастарханға қалай келеді?
— Ол қасиетті тағам.
— Дұрыс.
— Нанның жасалу жолдарын түсіндіріп, нан (суреттер арқылы) сөзін бірнеше рет айтқызып, қандай дыбыс естілетінін баладан сұрап, айтқызу.
— Н, н, н.
— Н дыбысы қалай айтылып тұр?
— Н дыбысы қысқа, тез айтылып тұр.
— Олай болса бұл қандай дыбыс?
— Дауыссыз дыбыс.
— Қандай түспен белгілейміз?
— Көк түспен белгілейміз
— Дұрыс. Біз бүгін дыбысымен танысамыз.
— Мына суреттерге назар аударайық.
— Нан, айна, қоян т. б сөздер
— Ендеше н дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі екен.
Н н дыбысының артикуляциялық қалпымен таныс болайық. Айнамен жұмыс:
— «Н» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: ерін сәл ашылып, жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де, үстіңгі тістің үстіне тиеді,
— тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады. Тілдің төмен түсуінен «н» дыбысы жасалады.
— Н дыбысын айтқызу.

Тыныс алу жаттығуын орындайық.

  • Қоянның алып келген ыдысында тағы не бар екен, қарайықшы. Шары бар үрлегіш екен. Бұл сиқырлы үрлегішпен қалай жұмыс жасау керектігін білеміз. Тыныс алу жаттығуын орындаймыз.
  • Ол үшін мұрынмен терең тыныс алып, түтікшеге үреміз, сол кезде шарымыз жоғары көтерілуі керек. Қанекей, бірге орындайық.

Тіл ұстару жаттығулары:

-Тіл ұстарту жаттығуын орындайық. Менің айтқанымды мүдірмей қайтала.
На — на — на
Но — но – но
Ну — ну — ну
Ен — ен — ен
Ын — ын — ын
Он — он — он
Ан — ан – ан

 

Сергіту жаттығуы

-Балақай, аздап шаршаған шығарсың. Қазір біз сергіту жаттығуын орындап, бір сергіп алайық. Бізге көмекке компьютер керек. Бейнероликті қарап бірге орындаймыз.

Бала, бала балақан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай-былай ойнат.
Бір қадам алға басамыз,

Алақанмен соқ-соқ.

Бір қадам артұа басамыз,

Аяқпенен топ-топ!

-Жарайсың, балақай!

 

Дидактикалық ойын:

-Қоянымыздың ыдысында не бар екен. Қандай тапсырма алып келген екен, қарайық. «Н» дыбысын дұрыс айту мақсатында келесі дидактикалық тапсырманы орындап жіберейік.

-Берілген заттық суреттерге қарайық. «Н» дыбысына басталатын сөздерді бір қатарға, «н» дыбысы жоқ сөздерді бір қатарға орналастырайық.

-Жарайсың! Бұл тапсырманы да өте жақсы орындадың! Енді көзімізге арналған жаттығуымызға кезек келді. Ол үшін компьютеріміздің көмегіне жүгінеміз. Видеороликті қарап, басымызды қозғамай, көзімізбен жұмыс жасаймыз.

 

-Қоянымыздың тағы бір тапсырмасы бар екен. Келесі тапсырмамызда екі бөлікті суреттер берілген. Екінші жартысын тауып, құрастырып, шыққан суреттерді дұрыс айтайық.

 

ІІІ. Қорытынды.-Жарайсың! Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстың. Қоянымыздың барлық тапсырмаларын мұқият орындадың. Қоянымыздың ыдысының түбінде тағы бір зат тығылып қалыпты. Қанекей, өзің алып көрші, бұл не екен?

-Төсбелгі. Бүгінгі жетістігің үшін төсбелгі ала келген екен. Рахметсаған, қоян! Сау бол!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *