Итемгенова Айнур Жакиповна Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы «Сымбат» жеке мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ/ ортақ тақырыптар:

М.Мақатаев  «Аққулар  ұйықтағанда»

Мектеп: «Сымбат»  жеке   мектебі
Күні: 08.02.2022 Мұғалімнің аты- жөні: Итемгенова Айнур Жакиповна
Сынып: 8 Қатысқандар: 16 Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

8.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың   қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау;

Сабақ мақсаттары Барлық оқушы орындай алады:
М.Мақатаев  өмірі  мен  шығармашылығы   туралы   берілген сұрақтар  мен   тапсырмаларға   жауап  бере  алады;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Поэманың   тақырыбы   мен  идеясын  аша  алады;
Кейбір оқушылар орындай алады:
Поэмадағы   көркемдегіш  құралдарды  тауып, композициялық  құрылымына   талдау  жасай  алады. Өзіндік   көзқарастарын білдіре  алады.
Бағалау критерийі М.мақатаевтың   өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  сұрақтарға  жауап беруі;

Поэманың  тақырыбы  мен  идеясын  табуы;

Көркемдегіш  құралдар   мен композициялық  құрылымына   талдау  жасауы.

Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
Ажырата  алады, болжам жасай  алады, талайды, қолдана  алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Поэма, композициялық  құрылымы, көркемдегіш  құралдар, сатылай  кешенді  талдау.
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
менің  ойымша, жолдастарымның  пікірінше, ақпаратқа  сүйенсек, бұл игі  бастама, тоқсан ауыз   сөздің   тобықты  түйіні
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?

Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу анаға оңайға түсті ме?

Құндылықтарға баулу: Туған өлке  табиғатын  сақтау, білім, оқу біліктері   мен дағдыларын  табандылықпен  игеру.
Пәнаралық байланыс: География.
Алдыңғы білім: 5 минут «Бұрыштар»  тәсілі негізінде алдыңғы білім тексеріледі.
ЖОСПАР  
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы

7мин

 

 

 

 

 

 

Мұғалім сөзі:

Таудай  едің, таудың  алып  тумасын

Нағыз  қазақ   едің  сөздің  турасы.

Қыр  басында  нағып  шөгіп   жатырсың,

Ей, өлеңнің  буырғанған  бурасы

Топқа   бөлу:  Аққу,  табиғат,  ана (Тілек  сөздер)

Үй  тапсырмасын   тексеру. «Бұрыштар» әдісі  арқылы
Бұл тапсырмада оқушылар Мұқағали туралы мәліметтерден берілген сұрақтарға 1 минут ішінде жауап беру керек.
1 «Ана» тобына:
1. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім? — Мұқаметқали
2. Мұқағалидың әкесінің аты? — Сүлеймен
3. Ақынның қай жылы дүниеге келді?- 1931ж. 9 ақпан
4. Ақынның туған жері?– Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылы
5. Ақынның атасының аты? Мақатай

2 «Табиғат» тобына:
1. Мұқағалидың «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған?
2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көлдің аты?
3. Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазды?- Менің анкетам.
4. Мұқағалиға алтын қаламын сыйға тартқан кім? – Ғ. Мүсірепов
5. Ақынның әжесінің аты? — Тиын

3. «Аққу» тобына:
1. Мұқағалидың ұлдарының аты кім? – Айбар, Жұлдыз
2. Қарасазда Мұқағали мұражайы қашан ашылды? — 5 шілде 1991 жыл
3. Мұқағалидың прозалық шығармасы – «Қош, махаббат»
4. Ақынның жарының аты — Лашын
5. Ақынның алғашқы өлеңдері — «Қырман басында», «Қойшы бала — Әкітай»

 

Қобдиша, қима  қағаздар,  суреттер, көлдің    суреті

Ортасы

20 мин

1-топқа 

 

Композициялық құрылымына талдау.

Оқиғаның басталуы: Жетімкөлдің тамаша сұлу табиғаты.
Оқиғаның байланысуы: Жетімкөлге аққулардың келуі.
Оқиғаның дамуы: ауру бала мен ананың шарасыздығы.
Оқиғаның шиеленісуі: Сорлы ананың мылтығымен көлге келуі.
Оқиғаның шарықтау шегі: Ананың аққуларды атуы.
Оқиғаның шешімі: Баланың өлуі. Жетімкөлге аққулардың қайта айналып келмеуі.

 

2-топқа 

Поэмаға   сатылай  кешенді  талдау  жасау.

 

Шығарма тақырыбы:

Авторы:

Жанр түрі:

Идеясы:

Оқиға  орын  алған  жер:

Кейіпкерлер:

Тәрбиелік   мәні:

 

3-топқа

Ақынның тіл шеберлігі. Көркемдегіш тәсілдерді   қолдану  ерекшелігі.

 

Поэмадан үзінді Эпитет Метафора Теңеу Кейіптеу
1. Жаңбырдың тамшысындай, қарақшыдай, шашымдай ма ең…      
2. Тәккапар құс, мөлтілдеген  көз жасы, сұрқай ой, сұм жүрек      
3 Ақ төсек-аппақ айдын, аққу-бала, өмір-дария        
4 Жетімкөлге қараудан шаршамаған, қанатынан  үзіліп  ән самалы. Сыбылайтын  Жетімкөл  Алатауға.        

 

Қ.Б.  Ым-ишара, бсбармақ   

 

Д *Поэмадағы көркемдегіш құралдарды  тауып, композициялық  құрылымына   талдау   жасай  алады.

 

 

 

 

,

Кестелер   мен  кеспе  қағаздары, бақылау  парақшалары.

Соңы

13мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге:

 «Аққу киелі құс» пікірсайыс.

1) Жақтаушы топ: «Аққуды атуға болмайды»

Дәлелдеме: — Көлдің сәні – аққулар.

— Аққу киесі оңдырмайды.

2) Даттаушы топ: «Ананың балаға деген махаббатын дәлелдеу үшін аққуды атуға болатын»

Дәлелдеме: — Ана – махаббатымен құдіретті

— Бәрі де адам үшін жаратылған.

3-топ. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру.

Кейіпкерлер Іс – әрекеті, адами қасиеттері
Ана Қамқор ана. Балажан, сәбиі үшін аққуды атты.
Әке Адал жан, халық дәстүрін берік ұстанады.
Тәуіп шал Мейірімсіз, қайырымсыз. Таяз ойлы.
Бақташы қарт Ақылы мол, көргені көп.

Қ.Б.  Қолдау сөздері арқылы бағалау.                                                Д * Көзқарастарын   дәлелдей  алады.           

Автор  орындығы:   3 топ та  жазып   әкеліп  қорғайды.

Егер  мен  автор  болсам…   поэманы  өз  ойыңмен  аяқтап  көр.

Рефлексия «Сөйлемді  аяқта»

Мен  мынаны  білдім…

Маған  қызық  болғаны…

Маған  қиын  болғаны

«Жетімкөл  аққулары»  тақырыбында  эссе  жазу

 Стикерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ыстық  орындық,

стикерлер

Қосымша ақпарат Аққу   құсы  туралы қосымша  ресурстар

 

 

 

 

 

 

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіреміз? Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

 

Пәнаралық байланыс – денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс,  құндылықтармен байланыс (тəрбие   элементі)
«Артық болмас білгенің» айдарымен берілген мәліметтерді толықтырып,ой бөлісемін. Қабілетті  оқушыларға  сыни бағыттағы  сұрақтарды  қойып, көзқарастарын  дәлелдеуге  жетелейтін  тапсырмалар  беремін. Білім  алушыларға  әр  тапсырманы  орындаған  сайын  «Жарайсың», «Керемет», «Тамаша» деген  сөздер   арқылы қолдау  көрсетіп, ым-ишара, басбармақ, смайликтер  арқылы  бағалауды  жүргіздім. Жаратылыстану  және  география

«Мәңгілік  ел» ұлттық  құндылықтары.

Сабақта белсенді  жұмыс  түрлерін  қолдану. Осы сабақта қолданылатын  қауіпсіздік  техникасы  ережелерінің  тармақтар

Рефлексия.

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарлаған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Сабақтың  тақырыбы: М.Мақатаев   «Аққулар  ұйықтағанда». Мен   сабағымды «Бұрыштар» тәсілі  арқылы алдыңғы  оқуды  тексеруден  бастадым. «Сөзді тап» әдісімен  оқушылар жаңа  сабақ тақырыбын анықтаса, «Түртіп алу» әдісі  арқылы негізгі  ойды  анықтады.  Оқушылар  тапсырмаларды  мәнмәтінді  негізіге  ала  отырып  орындап шықты.  Білім алушылар мәнмәтін  негізінде «Семантикалық  карта», «Т кестесі», Байқоңыр ғарыш  кешенін пайдаланудың пайдасы мен экологиялық зардаптары туралы  ойларын қорытып, сыни көзқарастарын  білдірді. Сабақ  мақсаты  мен  оқу  міндеттері  орындалды, өйткені оқушылар сабақта қазақтан  шыққан тұңғыш ғарышкер туралы қызықты  да  тың  мәліметтерді  алды. Есімді және етістікті  сөз  тіркестерін  мәтіннен   тауып, ажыратты.Сонымен бірге, мәтіндегі  сөз тіркесінің байланысу  түрлері  мен тәсілдерін грамматикалық нормаға  сай дәлелдей  алды. Уақытты ұтымды  пайдалана  отырып, саралау тапсырмаларын  сабақта тиімді қолдандым.
Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1. «Түртіп алу» әдісі  арқылы мәтін мазмұнын  меңгеруі.

2. Оқушылардың  топтарда  семантикалық  картаны  толтыруы.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқыту мен оқуға қатысты)

1. Мәнмәтінді   негізге  ала   отырып, кестедегі  үлгі  бойынша  сөз  тіркестерін  құрастыруы.

2. Байқоңыр ғарыш  кешенін пайдаланудың пайдасы мен экологиялық зардаптары  туралы   оқушылардың   сыни  көзқарастары.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1. Саралау  әдістерін тиімді қолдану, әдіс-тәсілдерді  сабақ  мақсатына  сай  түрлендіріп  отыру.

2.Уақытты  ұтымды  жоспарлау, топ ішіндегі  оқушылардың  қарым-қатынастарын  бақылау.

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *