Мамандықтар әлеміне шолу

Мамандық таңдау әрбір тұлғаға жасөспірім шағынан таныс екені белгілі. Бұл жолды саралау, оны түсіну, ұғыну әркімнің ой-болмысын қалыпқа келтіре отыра, өмірінің маңызды көріністеріне жол ашады. Осы тұрғыда сіздерге өз таңдауымды ұсынайын.

Мен бала кезден журналистика саласына қызықтым. Бұл сала-қызығы мен қатар шыжығы тең, әрбір адам түсіне білмейтін, кез келгеніне таныс бола бермес ерекше мамандық түрі. Оны әрі қарай меңгеру екінің бірінің қолынан келмейді. Жұмыстың оңайы жоқ. Қазіргі таңда белгілі көптеген журналистерден үлгі ала отыра, оларды саралап, ойымды, бойымды оларға қарап түзеп мен шабыт аламын. Мысалы: Динара Сәтжан, Ләйлә Сұлтанқызы, Гүлназ Әлімгерей. Олардың болмысы, шынайылығы мен қатар өмірге деген талпынысы мені қанаттандырады. Сонымен қатар бұл журналистика саласы әрбір маманға әділдік пен қоғамға жанашырлықты үйретеді. Осы сала арқылы жетістікке жете отыра, осы саланың көмегімен бойыма күш бітіп, шабыттанамын. Бұл мамандық мені шыншыл болуға ұмтылдырады. Әр адам өз қабілетіне қарай мамандық таңдауы дұрыс. Сізде өзіңізге сай, өзіңіз сүйетін мамандық таңданыз! Бұл өмірмен тығыз байланысты. Соны ұмытпаған абзал.

Барша адам мамандық таңдауда қателеспеген жөн. Ойымызды, бойымызды шабыт пен мықтылыққа жетелеп, саған күш беретін мамандық ол сенің-таңдауың. Өзге емес, өзіңе сен! Мамандық таңдауда қателеспей, сүйікті жұмысыңызды адал қызметкері атаныңыз!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *