Мектепалды даярлық тобына арналған сабақ жоспары

Күні: 11.03.2021ж.

Білім беру саласы: Таным

Білім беру бөлімі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: 1 саны және цифры.

Мақсаты:

  1. 1 саны және цифрымен таныстыру; бір затты анықтай алуғаүйрету;заттардың белгілерін тауып, оларды сол белгілеріне қарай жіктеу қабілетін
    қалыптастырудыжалғастыру;
  2. Балалардың сөйлеу қабілеті мен зейінін, саусақтың усақ бұлшық еттерін дамыту;

3.Тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын.

Қолданылған көрнекі құралдар: үлестірмелі материал, дидактикалық материал, жұмыс дәптер.

Полингвалды компонент: фигура-фигура-figure, шаршы-квадрат-square, көлік-транспорт-transport.

Оқу іс

-әрекетінің

кезеңдері

 

Педагогтың іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті

 

 

Мотивациялық-

қозғаушы-лық

Балалардан өткен сабақта танысқан фигураларды еске түсіруді сұрайды. Соған сәйкес келетін заттарды табуды тапсырады (7-кесте). Жумысты «Жасырынбақ» ойыны түрінде

ұйымдастыруға болады. Содан кейін суреттерді талдауға шақырады:

—  Олар қандай фигуралардан құралған?

—  Бұл заттар қалай аталады? Оларға ортақ атау (көліктер) беругеболама?

Суреттердің өздері білетін қандай фигураларға ұқсай-тынын айтады.

 

 

 

Балалар ойынға қосылып, пішіні жағынан әртүрлі заттарды табуға кіріседі. Көлік түрлерін атап көрсетеді: пароход, паровоз немесе кеме, жүк машинасы. Суреттерді талдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдас-тырушы-лық-

ізденістік

 

Педагог топтағы заттарға ортақ атау беріп, оларды көлік деп атауға болатынын айтқан балаларды мадақтайды. Картиналарды мұқият қарап шығуды ұсынады (8-кесте).

—  картиналарда ненің суреті салынған?

—  Автобус нешеу? Трактор нешеуекен? Картинаданеше жүк көлігі бар?

—  Суреттегі заттарға қандай ортақ атау беруге болады? (Бұл – көлік)

—  Көліктің басқа қандайтүрлерін білесіңдер? (Мотоцикл, велосипед  т. б.)

—Мұнданеше автобус бар? (Біреу).

Трактор нешеу? (Біреу) және т.б.

Бүгін біз 1 санымен және цифрыментанысамыз. 1 туралыөлең оқып береді.

1-дің бейнесіне ұқсайтын суреттер

көрсетуге болады.

«1»-ге ұқсайтын бұл не?

Ол — кәдімгі ине.

Сабақтап жіп іл де,

Қада онымен түйме.

Дәптерлеріңді ашыңдар. 1-тапсырмада ненің суреті салынған? Жүк көлігі нешеу? Олқандайцифрмен белгіленген? Санға қараңдар. Олтуралытақпақтар тыңдаңдар (бір саны туралыбалаларбілетін 1-2 тақпақты айтады). — Дәптердегі жаңа шарттыбелгіні қараңдар және оны саусақпен сызып шығыңдар. Кәне, оң қолымыздағы (солақайлар сол қолын) сұқсаусағымызды дайындаймыз. Енді 1 цифрынын бойымен бірінші жоғары қарай, сосын төмен қарайсаусақпен сызамыз. Цифрлардың бәрін саусағымызбен сызыпшығайық. Ал енді қарындашымызды алып, цифрларды төменгі жағынан бастап сызамыз. Ізбе-ізділікті сақтаймыз. Қай жақтан бастап жазамыз?

Саусағымыздыжаттықтырамыз (№1 технологиялық картаны қараңыз). Содан соң 2-тапсырманы орындауға кірісеміз. 1 цифрын тауып, оны калаған түспен бояймыз.

Оларға көлік деген жалпы атау береді. Олардың әрқайсысы бір-бірден екенін анықтайды. 1 цифрымен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Дәптердегі 1 цифрын саусағымен алдымен жоғары қарай, сосын төмен қарай сызып шығады. Содан соң цифрларды қарындаш пен сызады.

 

 

 

 

 

 

 

Саусақтарды жаттықтырады. Әр бала өзі ұнататын түсті таңдап алады және бояйды.

 

 

 

 

 

 

 

Рефлек-сиялық-түзетуші-лік

Сабақты қорытады. «Біз қандай санмен және цифрмен таныстық?» «Ауаға 1 цифрын «жазып» көріңдер. Енді оң аяқтың, сол аяқтың ұшымен еденге жазамыз». Балаларды мадақтайды. Бүгінгі және бұрынғы сабақтарда өткенді тиянақтау үшін 3-тапсырманы береді.

— Алдымен тапсырманы шартты белгі бойынша «оқимыз». Тиісті фигураларды жапсырыңдар. Содан соң мынадай сұақтарға жауап береміз: «Қай фигура бір-бірден? Бір-бірден берілген фигуралардың түсіқандай?»

Әр баланы мадақтайды және устелдерініңүстін реттеулерін сұрайды.

Ауаға және еденге 1 цифрын «жазады». Бір-бірден тұрған фигуралардытабады. 3-тапсырманы орындайды

Сабақты қорытады және жұмыс орнын реттейді.

 

Күтілетін  нәтиже:

біледі: 1 саны мен цифрын;

игереді: 1 цифрын дұрыс жазуды;

меңгереді: бір-бірден тұрған заттарды тауып, 1 цифрын тануды.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *