«Мектебім- мейірім мекенім» сынып сағаты

Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
— мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
— өзара сыйластық қарым — қатынастарын дамыту;
— мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Біз бүгінгі тренингімізде адамның жақсы құндылықтарының бірі мейірімділік жайлы әңгімелесеміз. Адамдардың бір — біріне деген мейірімділігі — әдептілік белгісі.

Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс — тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат — шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады.

“Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкәрім)

Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж. Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген.

«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?
— Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.
— Адамзат ненің мейіріміне бөленген?
— Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:

Ойланайық, пікірлесейік

1. Мейірімділік деген не?
2. Сенің ойыңша мейірімді адам қандай болу керек?
3. Өздерің қандай мейірімді іс жасадыңдар?

Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімде болдыңдар?
Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

Адамдар бір — біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Суреттерге қарап жағдаяттарды шешу.
Нақыл сөздер
«Мейірімділік — жүректен» (Халық даналығы)
“Мейрімділікті анадан үйрен” ( Халық даналығы)

Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Табиғаттың қай жаратылысын алып қарамайық, бәрі де адамдарға мейірімін сыйлайды. Мәпелеп, аялап бар жақсылығын мейірімін бәріне бірдей көрсетеді. Адамдар да дәл солай жасауы тиіс. Сондықтан да халық даналары «Мейірімділікті анадан үйрен» деген.

Мақал — сөздің мәйегі

1. Ата — асқар тау Ана(бауырыңдағы бұлағың)
2. Ұлың өссе, Ұлы (үлгілімен ауылдас бол)
Қызың өссе (Қызы үлгілімен ауылдас бол.)
3 Бала жас шыбық сияқты -(қалай исең солай иіледі).
4. Бала жақсы болса -(қуаныш, жаман болса — қиналыс.)
5. Ерлі — зайыптылар тату болса -(үйге береке, араз болса — елге келеке)
6. Анасы қандай болса -(баласы сондай)
7. Әкеге қарап ұл (өсер, шешеге қарап қыз өсер)

“Мейірімділік” кестесі
Мейірімді істер
Мейірімді адамның қасиеттері
Шығармашылық жұмыс

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *