Мектеп жасындағы балалармен ойын іс — әрекетін ұйымдастырудың ерекшелігі

Тәрбиеші:Тоқажанова Б.Е

Қоғамда  бала мен балалар ұжымының дамуында мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекетінің негізігі түрі – ойын орасан зор роль атқарады.

Философтар, тарихшылар, этнографтар, психологгтар, педагогтар

ойынның шығу тарихын, оның бала өміріндегі орнын, тәрбиелік міндеттерді

шешу үшін ойындарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді.

Балалар ойынының әлеуметтік сипатын, онда өмір құбылыстарыны

бейнелейтінін атап көрсете келіп, ол алдымен ойынды қоршаған болмыс

жөніндегі әсер мен ұғымды кеңейтудің құралы деп білді. «Мектеп жасына

дейінгі балалар үшін,-деп жазды ол, — ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар үшін – оқу, ойын олар үшін – еңбек, ойын олар үшін – тәрбиенің мықты  формасы» Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді.

Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан

шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп  түсінуінде жатыр.

Осыдан келіп ойын туралы мынадай тұжырым жасалады:

  1. a) ойын – тәрбие құралы, ақыл – ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады.

Өмірді танытып, сезімді кеңейтуге тәрбиелейді;ә) ерік және мінез қасиеттерін

бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді;

б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі;

в) эстетикалық тәрбие беру – өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады;

г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді;

ғ) дене күшінің жетілуіне көмектеседі;

Ойын – баланы жан – жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және

физиологиялық негіздері болып табылады

Ойынның негізігі ерекшелігі ол балалардың  қоршаған өмірді –    адамдардың қимылын,  іс – әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме теңіз де, метро станциясы да, темір жол вагоны да табында балалар болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.

Аса көрнекті режиссер әрі актер К.С. Станиславский «Актердің өзімен жұмыс істеуі » деген кітабында балалар ойынын сипаттай келіп, былай деді: бала ойынының  ерекшелігі – ол өз ойлағанының шынайылығы мен шындығына сенеді. Бала өзіне «солай болған екен» десе бітті, оның қиялы шарықтап жүре береді. Сонымен  бірге баланың тағы бір қасиеті байқалады: балалар өздерінің неге сене алатынын, нені елемеу керек екенін біледі. Ойынның мындай сипаты оны балалар іс-әрекетінің басқа барлық түрлерінен өзгеше етеді және белгілі бір мөлшерде өнермен, шындықты бейнелеп көрсетумен жақындастырады. Шын іс-әрекеттерді ойында қайталап жеткізу оны дәлме-дәл көшіру, айнадағыдай бейнелеу емес.  Балалар шын жағдайдың барлық нақты жақтарымен, уақытпен, әрекеттердің қатаң дәйектілігімен шектелмейді. Ойнап жүргенде ол бөлменің ішінде-ақ буырқанған теңіз ішінде жүзіп жүргеніне сенеді, шын қорқыныш пен қиындықты жеңгендегі қуаныш сезімін бастан кешеді. Ер жүрек космонавтар секілді айға ұшып, одан қайтып оралады. Нақ ертедегі секілді, оқиғалар «күн санап емес, сағат санап» өрістейді. Ойын баланың өз ынтасын туған белсенді шығармашылық сипаттағы және жоғары эмоционалдық толыққандылығымен ерекшеленетін еркін, өзіндік іс-әрекет. Ойынның мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде өзінің ерекшеліктері болады. Балалардың ойынында еркіндігі мен өзіндік жұмыс істей алуы баланың қалауымен болады. Бала ойынды тікелей ынталылықтан, сұраныстан бастайды. Ойын қанағаттанғандық сезімін алу үшін ойланады, ойынның мотиві – өзі үшін шындықтың маңызды жақтарын бастан өткізу (С.Л. Рубинштейн). Еркіндік және өз бетттілік ойынды, оның мазмұнын, рөлдерді, басқа балалармен бірлесуде еріктілікті, ойынға кіру және шығу еркіндігін таңдағанда көрінеді.

Ойын үшін іс-қимылын, әрекетін, ойынға қатысушылардың тәртібін өзі реттеу сипаты тән. Ойын белгілі бір талаптармен және ережелермен реттеледі. Әр ойында ереже әр түрлі (ойын амалының реті, тәртіп ережелері, өзара қарым-қатынас ережелері).

Ойын әрекетінің шығармашылық сипаты – ойын ынтамен, баланың рөлді, сюжетті, ойыншықтарды, қосымша заттарды таңдағандағы шығармашылығымен байланысты. Ойынды құрғанда, ойын кейіпкерлерін жасағанда баланың ойлауы мен қиялы белсенді жұмыс істейді.

Ойынның эмоционалдық тұрғыда қанықтылығы – бала ойында шынайы күйзеледі, ойнаған оқиғасын өз басынан кешіреді. Бала ойыннан ләззат алады, өз сезімін басқаларға береді, оларды әр түрлі рөлдерде көреді. Ойында теріс көңіл-күй де бастан өтеді – өкпе, қанағаттанбағандық, жеке жағымсыз күйзелістер, бұларды анықтау аса маңызды және олардан арылу керек. Бәрібір ойыннан жалпы әсер – оң болады.

Ойынның іс-әрекеттің жемісті түрлеріндегідей (сурет салу, еңбек, музыкалық) айқын материалдық нәтижесі болмайды. Ойынның құндылығы – жастарына қарай жан-жақты дамыту мүмкіншілігінде, диагностикалық, психотерапевтік, көңіл сергіту құралдары болуында.

Ойында балалардың арасында екі түрлі қарым-қатынас байқалады:

1)ойын мазмұнымен, ережесімен анықталатын ойын қарым-қатынасы;

2)ойын үстінде көрінетін нақты қарым-қатынас  (ойынға келісім жасау, рөлдерді бөліп беру, келіспеушіліктен шығу, ұстанатын ережені қою).

Педагогикалық теорияда ойынды үйретуге мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу құралы ретінде ерекше  назар аударылады. Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізігі түрі бола тұрып, ойын тәрбиелеу мен  дамытудың басты құралы болып табылады. Бірақ бұл ойынды ұйымдастыруға және басқаруға болатын педагогикалық процеске енгізген жағдайда ғана болады.

Білім беру бағдарламасы талаптарын басшылыққа ала отырып, педагог

бағдарламалық мазмұнды жоспарлайды, міндеттерін, амалдарын анықтайды, яғни ойынның өзіндік ерекшелігін және өзіндік сипатын бұзбай, оның барысын жобалайды.

С.А.Козлова мен Г.А.Куликованың пікірінше ойынға мынадай сипаттар тән

болуы тиіс:

1)мазмұнның тәрбиелік-танымдық құндылығы, бейнеленетін көрсетілімдердің толыққандылығы мен дұрыстығы;

2)қажеттілігі, белсенділігі, ұйымдастырылғандығы,   ойын амалдарының

шығармашылық сипаты;

3) жекелеген балалардың және барлық ойыншылардың мүдделерін ескере

отырып ережелерге бағыну және ойында оларды басшылыққа алу қабілеті;

4)ойыншықтарды, ойын амалдарын және материалдарды мақсатты пайдалану;

5)жылы қарым-қатынас және балалардың жағымды көңіл-күйі;

Ойында педагог бала тұлғаысының барлық жағына әсер етеді: оның санасына,

сезіміне, еркіне, тәртібіне; ойынды ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесі мақсатында пайдаланады.

Балабақшасында балалардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыруы  түрі ретінде ғылыми негіздеу А.П.Усованың еңбектерінде бар. Оның пікірінше ,  педагог бала өмірінің ортасында болуы керек, болып жатқан жағдайды түсінуі тиіс ойнап жүрген балалардың мүддесіне еніп, оны түзетіп отыруы қажет.

Педагогикалық процесте ойын ұйымдастырушылық функциясын орындау үшін педагогика ойын  арқылы оқыту мен тәрбиелеудің қандай міндеттеріннеғұрлым  тиімді етіп шешуге болатындығын жақсы түсінуі керек.  Барлық топқа қатысты міндеттерді және жеке балаға қатысты міндеттерді жоспарлаған жөн.  Ойынның ерекшеліктеріне қарай балалардың көмегімен шешілетін міндеттерді,балалардың ойын әрекетінің қалыптасқандық деңгейін педагог өзінің ойынғақаншылықты қатысы бар екендігін, әрбір нақты жағдайдағы жұмыс әдістерін анықтайды.  Орыс жазушысы Ю.Нагибинның сөзімен айтқанда: «Ойын балаларға өткенді тірілтіп, болашаққа көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Ойында кішкентай адамның мінезі, оның өмірге деген көзқарасы мен армандары айқындалады. Өздері де соны байқамастан, балалар, ойнап жүріп күрделі өмірлік проблемаларды шешуге дайындалады»

В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: Ойынсыз ақын – ойдың қаншалықты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жастықшақ өмірімен ұштастырып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады.

Мазмұнды – бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал – жабдықтарды табуға талпынады. Оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс — әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс — әрекетке бағдарлайды. Балалардың өзара қарым – қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады..
Мазмұнды ойынның ерекшелігі: оның балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Құрылыс ойында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның

бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс

материалдарын пішіні, түсі бойынша салыстырады. Ойын барысында

шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді.

Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.

Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.   Балабақшада балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті-рольді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқада болуы мүмкін. Сюжетті-рольді ойында да бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Педагог өткізілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәжірибелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рольді  ойындарына одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.

 

Ойын түрлері Ойын атаулары Мақсаты
Мазмұнды бейнелі ойын Отбасы, дәріхана, дүкенші Балаларлды  қарым-қатынасқа, әлеуметтік өмірге дайындау
Қимыл-қозғалыс ойыны Ормандағы аю, торғайлар Шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету
Дидактикалық ойындар Ойлан тап, кім жылдам  Логикалық ойларын дамыту
Құрылыс ойындары Лего конструкторлық Қолдың ұсақ моторикаларын дамыту
Спорттық ойындар Валейбол теннис Денсаулық сақтау, шапшаңдыққа жылдамдыққа
Драммалық ойындар Ертегі, өлең, рөлге кіру Өз рөлдеріне кіруге үйрету
Ұлттық ойындар Соқыр теке, төс қағу, ақсүйек Адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу

 

 

 

Жалпы мектеп жасына дейінгі  балалар ойын барысында өзін қоршаған айналасы жөніндегі білімі, түсінігі, нақтыланады, және тереңдейді.

Ойында қандайда бір рөлді орындау үшін бала өз түсінігін, ойын амалына

көшіру керек. Бірақ ойын балалардың бар білімімен түсінігін бекітіп қоймайды, үлкендердің жетекшлігімен жаңа білім алу процесіндегі белсенді таным іс әрекетінің өзіндік бір түрі болып табылады.Ойын іс — әрекетін ұйымдастырудың ерекшелігі негізінде ойынның бала өмірінде жағымды немесе жағымсыз әсерін есепке алған жөн, себебі  бала ойнаған ойынында өзінің ынтасымен ойнайды соның нәтижесінде бала сомдаған рөлінің жағымды жақтары көп болса,балаға оның әсері жақсы жағынан көрінеді, егерде бала ойнаған рөлінің жағымсыз әсерлері көп болса бала сол ойыннан кері әсер көп алады. Айтылған  себептерге байланысы тәрбиеші балаға берілетін рөлді алдын-ала саралап  алғаны жөн. Бала өмірінде ойынды ұйымдастыру өте маңызды орын алады. Әр  ұйымдастырылған ойында бала өзінің болашағында болатын мамандыққа деген  талпынысы жоғарылай бастайды. Тәрбиешілер осыған баса назар аударса  келешекете тәрбиелеп отырған тәрбиеленушілері ел үмітін ақтайтын азамат болып өсуі  мүмкін. Ойынды ұйымдастыру ерекшелігі туралы осы күнге дейін көптеген ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өз еңбектерін қалдырған. Атап айтсақ  Н.Құлжанова, Н.К.Крупская, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б. Эльконин т.б  ғалымдар. Олардың пайымдауынша ойында баланың шығармашылық қабілеті  дамиды, ой құрауда, рөлдер ойнағанда, қолдан қажетті ойыншықтарды, костюм  элементтерін жасағанда көрініс  табады. Ойын кезінде баланың сөзі, қол қимылы, бет әлпет қимылы күнделікті өмірдегіге қарағанда айқынырақ болады. Қазіргі заман талабында мектеп жасына дейінгі балаларда өзінің ішкі жан дүниесін танытып, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани потенциалын дамыту. Қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелер туралы нақты түсініктерін қалыптастыру. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі бастымәселе күнделікті бірлесе атқаратын ойын әрекеті барысында тұлғаны рухани адамгершілік тұрғысынан дамыту, яғни олардың талап-тілегімен санасу,жанашырлық сезімдерін дамыту. Балалар әлемі күрделі әрі ерекше, оған еніп, түсіну ең соңғы математикалық және социологиялық әдістерді меңгерген адамдар үшін де оңай емес. Балалар өз қатынастары мен ермектеріне кез-келген адамды кіргізбейді.Міне, ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан –ойға жетелейтін,адамның қиялына қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл –ой жетекшісі,денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1)Ахметов С. Қуыр-қуыр қуырмаш. – Алматы, 1993.

2)Сағындыков Е. Қазақтың ұлттық ойындары. -Алматы, 1991.

3)Толымбаев Г. Кел ойнайық.- Алматы,1990.

4)Аубакирова Ж. Ойынның бала психологиясына әсері //Ізденіс. 2000. №4-5, 203-208 б.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *