Кіршіксізді кір еткен не?

Ерлі-зайыпты бір кісілер жаңа пәтерге қоныс аударады. Келесі күні таңертең таңғы асты ішіп отырғанда әйелі терезені нұсқап: «Қымбаттым! Көрші әйелдің жуып жайған киімдеріне қарашы. Кірі ашылмаған, нашар жуылыпты. Шамасы арзан ұнтақ пайдалатын болса керек», — дейді. Әйелі көршінің керілген арқанына жайылған кір киімдерді күн сайын бақылап жүреді. Бір күні таңертең байқаса көршінің киімдері тап-таза! Таңданысын жасыра алмай жаңалықты күйеуіне асыға хабарлайды. Шамасы көршінің әйелі кір жууды үйренген секілді, дейді. Сонда жолдасы: «Мен бүгін сәл ертерек тұрып көптен бері тазаланбаған терезені сүртіп қойғанмын», -дейді байсалды қалпын бұзбай. 
Осылайша өз бойына қате түсініктерді байқамай қалыптастырып алатын адамдар да бар. Негізі адам өзгелердің іс-әрекеттеріне әділ баға беруі үшін өзінің көңіл терезесін таза ұстау қажет. Әйтпесе шындықты шынайы бейнесінде көре алмай қателеседі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *