«Мектеп жасына жасына дейінгі балаларды ойын арқылы тәрбиелеу»

                                                                                                            Баймурзаева Роза Қалжанқызы 

                                                                                         Алматы облысы  Іле ауданы

                                «Күншуақ бөбекжай-балабақшасы»

                                                                   Ортаңғы «Жұлдыз» тобының ІІ санатты тәрбиешісі

                 Мектепке дейінгі тәриенің негізгі мақсаты- өскелең ұрпақты жан- жақты тәрбиелеу, психикалық және физиологиялық дамыту, сана – сезімін кеңейту, этика және эстетикалық тәрбие беру.

                Ойынды педагогтар мен психологтар ғана емес, барлық сала мамандары, тарихшылар, этнографтар мен ғұламалар, ойышлыдар да зерттеді. Мысалы: грек ойшылдары Героклит пен Платон ойынның филисофиялық жақтарын зерттеп, олардың көзқарастары  бір- бірін толықтыра түсті. ХҮІІ-ХХ  ғасырларда ойынды зерттеуде жаңа тұжырымдар пайда болды. К.Гросс «Ойын арқылы баланың келешек  дағдыларды қалыптастырады» — деп пайымдаса, Спенсер «ойын бала бойындағы энергияның тасуынан пайда болады»- деп тұжырымдады. Психолог С.Л.Рубенштейннің айтуы бойынша «Ойын арқылы адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, бала ересек өмірге қадам басады»- деді.  

                Заманымыздың көрнекті жазушысы М.Әуезов ұлттық ойындарға көңіл бөле отырып, ойын – тек көңілді көтеріп, қуантып қана қоймайды, өзіндік мағынасы бар деп тұжырымдады.

                Ойын – бала дамуындағы ерекше орын алатын тәрбиелеудің бір түрі. В.А.Сухамлинскидің айтуы бойынша: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес»- дегендей, тәрбиеші әр түрлі ойындарды ұйымдастыра отырып, балалардың жан- жақты дамуына, бір – біріне мейірімділік пен жанашырлыққа, қарапайымдылық пен достық сезімдерін оятуға зор ықпал етеді. Ойын – балалардың негізгі іс- әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Зейінін дамытуға арналған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез- құлқын, ерік- жігерін қалыптастырады. Ойын — адамың өмір танымының алғашқы қадамы. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортаны танып, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа әрекет етеді. Тәрбиеші сюжетті – рольдік, қимыл- қозғалысты, дидактикалық және логикалық шығармашылық, ұлттық ойын түрлерін пайдалана отырып, баланың ойын  әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. К.Д. Ушинскийдің айтуы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларлың жас ерекшеліктерін ескере отырып «Бала табиғатты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға құр сөзбен үйретіп уақыт кетіргенше, алдына сурет қою арқылы түсіндірсеңіз, бала оны  лезде қағып алады.» Балаларға ойынның шарты толық түсінікті болып, қажетті көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі, топтағы барлық бала толық қатысуы міндетті. Ойын арқылы балалар табиғатпен де байланыста болып, қоршаған ортаның өздеріне қарай әсер ететінін сезінеді.

                Сонымен, ойын адамзаттың дамуының, айналаны танып – білудің алғашқы баспалдағы болып саналады. Ерте балалық шақтан бастап табиғатпен достаса білу, ойын арқылы іске асады.

            Ойын арқылы баланың есте сақтау қабілетін арттыру, ойлау қабілетінің жақсы жұмыс істеуін, сондай- ақ белгілі бір әрекеттер жасау қажеттілігін салыстыруын, сипаттауын сұрақ- жауап беру арқылы қалыптастырады.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Меңжанова С.А. «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы. Мектеп 1982ж.
  2. Сатиева Ш. Даму психологиясы (оқу құралы)-Астана. 2012 бет.
  3. Кішібаева Д. «Ұлттық ойындардың пайдасы» 2004ж. 54-55 бет

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *