Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуінде қолданылатын әдіс тәсілдер.

Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуінде қолданылатын әдіс тәсілдер.
Аружан С.Т, Мөлдір С.А. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,
Қазақстан, Алматы қ, email: aruzhanslambec@mail.ru, moldir1303@mail.ru.
Бұл мақалада мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуінде қолданылатын әдіс-тәсілдер жайлы сөз өргітпекпін.
Байланыстырып сөйлеу тілі – өз алдына жалпы сөйлеу тілінің күрделі түрі болып табылады. Байланыстырып сөйлеу – тек қана сөйлемдердің тізбегі емес, ол сөйлемдердің бір – бірімен тиянақты, белгілі бір ретпен, кезектілікпен, мазмұны жинақы құрастырылған сөйлемдердің жүйесі. Бірақ, өз ана тілін білген адам, тек сөйлеп қана қоймайды, ол өз ойын байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізе біледі.
Балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін, ересек адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасауға, заттық және әр түрлі ойын әрекеттерінде, ойлау әрекетінің көрнекі-заттық түріне, естуіне, көруіне, иіс сезуіне, қоршаған ортаны бағдарлауына үлкен назар аудару қажет. Осымен бірге ересек адамның сөйлеу тілі баланың фонематикалық есту қабілетінің, белсенді сөз қорының, сөздің мағынасын түсінуінің дамуына өз үлесін қосады.
Түйін сөздер: тіл дамыту, байланыстырып сөйлеу, әдіс-тәсілдер, сөздік қор.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде мынадай мәселеге баса назар аударылады:әңгіме құрастыруда өз ойын жүйесін анық,түснікті жеткізе білуге үйретіледі; логикалық тапсырмаларды орындағанда баланың байланысып сөйлесуіне баса назар аудару қажет;оқылған шығарманың мазмұнын өз түсінігі бойынша ауызша баяндай білуге төселдіру керек.
Байланысып сөйлеуді дамытуда сөздік жұмыс ,сөйлем әңгіме құрастыру жұмысы жүргізіледі .Байланысып сөйлеу мәдениеті арнайы жоспарлаған сабақтарда ,сабақтан тыс ойын сәттерінде ,шығармаларды сахналауға ертеңгіліктерді өткізуде дамытылады.Тәрбиеші атқан ертеңгісі зейін қоя тыңдап , мазмұнын ауызша қайталап айтуда, әңгімелеп беруде ,грамматикалық тұлғада дұрыс байланысып сөйлеуге үйретіледі.
Тіл дамыту сабақтаң қызықты, әсерлі тірде ұйымдастырылуы баланың белсенді сөйлеуін қамтамасыз етеді,яғни балаға сөйлеу қажеттігін тудырады.

Тәрбиеші-педагогтар,ата-аналар баланың кез-келген уақытта берген жауыбының толық,дауысының анық ,ашық, мәнерлі болуын талап етуі керек.Күнделікті іс-әрекет сабақ,ойын ,серуен ,бос уақытта баланы ауызша сөйлеу білуге ,сұраққа толық жауып беруге ,сөйлемді дұрыс қарап айтуға өз ойын жүйелі жеткізуге, шығармашылығын әңгіме құрауға үйрету үшін жүргізілетін жұмыстар. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға негіз болады. Мысалы: берілген суреттер бойынша әңгіме құрастыру, отбасында, жолдастарымен қарым- қатынасында,қоршаған ортадағы адамды тыңдай білу,оларға дұрыс жауап беруде диалогтық сөйлеуге үйретіледі.Оқыған шығармаларды әңгімелеуде,оны өмірде көргендерімен салыстыруда монологтық сөйлеуге үйренеді.
Байланыстырып сөйлеудің екі типі диалог пен монолог.Баланың оларды үйренудегі ерекшеліктері.
Диалог- екі не одан да көп адамның әңгімесі;Әңгіменің мақсаты,әдетте бір нәрсе жайында сұрап,оқыған жауап беруге,белгілі бір әрекетке түрткі болуға шақыру.
Монолог-бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі.Монологтың мақсаты-белгілі бір факт жөнінде баяндау.
Диалог стилі жағынан негізінен ауызекі сөйлеу тіліне тән.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістері. 1.Әңгімелесу, әңгімелету, әңгіме құрату. 2.Оқылған шығарма түрін әңгімелету. 3.Сурет,картиналар көрсетіп, әңгіме құрату. 4.Ойыншықтарды сипаттатып әңгімелету. 5.Өз тәжірибесі бойынша әңгіме құрату.
Әңгімелесу әдісі диалог түрде сөйлеуге үйрету мақсатын көздейді. Әңгімелесу баланың зейінін түгелдей қажетті объектіге аударып,оны өз ойын, көреген түйгенін жүйемен, рет-ретімен айтып беруге дағдыландырады.Әңгімелесу сабағы программа мазмұнын меңгерткге, баланың алған білімінің тиянақты, саналы болуына диалог түрінде сөйлеуге

жаттықтырып,сұраққа толық сөйлем құрап жауап беруге негіз қалайды. Әңгімелесу сабақтарының тақырыбы,программа мазмұнына сәйкес белгіленеді.
Әңгімелету әдісі баланы монолог түрінде сөйлеуге үйретуді көздейді. Әңгімелету программада көрсетілген тақырыптарға сәйкес,барлық сабақта жүргізіледі.
Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелету.Мұндай сабақтарда алға қоятын мақсат-балалардың байланыстыры сөйлеу дағдыларын жетілдіру,оқылған шығарма мазмұнындұрыс түсініп,грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып жүйелі әңгімелеп беруге үйрету.Әңгімесін айтуға төселдіру әдістері баланың білімімен сөйлеу дағдыларына,оқылған шығарма мазмұнына,сабақтың мақсатына сәйкес белгіленеді.Әңгімелеп айтуға үйретуде мына мәселелер ескеріледі. Мысалы: жаз, күз туралы салыстыра сұрап әңгімлесу.
Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудың тиімді құралы ретінде моделдеу — көрнекілігін қолдансақ, онда қазіргі кезеңге лайықты мектепке дейінгі баланың байланыстырып сөйлеуінің барлық түрін қалыптастырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге болады.Себебі, көрнекі материалды балалар жақсы игереді, үлгілеуді орындау, байланыстырып сөйлеу сабақтарындағы мнемотаблицалар балалардың көріп тану ақпаратын тиімді қабылдауға, есте сақтап, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.
Модельдеу-тақырыпты жақсы игереді, есте сақтауды арттырады, тілдік коммуникативтік құзыреттілігі қалыптастырылады. Сөздік қорын байытады
Байланыстыра сөйлеудің мынадай стильдері болады:
1.Толық стиль көпшілікке арналған стиль немесе оны кітаби стиль деп
атайды.-лекция оқығанда,жиналыста сөйлегенде,радио және телевидениеде сондай-ақ сабақта.Толық стильді сөзге анық дикция болуы керек,орташа қарқын,дауыстың күші,үйдің көлемі мен дауыс тембрімен сәйкес келеді.
2. Толық емес стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста пайдаланады. Мұнда сөздің дыбыстардың артикуляциясы және шапшаң сөйлеу немесе ұлықсат етіледі. Сөйлеу мәдениетін жеткілікті меңгерген әрбір адам жағдайға сай ешбір дайындықсыз екі стильді де пайдалана алады. Арнайы дайындалған сөз шешендік өнер немесе көркем оқу деп аталады.
Әңгімелеуге үйрету (монологтік тіл). Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет- ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттап, хабарлы сөйлем түрінде жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.
Сөйлеу мәдениетіне үйрету. Таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге, өнер көрсетуге үйрету (мерекелерде, өзге топ балаларының және ата- аналардың алдында).

Сөйлеу тілінің қалыптасуы (диалогтік).Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін дамыту. Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.
Шығармашылықпен әңгімелеу.Тәрбиешінің ұсынған «Күз», «Менің досым» тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу іскерліктерін үйрету.
Моделдеу — көрнекілігінің құралын байланыстыра монологтық пікірін білдіреуге үйрету жұмысының барлық түрінде қолдануға болады:
— қайтадан әңгімелеу;
— ойыншықтар, сурет бойынша, заттар туралы, сурет сериялары бойынша көркемдеп әңгәмелеу;
— заттар туралы жұмбақтар құрастыру;
— тақпақтар жаттау.
Балаларға әдістерді құру және қолдану үдерісі үлгілердің түріне және жас ерекшелігі мен балалардың өз қабілетіне қарай біртіндеп жүзеге асады. Тәрбиеші алдын-ала дайындап қойған үлгілеу техникасына үйрете отырып балаларды оларға таныс емес жаңа үлгі формамен таныстырады. Кейбір кездері, керісінше, бала мен тәрбиешінің бірігіп құрған үлгісі оны дұрыс игеруге себепкер болады.
Осыған орай үлгінің әртүрлі формалары қолданылды:
— стильденген, заттардың жиектелген кескіні;
— зат пен құбылысты кескіндейтін рәміздер;
— сызықтар, бағыттар, геометриялық фигуралар;
— динамикалық және тірек сызбалар, нұсқама сызбалар;
— мнемотаблицалар.
Қорыта келгенде, сөз — тәрбиешінің еңбек құралы. Баланың ой–өрісін кеңейту, ақыл–ойын дамыту, мінез–құлқын, еркін тәрбиелеудің бірі — тәрбиешінің сөзі арқылы іске асады. Өзімізді қоршаған өмір тіршілігімен бөбектерді таныстырып, білім беруде баланың нені қай дәрежеде ұққанын, нені есіне сақтағанын байқау, жалпы құралмен: ойыншықпен түрлі затпен, оқу құралымен, суретпен көрсетіп балаға үйретуде тәрбиешінің әбден төселген, сөйлеу дағдысы, сөйлеу мәнерінің қалыптасқан үлгісі болады. Сөйлеу мәнерінің қалыптасқан үлгісі — тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін дәл орнымен қолдану деген сөз.
Мектеп жасына дейінгі бала тілді үлкендерден үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры, сөйлеу мәнері, сөз сарыны соларға еліктеу арқылы қалыптасады. Сондықтан тәрбиешінің сөздік қоры бай, тілі

орамды, стилі жатық, дыбыстау мәдениеті өрісті де өрелі болғаны абзал. Қызықты әңгіме, ертегі, өлең, тақпақтарды мақамдап айту — халық шығармашылы-ғын ұрпақтан–ұрпаққа жеткізудің дәстүрлі тәсілі болып келді.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Б.Баймұратова “Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету” Алматы “Мектеп” 1981ж
2.Л.И.Феодоренко «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі»
Алматы “Мектеп” 1981ж
3.М. Балтабаев, Б. Өтемұратова
“Елім-ай”
4.А. Асқарбаева, Қ. Аймағанбетова
“Айналамен таныстыру”
5.Б. Баймұратова “Біздің кітап”
“Алматы кітап” “Балбөбек” баспаханасы 6.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты.
Негізгі ережелер 2009 ж.
7.Ә.Әмірова “Тіл дамыту әдістемесі”
8. Метербаева К. Исскакова А. “Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту”.
The method used in the connecting speech of preschool children is techniques.
Aruzhan S. T., Moldir S. A.
Kazakh National Women’s teacher training University,
Kazakhstan, Almaty, email: aruzhanslambec@mail.ru, moldir1303@mail.ru.
In this article, I will talk about the methods and techniques used in the communicative speech of preschool children.
Communication is a complex form of General speech. Connecting speech is not just a sequence of sentences, it is a system of sentences in which sentences are carefully combined with each other, in a certain order, sequence, the content of which is compactly constructed. But a person who knows his native
бағдарламасы.

language, not only speaks, he is able to express his thoughts through a connected spoken language.
For the formation of children’s speech, it is necessary to pay great attention to emotional communication with adults, material and various game activities, visual-material type of thinking activity, hearing, vision, smell, environmental orientation. Together with this, the spoken language of an adult contributes to the development of the child’s phonemic hearing, active word stock, understanding of the meaning of a word.
Keywords: language development, communication, methods, vocabulary.
Метод, используемый в связной речи дошкольников, — это техники.
Аружан С. Т., Молдир С. А.
Казахский национальный женский педагогический университет, Казахстан, Алматы, электронная почта: aruzhanslambec@mail.ru, moldir1303@mail.ru.
В этой статье я расскажу о методах и приемах, используемых в коммуникативной речи детей дошкольного возраста.
Общение — это сложная форма общей речи. Связующая речь — это не просто последовательность предложений, это система предложений, в которой предложения тщательно сочетаются друг с другом, в определенном порядке, последовательности, содержание которой компактно построено. Но человек, знающий свой родной язык, не только говорит, он способен выражать свои мысли с помощью связного разговорного языка.
Для формирования речи детей необходимо уделять большое внимание эмоциональному общению со взрослыми, материальной и разнообразной игровой деятельности, наглядно-материальному типу мыслительной деятельности, слуху, зрению, обонянию, ориентировке на окружающую среду. Вместе с этим разговорная речь взрослого способствует развитию фонематического слуха ребенка, активного словарного запаса, пониманию значения слова.
Ключевые слова: развитие речи, общение, методы, словарный запас.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *