«Мамандығым -мақтанышым »

Мамандық көп. Бірақ, мамандықтың түрлі болғаны маңызды емес,қанша мамандық болса да,өзің жүрегіңмен ұнатқан мамандық нәтиже береді.

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» -Абай атамыз айтқандай , әр адамның жетістігінің артында ұстаздың бір тамшы еңбегі тұрғанын түсіну қиын емес. Себебі, сол жетістік иесін тәрбиелеген, оқытқан тұлға болып қалыптасуына үлес қосқан адам ол ұстаз. «Мұғалім мамандығы барлық мамандықтың анасы» деген сөз бар. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын адам жоқ. Ғылым иесі ғалым да, ер қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да,егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәрбие алған.

Мамандық таңдау жасөсіріп кездегі ең маңызды шешімдердің бірі, Ж Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес» дейді. Өз ісінің бүге -шегесін толық меңгерген кәсіби маман болу үшін,икем, қабілет және мінез қажет.Адамдар мамандықты жүрегінін қалауы бойынша таңдау керек. Өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты.

Мен бастауыш сынып мұғалімімін, мен шәкіттерімді өте жақсы көремін. Олардың жүректері таза, өте сұлу болып келеді.Сол бүлдіршіндерді тәрибелеу, жетілдіру, оқыту,білімге ұмтылдыру менің ізденісімнің нәтижесі.

«Орташа мұғалім баяндайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, тәжірибелі мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген қанатты сөзді үнемі есіме ұстаймын.Оқушыларды шабыттандыру менің негізгі ұстанымым.

Менің түйгенім, мұғалім – ол ең алдымен дамытушы,сондай -ақ  өзі де дамып отыратын, өзгені де дамытатын адам. «Әрбір бала- болашақ данышпан» деген қағидаға ой жүгіртсек, мұғалім атаулының шәкітттерін дарынды және дарынсыз деп жіктеуге қақысы жоқ. Балада «Туа біткен және келе-келе қалыптасқан» дарын болады. Мұғалім міндеті дарынды, шабытты бала бойында қалыптастыру мақсатында қажымай еңбек ету. Шабыттандыру -мұғалімге жүктелген міндет. Жаман оқитын, қабілетсіз, дарынсыз бала болмайды. Соны табу қызықтыру мұғалімнің міндеті. М.Жұмабаев :«Әр аламның сұлулық сезімдері әртүрлі нәрседен оянымпаз болады». Біреудің музыкадан, біреудің әдемі суреттен, біреудің поэзиядан, өнерден, әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын , біреуіне құмарланбайтын адам болмайды» -деген сөзіне сүйеніп бала қызығушылығын анықтап, бағыттау керек. Осы мақсатқа жету жолында мен «Сөз өнерін» таңдадым. Бұл бағытта оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ертегілерді сахналау, тақпақтар жаттау, мақал -мәтелдер жаттау, шығарма, эссе жазу,сөзжұмбақ құру, кітап оқу тағы басқа жұмыстары өз нәтижесін береді. Қай тақырып болмасын сайыс, жарыс, топпен жарыс түріндегі жұмыстар оқушылар белсенділігін арттырып дамуларына ықпал етеді.Бастауыш сынып мұғаліміне өте үлкен жауапкершілік міндеттелген. Сыныпта қанша оқушы болса, солардың барлығы бағдарламаны игеруге міндетті,сонда ғана мұғалім мақсатына жетеді. «Білім негізі -бастауышта» деген сөз бар. Бастауышта барлық пәннен негіз мықты қалануы тиіс.Себебі, білімнің негізі -бастауышта қаланады. Ол туралы Ахмет Байтұрсынов «Бастауыш мекепте үйренетін білім жұрттың бәріне керек тегіс білім.Адамға құлақ, қол, қандай керек болса, бастауыш мектептерде үйренетін білімде сондай  керек» деген. Осындай мектепте тарыдай болып кіретін, жүрегі таза ,сүйкімді бүлдіршіндерді тәрбиелеп,білім беріп жүргеніме қуанамын. Әр оқушының қылықтарынан , шығармашылықтарынан, өнерлерінен , білімдерінен күш -қуат алып,көңілін көтеріліп отырады. Олимпиадалардан орын алғанда, баламен бала болып қуанамыз. Мұғалім мамандығы менің мақтанышым.

Қорыта айтқанда әрбір оқытушы хакім  Абайдың «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға.» деген қасиетті қағидасын әрдайым жүрегінің  түкпірінде алса, өз мамандығының нағыз шебері болары хақ.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *