Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі

Сауат ашу

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: №34 орта мектебі

Ғазизова Атлас Қамбарқызы

Сабақтың тақырыбы Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары Ү дыбысы мен әрпімен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру, үйрету. Балалардың сөйлеу мәнерін , сөздік қорларын байыту. Білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Математика, дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Ү дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

 

(7 минут)

Психологиялық ахуал

Мен мықтымын,

Мен күштімін.

Жүйрік болар қыранымын

Тәуелсіз елдің ұланымын.

Топқа бөлу.

Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

Өткенді пысықтау

«Гүл теру» ойыны

-Дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

— Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Жуан дауысты дыбыстарды ата?

-Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?

 

Шаттық шеңбері

 

 

 

 

 

 

 

 

гүлдер

 

 

 

Сабақтың ортасы

10    минут

 

 

-Жарайсыңдар, балалар!

«Мозайка» құрастыру

 

— Суреттерге қарайық. Ненің суреті шықты?

— Бұл суреттер қандай дыбыстан басталып айтылып тұр?

— Демек біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Мен және табиғат.Үү дыбысы мен әрпі» деп аталады.

  Ү ү әрпінің баспа, жазба түрін көрсету.

Ү дыбысын  хормен айтқызамын.

«Айна» әдісі дыбыстың айтылу артикуляциясы туралы айтылады.

-Ү дыбысы созылып, әндетіліп айтылады. Үдыбысын  айтқанда ерніміз алдыға қарай шығып сүйірленіп айтылады.

— Ү дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі. Сөздерді буынға бөлгізу.

Кү-рек, ү-кі, кү-шік, үш, күй-ші , үл-кен, үз, ү-лес.

Үш қандай сан?

-Өте жақсы. Енді әр топ алдындағы суреттің атауын буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.

Үлес деген – үлестіру, бүтіннің  бөлігі.

Сурет бойынша сөйлем құрау .

Алманы 4 бөлікке бөлу арқылы үлес сөзін түсіндіремін .

№1 Тыңдалым.

Қандай жақсы!

—          Өлең сіздерге ұнады ма?

—          Неліктен?

№2 Оқылым. Дауыстап оқуды ұйымдастыру.

Үн        үш      сүт     күшік       түлкі

Күн    күш      күт    күміс         күлкі

Тізбектетіп оқыту

 

 

 

 

Ауада , тақтада бас әрпімен, кіші әрпін жазып көрсетемін.

Дәптермен жұмыс.

Әр топқа тапсырма беру.

1-топқа суреттерден сөйлем құрау керек.

2- топ сөздерді буынға бөледі.

3- топ дыбыстық талдау жасайды.

4-топ сөздерді, буындарды оқыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таныстырылым,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

1 минут

Үй ішінде үтік бар

Үтіктейміз күнде біз.

Үлбіреген жібекті

Күйдірмейміз мүлде біз.

Сергіту сәтіне арналған жинақ
 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

7 минут

 

 

 

 

 

Қызықты тапсырма

8 минут

 

 

 

Дәптерімізге Үү әрпін жазу(элементтерін салу ).

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

Ү дыбысы бар суретті тауып атын атау , буынға бөлу , бір сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Үйрек , үкі, күшік , үйшік.

 

«Кім шапшаң сөйлем құрайды?» ойыны  (суреттерден тез арада сөйлем құраулары керек.)

-Сонымен балалар,біз бүгін қандай әріппен таныстық?

 

№3 Мультфильм не туралы? Шағын әңгіме құрастыр.

 

Мультфильмді қалай аяқтар едіңдер?

 

 

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут

 

Кері байланыс

 

 

 

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жетістік ағашы»

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?  

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

 

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

 

Өнер, ағылшын тілі, математика сабағы.

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *