Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту.

Бабажанова Мөлдір Балтабайқызы,

Мектепалды даярлық сыныбы

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ

«А.С. Макаренко атындағы №6 орта мектебі , мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

Мектепалды даярлық – бұл  ең алдымен бүлдіршіндердің  үлкен өмірге басатын  алғашқы  қадамы, бірінші  баспалдағы  десе  болады. Өйткені  бала  балабақшадағы  алаңсыз сәби шағымен қоштасып, жауапкершілік  сезімін  қалыптастыра  бастайды. Даярлық сыныбындағы оқу-тәрбие ісінің маңызды мәселелерінің бірі  балалардың  өмірін қорғау және денсаулығына  қамқорлық жасау  болып есептеледі. Мектепалды даярлықтың негізгі міндеті- балалардың мектепте оқуға ынтасын және оған эмоционалдық дайындығын қалыптастыру. Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасы баланың мектепте білім алу даярлығын қамти отырып, баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді,  5-6  жастағы балалар мектепте оқуға қызығушылық таныта бастайды, ересектермен қарым-қатынас, мұғаліммен кездесулер, оқушылармен бірлескен іс-әрекеттер, мектепке бару, мектеп тақырыбына мазмұнды-рөлдік ойындар ойнау арқылы дамиды.Балаларда өздерін  қоршаған ортаға деген қызығушылық сезім қалыптасадыӨз ойларын  ашықеркін білдіруге үйренеді.

     Тәрбиелеу – білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі негізгі қағидаларды назарда ұстау ұсыныладыойын арқылы оқытубілім беру салаларын біріктіру арқылы тәрбиелеуоқытудамытусауат ашу,  тіл дамыту сабақтарында жаңа технология элементтерін көптеп пайдалануБаланың дұрыс сөйлеуін және ана тілінде қарымқатынас мәдениетін дамытуана тілінің  дыбыстарын  таныпдұрыс айтуды үйретуоқуды меңгерту – басты мақсатымАдамгершілік құндылық бағдарынмінезқұлық нормасынтәртіптік ережесін халықтық салт— дәстүр үлгісінде қалыптастыру бүгінгі күннің талабыБала мектепке келгеннен кейін оқу оның негізгі ісәрекетіне айналадыМектепте бала белгілі бір мерзім ішінде қабілеттілік пен икемділіктің белгілі мөлшерін меңгеріп және оларды талдауды үйренедіЖалпы білім беретін мектептердің алғашқы сыныбына келген балалар  оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарды басынан өткереді. 5 – 6 жасар баланың мектепке баруы оның  өмірінде ерекше оқиға болып табыладыМектепке дейінгі кезеңнен мектеп жасына өтуі баланың ісәрекетіндебасқа адамдармен қарымқатынасында ерекше өзгерістермен байланыстыМектеп жасындағы баланың ең негізгі іс-әрекеті оқу болғандықтан, баланың өмір тіршілігі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады, баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы жаңаша қалыптасады. Баланың мектепке бейімделуі бірден болмайды. Бейімделу ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Даярлық сыныпта бала ең алдымен айналасындағы басқа балалармен қарым-қатынас жасауды, әдептіліктің алғашқы ережелерін үйренеді. Адамгершілік құндылықтарды түсіне бастайды, өз-өзіне қызмет жасауды  меңгереді. Партада отыруберілген тапсырмаларды мұқият орындауөз ісәрекетіне жауапкершілік дағдылары дамидыӘріптерді таныпбуындап оқуды меңгередіБалалар бірінші сыныпта жақсы оқып кетуі үшінмектепалды даярлық сыныптың орны ерекшеСондықтан мектепалды даярлық сыныптарының жұмыс жасауы қажет деп есептеймін. Жыл бойы өткізілетін мерекелік ертеңгіліктер әр баланың өнерін көрсетіп, жұлдызын жағады, баланың бойында эстетикалық сезімдері, шығармашылық қабілеттері дамиды.

     Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда баланың өмірі мен дамуына ықпал ететін барлық факторларды ескеру қажет. Демек, баламен жұмысты ата-аналарымен, қоршаған ортамен өзара ынтымақтастықта құру аса маңызды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *