Мультфильм «Шырақ» ұлттық киноиндустриядағы бүгінгі жаңалық

Осыдан бір ай бұрын «ARA studios» жарыққа шығарған «Шырақ» мультфильмі көрермендердің жүрегін жаулап алып жатыр.Мультфильм отбасы құндылықтарына негізделген. Қазіргі таңда мультфильмнің қаралымы 900-мыңнан асқан. Айта өтетін жағдай, 2023 жылы мультфильм бүкіл әлем бойынша 80-нен астам кинофестивальдерге жіберілді.

Мультфильм шырақтың бастан кешкен оқиғасын баяндайды. Мультфильмде Шырақ бір үйдің шатырында тұрып жатады. Ол үйде әкесі, анасы және екі баласы өмір сүреді. Шырақ адамдардан қорқады.Сондықтан ол шатырға тығылып алып, сыртқа шықпайтын. Шырақтың достары сол бөлмедегі ойыншықтар болатын. Бір күні шатырға мысық кіріп, шырақтың сүйікті досын алып кетеді. Шырақ досын құтқару үшін шатырдан түсіп, адамдар жүрген бөлмеге баруға мәжбүр болады. Қорқынышын жеңіп, соның арқасында адамдар әлеміне тап болады. Шырақ сол үйдің әкесі жұмыс істеп, анасы үй-шаруасымен айналысып, оған қоса интернетке тәуелділіктерінен балаларына көңіл бөлмейтіндігін көреді. Осылайша шырақ неше түрлі жағдайды басынан өткеріп, сол отбасыға өз әсерін тигізеді.

Мультфильмді әрбір отбасы көруі қажет. Себебі отбасылық құндылықтарды дәріптеп адамға салар ойы өте көп. Сонымен қатар мультфильм анимациясы басқа қазақстандық мультфильмдерге қарағанда жақсы деңгейде жасалған.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *