Киіз технологиясы арқылы балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту

Сүлеймен Ақниет Қайратқызы

«Киіз технологиясы арқылы балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

  1. Кіріспе

Ойын — бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы құбылыстар мен заттарды ойын арқылы түсініп ұғынады.

Дидактикалық ойын – оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл — ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі.

Дидактикалық ойын баланың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі.

Бала бақылау, оқыған кітап, естіген ертегі арқылы айналасын таниды. Олардың түсінігі алғашқы кезде айқын болмайды. Мысалы, бір заттың түсін атаңдар? Бояудың қандай түрін білесіңдер? Үй жануарларының үшеуін атаңдар. Бала дидактикалық ойын арқылы әр затқа байланысты жаңа білімді меңгеріп, түсінігін тиянақтайды.

Әрбір дидактикалық ойын ойлай білуге баулып, сөздік қорын өсіреді, ақыл — ой қызметін қалыптастырады.

Дидактикалық ойындардың мақсаты:

  1. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру;
  2. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;
  3. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды тиянақтау және бекіту;
  4. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қайталау және пысықтау;
  5. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды тексеру.

Дидактикалық ойынның міндеті:

  1. Баланың қызығушылығын туғызу;
  2. Баланың белсенділігін арттыру.

Менің осы баяндаманы жазуыма себеп болган диктактикалық ойындарды киіз  матасы арқылы жасауды көрсетіп түсіндіру .

  1. Негізгі бөлім

Киізден жасалған ойындар кітапшалар балалардын назарын аударады,қыйалын сезу қабілеттерін, логикалық  санау қабілеттерін комуникатифті  сөйлеу дағдыларын ,ұсақ  қол маторикасын дамытады. Киізден  жасаған ойыншықтар балалардың қабылдау дағдыларын қалыптастырады.Гинестэтикалық киіз текстурасын  сипап сезу арқылы балалардың әр түрлі тактильді сезімдерін дамытуға, әр түрлі қалындық жұмсақтық, қаттылық және  визуалдылық киізді ойыншықтар арқылы балаларды  түспен, пішіммен  және көлеммен танысуды зертеу. Бұл материал балалар үшін жарқын жұмсақ  жағымды .Әріне ойын құрау үшін бізге тек киіз  ғана емес   сомен қатар әртурлі  матамен  түймелер ,ленталар мен моншақтар жіне магниттер қажет болады.Кітаптың жұмсақ беттері балалар үшін жағымды   әсер қалдырады.Балалар жарқын аппликациаларға қарап әлеммен танысады. Түстерді, жануарларды, өсімдіктерді, санауды және т.б нәрселерге үйренеді.Киізден жасаған ойындарды топпенде жеке жұмыс ретінде де қолдануға болады. Балаларға оң нәтиже салу үшін ойын тапсырмасын өзгертугеде, тапсырмаларды  күрделендіругеде  болады . Балаларға әр турлі элементерді орналастыруға немесе жаңа элементтерді еңгізуге болады.Бұл техналогиямен жыл мезгілдерін баубақшалар, мамандықтар, ертегілер, гиометриялық пішіндер, дамытышулық кітапша  және басқада көрнекіліктермен қоса дидактикалық ойындар; аз –көп ,түрлі-түстерді орналастыру ойындары және қуыршақ театры мен шалқан ертегілерімен қоса саусақ ойындарын жасауға болады. Киіз техналогиясымен жасаған ойындар таным, қатынас,шығармашылық,  денсаулық,  әлуметтік  білім беру салаларына қолдануға болады.Киізден жасалған ойындар дамытышулық кітаптар көп уақыт алмайды тек қана көніл болса болды .

Мамандарға арналған тапсырма ;мамандар екі топқа бөлініп тәжірбие түрінде киіз техналогиясы бойынша дидактикалық ойындар жасайды.

Қорытынды:

 Киіз техналогиясы арқылы балалардын маторикасын ептілігін, дәлдігін жылдамдығын және ой жүйріктігін дамытуға болады.Бұдан қоса балаларға ұлттық құндылықтарды да сініруге үлес қосады.

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *