Менің мамандығым –менеджер

Менің мамандығым –менеджер

 

Ш.Есенов атындағы КТИУ

«Менеджмент» кафедрасының

аға оқытушысы, менеджмент магистрі

Кирбасова Ләйлә Ғабитқызы

 

Қазіргі таңда мектеп бітіргеннен кейін түлектерге қажетті ең танымал мамандықтардың бірі – менеджмент. Әр ата-ана алдында «баламызды қандай мамандыққа беруімізге болады?» деген сұрақ туындайды.  Жалпы статистика бойынша 10 адамның тек 2-і ғана оқуға қайда бара жатқанын және қандай мамандық таңдайтындығын нақты айта алады.  Сондықтан мектеп бітірушілер мамандық таңдауда болашақта алатын табысты көздемей, алған білімдеріне сүйене отырып өздеріне ұнайтын мамандықты таңдағандары жөн.  Менеджер қандай қызметтерге, лауазымдарға, мамандықтарға ие бола алады? Бұл мамандық бойынша оқыту қаншалықты қиын? Аталған сұрақтарға әрі қарай жауап берелік.

«Менеджмент» мамандығы кез келген саладағы компанияларды және ұйымдарды басқару бойынша білім береді.

Ал менеджер – бұл басқалардың жұмысын ұйымдастыруға және бақылауға қабілетті маман. Бірақ оның қолданылу саласы және білімі әртүрлі болуы мүмкін: қаржы, туризм, спорт, көлік, өнер және тағы басқалар. Өндірісті ұйымдастыру, қаржылық жоспарлау саласындағы ілгерлі білім, психологиялық басқару аспектілері, компанияларды дамыту бойынша мәселелерді кешенді және кезекті шеше білу жемісті мансапқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Менеджердің мақсаты — компанияның тұрақты бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Сондықтан «Менеджмент» мамандығын таңдаған тұлға нағыз мықты, танымал мамандықты таңдады деуге болады.

«Менеджмент» мамандығы бойынша оқу қиын ба?

Әрине, әр мамандықтың өзіндік бейімділігі, ерекшелігі бар. Бұл мамандық гуманитарлық ойлау қабілеті мықты және сапалы аналитикалық қабілетке ие адамдарға жеңіл тиеді. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер үдерістерді, қызметтерді және адамдарды басқару бойынша маңызды дағдылар мен білімдерді игереді.

Менеджер өндірісте, компанияда, фирмада, мекемеде, ұйымда кім болып  жұмыс істей алады?

Осы мамандық бойынша көптеген  лауазымдарға баруға болады. Мысалы, сіз қаржы менеджері ретінде жұмыс істей аласыз. Бұл мамандық қаржымен жұмыс істеуге тікелей байланысты. Осы мамандықты игеріп, банкте, ақшамен жұмыс істеуді көздейтін қызметте жұмыс істеуге болады.

Менеджмент мамандығы спортпен белсенді айналысатындарға да болады. «Дене шынықтыру және спорт»  мамандығына  «дене шынықтыру және спорт менеджменті» атты пән оқытылады. Менеджмент пәні тек менеджерлерге ғана оқытылып қоймай, экономика, қаржы, мемлекеттік  және жергілікті басқару, есеп және аудит мамандықтарына да оқытылады. Сондықтан менеджмент мамандығы қазіргі таңда ауқымды, танымал мамандық.

Жоғары оқу орынын бітіргеннен кейін түлек кім болып жұмыс істей алады немесе қандай қызметке бара алады?

Түлек бірден жақсы жалақысы бар беделді, мықты қызметке бармайтындығын түсінуі керек. Өйткені нақты, шынайы өмірдегі мәселелер — бұл мүлдем басқа дүние. Жақсы лауазымға ие болып, жақсы қызметке отыру үшін кәсіби түрде тәжірибе жинақтау керек.

Егер Сіз өз ісіңізді ашқыңыз келсе, я мемлекеттік немесе жеке фирмаларда, корпорацияларда, кәсіпорындарда өз мансабыңызды көтергіңіз келсе, онда міндетті түрде менеджмент мамандығын таңдауыңыз керек. Жалпы қысқа нұсқа айта кететін болсам ұйымдардағы, фирмалардағы, компаниялардағы менеджер -басқару, ұйымдастыру, экономдау, жоспарлау, үйлестіру, ынталандыру функцияларын жетік меңгеруі керек. Сонда ғана өз мамандығының кәсіби иесі болады.

Сондықтан нақты мақсат қойып, нық қадам жасап, мамандық таңдаудан адаспай, жетістікке жету әр адамның өз қолында.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *