Калашников автоматы және қол оқшашары

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ 4 бөлім
Мектеп: Восход ЖОББМ
Мұғалімнің аты-жөні: Жакиев Гумар Магазович
Күні: 04.03.2020 ж.
Сыныбы: 10 Қатысқан оқушы саны:16 Қатыспағаны:0
Сабақтың тақырыбы Атыс дайындығы
«Калашников автоматы және қол оқшашары»
Оқу мақсаттары 10.4.1. Оқушыларды Калашников автоматы және қол пулеметінің атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеттері, жалпы құрылысы және жұмыс істеу механизмімен таныстыру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Калашников автоматы және қол пулеметінің атқаратын қызметін біледі
Оқушылардың басым бөлігі: Қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары, Калашников автоматы және қол пулеметінің атқаратын қызметі және ұрыстық қасиеттерін біледі.
Кейбір оқушылар: Қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары, Калашников автоматы және қол пулеметінің атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеттері, жалпы құрылысы және жұмыс істеу механизмін біледі.
Жетістік критерийлері Калашников автоматы және қол пулеметінің бөлшектері мен механизмдерін ажырата алады, оның сипаттамаларын анықтай алады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар: Бейнелеу, талқылау және көрсету арқылы өзінің АӘжТД бойынша түсінігін көрсетеді.
Негізгі сөздер мен тіркестер: Тежеуіш компенсатор, бекітпе жақтауы, қайтармалы механизм.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: айтылымын жақсарту ауызша сөйлеу дағдылары дамиды, сұрақтар қоя алады.
Талқылауға арналған тармақтар: топтарға бөлініп берілген тапсырмаларды талқылайды.
Пәнаралық байланыс Физика пәндерімен байланыстырылады
Алдыңғы меңгерілген білім Қару-жарақтар түрлерін біледі.
М.Т.Калашников өнертапқышы туралы біледі.
Дескрипторлар Білім алушы:
Автоматтың бөлшектері мен механизмдерін ажырата алады.
Сипаттама анықтамасын айтады.
Топпен жұмыс жасайды.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Сабақтағы іс-әрекеттер Ресурстар
Сабақтың басы Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. АӘжТД кабинеті

Сабақтың ортасы
1. Презентация көрсету.
Автоматың арналу мақсаты, ұрыстық қасиеттері мен құрылымы. Ұрыстық қасиеттері, және қауіпсіздік шараларын қатаң ұстау. Автоматтан ату кезіндегі бөлшектері мен механизмдерінің жұмысы. Автоматтан (пулеметтен) автоматты немесе жекелей атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5 атысқа дейін) және ұзақ атумен (10 атысқа дейін, пулеметтерден 15 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға, пулеметте 45 патронга дейін болатын қорабы оқжатардан жүргізіледі.
2. Постер қорғау.
3. Жеке жұмыс.
4. Венн диаграмма.

АК-74 РПК-74

Постер, түрлі түсті маркерлер, таныстырылм.

АК-74 макеті,
сүңгі-пышақ,
плакаттар.

Үлестірмелі карточкалар

Маркерлер, плакаттар.

Сабақтың соңы
Рефлексия
1.Нені білемін?
2.Нені білдім?
3.Нені білгімкеледі

АК-74 макеті
Стикерлер, маркерлер, практикалық оқу жаттығу орындары

Саралау

Барлық оқушылар:
Калашников автоматы және қол пулеметінің атқаратын қызметін біледі
Кейбір оқушылар:
Калашников автоматы және қол пулеметінің атқаратын қызметі және ұрыстық қасиеттерін біледі.
Қабілетілігі жоғары оқушылар:
Қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары, Калашников автоматы және қол пулеметінің атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеттері, жалпы құрылысы және жұмыс істеу механизмін біледі. Бағалау
Екі жұлдыз, бір тілек.

Оқушыларға қаруға қатысты оқ ату ісі бойынша қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру.
Сабақ барысында оларды қатаң түрде ұстану қажет екенін жеткізу.
Оқушыларды жіті қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия
1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?
2.Оқушылар нені үйренді?
3.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
4. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ соңында оқушыларға қойылатын сұрақтар:
— Сабақта не түсініксіз болды?
— Сабақ барысында қандай қиыншылықтар кездесті?
— Не қосу қажет деп ойлайсың?
— Өзіңізге нені жетілдіру қажет?
Қорытынды:

Сабақтың жақсы екі аспектісін көрсетіңіз (оқытуға, үйренуге қатысты.)
1
2
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену.)
1
2
Сыныппен жеке тұлғалар туралы не білдім және келесі сабағымды өткізуіме қалай әсер етеді?
1

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *