«Менің сүйікті балабақшам»

Джарикбасова Мырзагуль Муратовна

Қатынас. Тіл дамыту
Міндеттері:  Балалар балабақша туралы сөйлесе алады, ойыншықтардың аттарын сингулярлы және көпше түрде айта алады (түсі, өлшемі, материалы, өндірісі бойынша); ұнайтын ойыншықты таңдай алады; сөйлеуді, сөздік қорын дамыта алады; зейінді тәрбиелей алады, эстетикалық талғамды кеңейтеді, ойын барысында әрекет етеді, ойыншықтарға мұқият, жанашырлықпен қарайды.
Әдіс тәсілі : ойын, сұрақ – жауап, жұмбақ.
Көрнекіліктер : Ойыншықтардың суреттері, машина, доп, бүктеме, қуыршақ, слайд.
Ұйымдастыру кезеңі
1. Шаттық  шеңбері.
2. Қонақтармен  амандасу.
3. Көтеріңкі көңіл күй.
4. Ертеңгілік жылы лебіздер
5. Өткен іс – әрекетті еске түсіру
6. Жаңа оқу іс – әректімен танысу
7. Жыл  мезгілдерін   сұрау.
8. Сурет бойынша жұмыс
9.  Сұрақ — жауап
10. Жұмбақтар
11. Дидактикалық ойын  « Жалғасын тап »
12. Р . Тышқанбаевтың « Қуыршақ  » өлеңін оқып беру
13. Ойын : « Ғажайып қорапша! »
14. Сергіту  жаттығуы  .
15. Мазмұнды – рольді ойын : « Ойыншықтар дүкені »
16. Шығармашылық жұмыс
17. Қорытынды
18. Қонақтармен қоштасу.

Балаларды  ұйымдастыру:
Тәрбиеші: Қайырлы таң балалар !

-Балалар , бүгін ерекше күн  .
-Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық

Үлкенгеде сіз,

Кішіге де сіз.
Үлкендерді  құрметтеп ,
Бас  иеміз  біз!
Тәрбиеші: Балалар, қане, бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы.
(Балалар шаттық шеңберге тұрады бәрі бірге қосылып айтады)
Шаттық шеңбері:
Біз ұқыпты баламыз ,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды  жинаймыз,
Үлкендерді    сыйлаймыз.

Тәрбиеші:Балалар өткен оқу іс- әрекетті еске түсірейікші.
Өткен оқу іс- әрекетте біз «Күзгі киімдер» тақырыбын өткенбіз.
Күзгі киімдерге тоқталып, балалардан сұрау.
Балалар бүгінгі жаңа оқу іс- әрекетіміз «Менің сүйікті балабақшам!» тақырыбын өтеміз.
-Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
-Дұрыс  айтасыңдар!
-Күз  мезгілінде неше ай бар?
Балалар: үш ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар!
Сұрақ  —  жауап:

-Сүйікті ойыншықтарың бар ма?
-Қандай ойыншықтарың бар?

-Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер ?
— Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Тәрбиеші: Балалар, мына үстел үстінде жатқан заттар не?
Балалар: Олар — ойыншықтар.
Тәрбиеші: Ойыншықтармен не істейді?
Балалар: Ойыншықтармен ойнайды.
Тәрбиеші: Балалар  қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар. Балалар мынау қандай ойыншық?
Балалар:доп.

Тәрбиеші: доптың пішіні, түсі қандай?
Балалар: жауап  береді.
Тәрбиеші: Доптың қимылы қандай?

-Қане бәріміз допша секірейікші?

-Кім доп туралы тақпақ біледі?

Балалар:  Топ –топ добым домалақ,
Қайда кеттің домалап?
Бір,екі деп екі ұрдым ,

Шатырға сен секірдің.
Тәрбиеші: Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?
Балалар: қуыршақпен.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Қуыршақпен.

-Балалар қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен. Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай?
-Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді?
-Ал, ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?
Балалар: машинамен ойнайды.
Тәрбиеші: Ал, машинаның түсі қандай?
-Кім машина туралы тақпақ біледі?
Балалар: Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
Тәрбиеші: Балалар ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
1.    Матадан жасалған.
2.    Пластмассадан.
3.    Резинадан жасалған ойыншықтар. Сипаттама беру.
ЖҰМБАҚТАР  ШЕШУ
1.    Аяғы бар,  жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.            (қуыршақ)
2.    Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды.            (доп)

Дидактикалық ойын: «Жалғасын тап».
Ойын шарты: Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалар аяқтайды.
-Менің ойыншығым  …………. /әдемі/.
-Мен қуыршақпен ……………./ ойнаймын/ .
-Допты жоғары ……………….. /лақтырдым/ .
Р . Тышқанбаевтың «Қуыршақ» өлеңін оқып беру.

Сөйлемейсің сен неге,

Тілің жоқ па, қуыршақ?
Жуынбайсың сен неге,
Кірің жоқ па, қуыршақ?
Аяғың бар, сен неге,
Жүре алмайсың, қуыршақ?
Жұмсағанда сен неге,
Тіл алмайсың, қуыршақ?
Біз күлгенде күлмейсің,
Аңқаусың ба, қуыршақ?
Бізбен бірге жүрмейсің,
Жалқаусың ба, қуыршақ?
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы – қырлы жерлермен,
Ытқып –ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Ойын: «Ғажайып қорапша».  (ішінде асық)
Ойын шарты: көздеріңді жұмып қоржыннан кез  -келген ойыншықты аласыңдар. Алған ойыншықтарыңның атын, түсін, қатты, жұмсақ екенін айтып, жақсы мейірімді тілек білдіресің. Мысалы: мен асықты алдым, асық ойыны ұлттық ойын, асықтың түсі – қызыл, қатты және асықпен қалай ойнау керек екенін көрсеттім.
Мазмұнды  —  рольді ойын: «Ойыншықтар дүкені».
Мақсаты: Сөйлемді толық құрауға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту. Мамандыққа баулу, яғни дүкенші болуға ынталандыру және сыпайы сөйлеуге үйрету.
Ойын шарты: 1- бала –сатушы, 2-бала – кассир, 3-бала –тексеріп, қарап алушы. Дүкенге барғанда тәртіп сақтауымыз керек. « Рахмет! », « қош келдіңіз!» деген сөздерді пайдалану (2 – 3 рет балалардың орындарын ауыстырып ойнату).
Шығармашылық  жұмыс.
Қорытындылау .
Күтілетін  нәтиже:
Біледі: ойыншықтардың түрлерін, түсін, пішінін біледі.
Игереді: толық сөйлем  құрайды.
Меңгереді: ойыншықтарға  жанашырлықпен қарап, достарымен бөлісіп ойнайды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *