Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жолдары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың саласында жаңа бағдарлама енгізілуде. Жаңа өзгерістер еніп жатыр соның  дәлелі қазіргі таңда біз өткен жаңа курстар.Біліктілікті арттыру курстарында мен біздің алдымызда үлкен міндет тұрғанын түсіндім олар тиімді оқыту және тәрбиелеу болып табылады

Жаңартылған  бағдарламаның  түйінді идеясы  4К моделі, саралап оқыту, бала үні және де көптеген заманауи әдіс-тәсілдер және Смарт-мақсат қоя білу.Іс жүзінде, ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін жоспарлау кезінде мен бағдарламаның негізгі идеяларын ескердім:Смарт-мақсат қойдым, саралап оқытуды ескере отырып, 4К моделін, бала үнін қолдана отырып балалардың сыни ойлау қабілетін, комуникативтік, креативтік, қызығушылықтарын дамытуды көздейтін әдіс-тәсілдерді қолдандым. Қазіргі заманымызға сай балаларды ерте жастан әлеуметтендіруіміз қажет.Сондықтан осы әдіс-тәсілдер балалардың көңіл күйін көтере отырып, еркін сөйлеуіне, өз пікірін айтуына және сыни тұрғыда ойлауға , командамен жұмыс істеуге, бір-біріне деген сый құрметін оятуға ықпалын тигізеді.

Әрине бұл өзгерістер мемлекеттік стандарт, үлгілік бағдарлама, үлгілік жоспар, әдістемелік ұсынымдарға енгізіліп барып қолданылады. 21 ғасырдың оқыту стандартына сай келу үшін, креативті, коммуникативтік дамуға ,құзыреттілігі жоғары бала тәрбиелеу үшін енгізілген өзгерістер болып табылады. Технология қарқынды дамып жатқан қазіргі біздің заманда, педагог заман талабына сай сөзсіз техникалық құралдарды меңгере білуі керек.

Мақсатқа  жету үшін мен ҰОІӘ 4к моделін, бала үнін,саралап оқыту жаңа әдіс-тәсілдер  түрлерін қолдандым.

Оқу қызметінде және серуендерде 3ойын түрін   қолдана отырып балаларды әрмен қарай жан-жақты дамытудың  ұтымды әдісін қолдандым өйткені бала ойын арқылы дамиды. Оқыту әдістері танымдық, қызығушылық туғызып, баланың ақыл-ойын ,еркін ойлау қабілеттерің дамытуға,сыни ойлауға,комуникативтик дамуға ізденуге, командамен жұмыс істеуге жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Ақыл-ой  тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.

Қазіргі оқытуда саралап оқыту стратегиясы, 4К моделі, Блум Таксаномисы қолданылады. ҰОІӘ Смарт-максат арқылы жоспарланады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай жаңа педагогикалық технологиялардың түрлі жаңартылған әдістер мен тәсілдер пайданылады.Курстан алған теориялық білімімді іс-тәжірибемде қолдана отырып, оның өзіме және балаларға тиімділігін, ұтымдылығы және нақты нәтижелілігіне талдау жасап жоспарлап отырмын.

Жоспарлар жаңа үлгіге салынып, жаңа жоспар, циклограмма жасалынатын болады. Сөйтіп жаңа жұмыс түрлері күнделікті енгізіледі. Бұл өзгерістер білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес келеді деп ойлаймын.

 

 

 

 

Қостанай облысы

әкімдігі білім басқармасының

«Жітіқара  ауданы білім бөлімінің

Естай Есжанов атындағы

№ 9 жалпы білім беретін мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шағын орталық тәрбиешісі Бурамбаева Гульсара Сыдыковна

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *