«Көмек», «Ұшқын» газеттерінің тарихи сипаты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Журналистика факультеті, 1-курс студенті

Тұрахан Нұрайым Нұрсерікқызы

Баспасөз тарихында «Көмек», «Ұшқын», «Бұқара», «Кедей еркі», «Тілші» басылым — дарының жарық көруі дәуір тынысына айналды десем қателеспеспін. Халқымыз үшін  тер төгіп, ерен еңбегімен  қызмет етіп келе жатқан , 90 жылдық тарихы бар басылымдардың бірі — Алматы облыстық Жетісу газеті. Осы тұста, Жетісу жерінің бүгінгі газеті — қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштарының бірі. Мәселен, осы өлкеде кейіннен бой көтерген көптеген газеттерге дем беруші де осы басылым болды. Сондықтан да тарихы бай, тағылымы зор тың дүние. Газет қазақ, өзбек, ұйғыр, татар, қырғыз тілдерінде аралас басылым ретінде 1918 жылы 21 маусымда Алматыда шыға бастады. Бұл осы өңірдегі тұңғыш қазақ газетінің (қазіргі – «Жетісу») редакторы болып Сабыржан Ғаббасов енгізілді. Бұрын «Айқап» журналында тілші болып, журналистік тәжірибе жинақтаған ол газет шығару ісіне көп көмек көрсетті.

Қазақ баспасөзінің қара нары — Жетісу газетінің ел тарихындағы орны ерекше.  Басылымдардың бастауы, жол сілтеуші дарабозы.

Осынау газеттің тарихына үңілсек, патшаның озбыр тырнақты боданында болып, темір тәртіптің құрығынан қашып құтылуға ілік таппай, большевиктер қозғалысының белең алып жатқан уақыты еді. Ал, баспасөз саяси қару ретінде жүзеге асты. Газетте жарияланған ұранды мақалалар, жалынды сөздер бір халықтың басын қосып, жүректерін елжіретті. 1918 жылы 17 маусымда Жетісу облысы соғыс жағдайында деп жарияланды. Мәселен, Семей жағынан ақ гварияшылар шабуылдап, Солтүстік Жетісу майданы құрылды. Осындай соғыс қаупі төніп тұрған жағдайда «Мұхбір» газеті алғашқы нөмірлерінен-ақ майдан тақырыбына үлкен мән берді. 

Азамат соғысындағы «Черкасск қорғанысына» қатысушылардың ерлік істері бізге мәлім. Солтүстік майданның бөлімдері Лепсі уезінен оңтүстік жаққа қарай аттанып кеткен кезде бірқатар селолар мен ауылдардың еңбекшілері қорғаныс ауданын құрды. Сөйтіп, жауынгерлерінің саны 5 мыңға жеткен «Черкасск қорғанысына» қатысушылар бір жылдан аса- 1918 жылдың тамыз айынан 1919 жылдың 14 қазанына дейінгі уақыттың ішінде күші мен сан жағынан көп басым атаман Анненковтың ақ гвардияшыларының шабылуына төтеп береді.

Осы тарапта, қозғалған мәселелер «Мұхбір» газетінде жиі басылып тұрды. Ақтардың Жетісу жеріндегі іс-әрекеттері жайында «Жетісу ісші халық мұхбірі» газетіне В.Ф. Сизенко дегеннің «Черкасск қорғанысының тарихы» атты мақаласы жарияланып, онда: «1919 жылдың 17-қаңтарында атаман Анненковтың әскерлері Үшаралдан Андреевка селосына шабуыл жасады. Соғыс барысында олар көп шығындалып, ақыры бет-бетімен кері шегінуге мәжбүр болды», — деп партизандардың ерлік істері туралы мақтанышпен жазылған. «Жетісу ісші халық мұхбірі» газетінде черкассктықтардың ерліктері туралы бұдан басқа да көптеген материалдар жарияланған. Мысалы, басылымның 1919 жылғы 6-мамыр күнгі нөмірінде: «Андреевка селосының түбінде Ярушиннің отряды талқандалғаннан кейін Черкасск қорғанысы партизандарының көпшілігі Анненковтың әскеріне қарсы шабуылға шықты. Сөйтіп, Осиновка мен Герасимовка селоларының екі аралығында қырғын соғыс басталды. Бірнеше сағатқа созылған ұрысқа жау жағы басымдылық көрсетіп, партизандар кейін шегінуге мәжбүр болды»,-деп шындықты көрсете отырып, жергілікті тұрғындар тарапынан көмек сұраған.

«Жетісу ісші халық мұхбірі» және кейін осы басылымның орнына дербес қазақ газеті атанып шыққан «Көмек» те Қазақстанда, оның ішінде Жетісу өңірінде болып жатқан азамат соғысының барысы жайында егжей-тегжейлі жазып, оқырмандарын хабардар етіп отырған. Көмек газетінің  алғашқы нөмірі “Мұхбірдің” жалғасы ретінде 1919 жылы 1 қаңтардан бастап шықты. Аталмыш қаулыда бас көтерілгендей Верный қаласында “Көмек” газетінің алғашқы саны жарық көрді. Газеттің шығарылған 1500 данасы Жетісу өлкесін тегін аралап кетеді. Сол кезден бастап басылым көлемі тұрақталады. “Жетісу ісші халық мұхбірі” газетімен салыстырғанда “Көмек” жаңа басылымы жаңалықты көп және едәуір сапалы шығарды. Редакцияда да құлшыныстары артып, ертеңге деген үміт оты маздады. Бұрынғыдай газет жергілікті партия, кеңес, кәсіподақ, шаруашылық орындарын болсын-болмасын баса бермей, сұрыптай отырып, маңыздылығана мән бере жариялай бастады. Жаңа өкіметтің алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруға қажетті материалдарды жүйелі түрде жариялады. Газет қызметкерлері саяси уақыттың дем берушілері болды. Басылым жас мемлекеттің шаруа жүргізудегі тың деректерін тиянақты түсіндіре білді. Газет құрылымы бойынша  үш бөлімнен тұрды. Олар: ресми бөлім, жай бөлім және жеделхаттар бөлімі деп аталды. Үш бөлімде өз істерін бір-бірімен жарыса жүзеге асырды. Ел туралы, жер туралы айқара жаза отырып, жаңа көзқарастардың қалыптасуын аса мән берді. Халықты бірлікке, Кеңес үкіметінің  болашағына иландырып, мәуелі  бәйтеректің жемісі мол болатындығын жан-жақты жазды. Басылымның басты тақырыбы — Қызыл гвардияшылардың ерлік істерін баса отырып көрсету еді. Жалпы алғанда,  Көмек газеті  өз дәуірінде алдына қойылған қыруар міндеттің үдесінен табыла білді. Айта кетерлік, газеттің атауы сан өзгерді. Ол 1924 жылғы 4 қаңтардан бастап “Ұшқын” деп атала бастады. Дүниеде мәңгілік ешнәрсе жоқ. Жетісу өлкесіндегі газеттің атын “Ұшқын” деп қайталай атауын сол кездегі белсенділер бірауыздан мақұлдады. Сөйтіп, кешегі “Көмектің” орынына партия жетекшілерінің  сенімді қолғанаты “Ұшқын” басып жаңғырды.

1920 жылдың бастапқы шенінде Кеңес өкіметі ішкі және сыртқы жауларды ойсырата жеңіп, бейбіт өмірдің  қалыптаса бастаған шағы еді. Басылым жас өкіметке, қоғам қайраткерлеріне жарық жұлдыздай нұрын септі. Қалың бұқараны  тұтастай бір идеяға жұмылдыруда газет теңдессіз рөл атқарды. “Ұшқын” газеті алғашқы санынан-ақ партияның ішкі саясатын жүзеге асыруда қолғанат білдірді. Газет облыстық партия комитетінің шешімімен небір ұрандарды жиі басып отырды. Басылым кедей мәселесін жүйелі түрде көтеру арқылы ұсақ буржуазиялық мінез-құлыққа жиіркене қарауға сара жол сала білді. Ғасырлар бойына қалыптасқан рулық, туыстық, ағайындық бастамасын газет мақалаларынан жиі кездестіруге болады. Осылайша “Ұшқын” газеті  өзінің шығармашылық айдындағы ізгілікті ізденістерінің арқасында бұқара халықтың сүйіспеншілігіне бөленді, партияның сенімді қолғанатына айналды. Колчак Иркутск түрмесінде өлтірілді, Ферғанадағылар Кеңес өкіметіне қосылды, Оңтүстікте Деникин армиясы екіге бөлінді, өзі Қара теңіз үстінде қашып жүр, Жапондар-американдар  Владивостоктан қашты, француздар Одессаны қалдырды және т.б  мақалалар жоғарыда аталған мәселелерді барынша жеткізді. Өткір де орнықты сөздерінің бәрі дерлік нысанаға дөп тиіп, ел еңсесінің көтерілуіне септігін тигізгені анық.

Қарымды қалымгер Сабыржан Шәкіржанов “Жетісу ісші халық мұхбірі”, “Көмек”, “Ұшқын” газеттері арқылы қазақ халқына жаңа кезеңге қатысты тың ойлар тастап, салауаттылыққа, парасаттылыққа көпшілікті баулыды. Сондықтан да, біз Сабыржан Шәкіржановты қазақ баспасөзінің тарихындағы айтулы тұлғалардың қатарына жатқызамыз. Ұшқын газеті Кеңес өкіметінің қалыптасуының ең ауыртпалықты да кезеңінде шығып тұрды. Оны біз басылымның тарихынан сыр шертер сарғайған сандарын парақтай отырып, байқаймыз!

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. 1.Х.Бекхожин “Қазақ баспасөз тарихының очеркі”(1860-1958 жылдар).-Алматы: “Мектеп”, 1981.-62-66 бет.
  2. Аллаберген Қырықбай, Нұсқабайұлы Жарылқасын, Оразай Файзолла “Қазақ журналистикасының тарихы” (1870-2008 жылдар).- Алматы:Білім, 2009. –99-102 бет.
  3. Ж.Нұсқабайұлы. Қазақ журналистикасының тарихы(1870–2008 жыл-дар). /— Алматы: “Білім” баспасы, 2018 — 400 бет.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *