МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АКТ-ДЫ ҚОЛДАНУ

Өтеубекова Лаура

Баланың танымдық қабілеттерін белсендіретін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа, заманауи технологиялары мен әдістерін қолдану болып табылады. Заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану — балаланың танымдық қызығушылығын жан-жақты дамытады, шығармашылық қабілеттерінің ұшталуына сөзсіз ықпалынын тигізеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жаңа технологияларды қолдану арқылы мекепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, осы заманға сай білім деңгейін арттыру.

Қажетті сөздер: ҚМҰҚ, логикалық ойлау және есте сақтау қабілеті.

 

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа                                                                                                                технологиялар ғасыры болмақ, ал осы

жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз…

Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»
                                         Н.Ә.Назарбаев

Оқытудың жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Ұйымдастырылған оқу қызметінде жаңа технологияларды қолдану арқылы мекепке дейінгі балалардың есте сақтау, ойлау, шығармашылық, ауыз екі сөйлеу, өз ойларын толық жеткізе білу қабілеттерін дамыту, осы заманға сай білім деңгейін арттыру болып табылады[1].

Қазіргі уақытта білім берудің мейлінше өзекті міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар (АКТ) қазіргі заманғы балабақшаның білім беру кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік беретін мейлінше тиімді құралға айналып келеді[2].

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) – ақпаратты пайдаланушылар мүддесіне сай ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату, көрсету және қолдану мақсатында біріктірілген әдістер, өндірістік үдерістер мен бағдарламалық-техникалық амалдардың жиынтығы [3].

Ақпараттық технологиялар – бұл ақпаратты алу, түрлендіру, беру, сақтау және пайдалану әдістері мен амалдары [4].

Ақпараттық технологияларды олардың функционалдық тағайындалуы бойынша жіктеуге болады. А.В. Дворецкая АКТ-ға мыналарды жатқызуды ұсынады: презентациялар, үйретуші ойындар және дамытушы бағдарламалар, дидактикалық материалдар, тренажер-бағдарламалар, виртуалды тәжірибе жүйесі, электронды оқулықтар, электронды энциклопедиялар [5].

«Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар (АКТ)– жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе» деп айтуға болады. Осыған орай бүгінгі тәрбиешілердің алдында балаға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, ерік — жігерлерін, яғни өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр.

Білім беру кеңістігінде оқытудың мазмұнын өзгертуде баланың білім, білік дағдыларын, өсу динамикасын арнайы бағалау өлшемдерімен анықтау тиімді.  Түрлі педагогикалық технологияларды тиімді қолданудың нәтижесі ҰОҚ үрдісінің өсуі мен балалар құзіреттілігінің дамуына үлкен үлес тигізетіні анық.   Білім сапасы баланың әртүрлі іс-әрекеттерінде білім қолдану мен көп қырлы талдауды меңгеру нәтижесінде көрінеді[6].

Педагог үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту үдерісін ақпараттық технологияларды қолдану негізінде ұйымдастыру баланың оқу белсенділігін, оның коммуникативті, жеке бас, танымдық, реттеуші оқу әрекетін дамытуға мүмкіндік береді.

Тиімділігін айтсақ, интерактивтік ойындар жинағын қолдануда білім беру жүйесін артыруда тиімді. Шығармашылық және эмоцианалдық қолайлы жағдайды артыру, Баланың қызығушылығын оятып жаңашыл көркемделген білім беру[7].

Ақпараттық – коммуникативтік технологияны балабақшада қолдану – қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті мәселесі болып отыр. Компьютерлік технология біртіндеп мектепке дейінгі білім беру жүйесіне білім берудің аса тиімді тәсілі ретінде жәймен еніп келе жатыр. Бұл заманауи әдіс оқуға деген қызығушылықты арттырып, өз бетінше жұмыстануға тәрбиелеп, интеллектуалдық қызметін дамытады, қазіргі заманның рухында дамуға жол ашып, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің оқу – тәрбие жұмысын сапалы түрде жақсартуға мүмкіндік туғызып, оның тиімділігін арттырады. Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың өзектілігі ақпараттық қоғамның қарқындылығымен, мультимедиялық технологиялар, электрондық ақпараттық қорлардың кеңінен тарауы, оқытуда, қарым – қатынас жасауда және тәрбиелеуде желілік технологиялардың мәжбүрлі қолданылуында болып отыр. Осыған байланысты АКТ – ны мектепке дейінгі оқыту процесінің ажырамас бөлігі деп сеніммен айтуға болады. Бұл балалардың жаңа ұрпағына үйреншікті және қолжетімді болып қана қоймай, сонымен қатар қазіргі заман педагогтарына өте қолайлы. Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары[8]:

— Интерактивті тақта;

— Мультимедия;

— Интернет кеңістігі;

— Электронды оқулық

Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы төмендегідей мақсаттарға жетуге болады:

  1. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:

— ҰОҚ қызықты етіп өтікізу арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру;

— білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;

— оқыту процесінің сапасын арттыру;

— пәнаралық байланысты тереңдету;

— қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.

  1. Мектеп жасына дейінгі баланың заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау.

— коммуникативтік қабілеттерін дамыту;

— өз ойын ашық, көрген білгенін жеткізе білуге бағыттау;

-мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді көрсету, ҰОҚ байланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жаңа технологияларды қолдану арқылы мекепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, осы заманға сай білім деңгейін арттыру және қалыптастыру.

Осы ҚМҰҚ білім беруде қазіргі заман талабын сай инновациялық білім беру құралдарын қолдану өте дұрыс деп ойлаймын. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.

Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі ретінде – интерактивті тақтаны балабақшада кеңінен пайдалану оқу іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық.

ҚМҰҚ білім беру кезінде АКТ пайдалану педагогқа бірден біреше педагогикалық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді[9]:

  • фонематикалық есту қабілетін дамытады;
  • сөздік қорын дамытады;
  • қарапайым сөйлеу дағдыларын жетілдіреді;
  • баланың еркін ойлауына мүмкіндік береді;
  • ақыл — ойын дамытады;
  • шығармашылық белсендігін арттырады;
  • ұжымдық іс — әрекетке тәрбиелейді.

Оқу іс-әрекетінде АКТ-ны пайдалану екі түрлі мотивацияны дамытады: өзіндік мотивация, онда беріліп отырған материал өз бетінше қызық және әдемі де шынайы суреттер мектеп жасына дейінгі балаға өз жасына сай тілде үйренуге қол жеткізуге болады. Балаларға оқыту бағдарламасын қарап, түсіндіргеннен гөрі, ертегі, әңгіме немесе танымдық фильмдер көріп, тыңдаған әлдеқайда қызығырақ.

Ақпараттық технологиялардың бірі — интерактивтік тақта.  «Флип-шарт» бағдарламасы арқылы баланың өзіндік жұмыс жасауына толық мүмкіндік берілген. Мектеп жасында дейінгі баланың тақта алдында өзін ұстауы, қаламмен жұмыс жасай білу дағдысы жетіле түседі.

ҚМҰҚ ҰОҚ-де АКТ пайдалану арқылы баланың жаңа ойларын, әсерлі ойларын тартымды етіп көрсететіндігін сөзсіз. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда да маңызы зор болды. Бұл бала мен тәрбиешінің жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді, жаңа нысандарды жасауға және жылжытуға тиімділігіне жетеді. Әр педагог ҰОҚ өткізген кезде балаға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар теледидарды, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, баланың қызығушылығы арта түсері анық. Ақпараттық технологияларды педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу педагогтың шеберлігін арттыра тусуіне мүмкіндік береді.

Дидактиалық ойындар жиыны мен бағдарламаға сай жазылған дисктер жинағы баланың танымдық қызығушылығымен қатар эстетикалық талғамында оятады. Танымдық қабілеттерін дамытуда мәліметтерді оңай әрі қызықты қылып өткізуге көмектеседі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *