Интерактивті тақтаны пайдалану

Елбасының  Жолдауы еліміздің алдағы жылдарға  жоспарланған  стратегиялық  мақсаттармен  міндеттері айқындалған, бүкіл халыққа ,жалпы ортақ  еңбек қоғамына үндеген аса маңызды құжат болып табылады.Биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік –техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады.Кәсіптік білім беру жүйесінде  экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек.

Жаһандану заман талабына сай ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданысқа еніп,жылдам дамып келе жатқан кезі. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз-білім беру ісінде ақпараттарды даярлап,оны білім алушыға беру процесі. Қазіргі бала электрондық мәдениеті әлемінде өмір сүруде.Мұғалімнің ролі де өзгерді-ол ақпараттық тасқынның бағыттаушысы болу тиіс.Демек,ақпараттық технологияларды меңгеруде мұғалімнің жан-жақты,білімі қажет.Қазіргі мұғалім;-педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;-педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;-жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;-оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;-білімді,іскер,шебер болу керек.

Балалардың ой-өрісін кеңейту, қоршаған орта туралы білімдерін тереңдету,ой-іскерлігін қарқындату бастауыш сыныптар мұғалімінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.Бүгін дәстүрлі сызбаға»мұғалім-оқушы-кітап» жаңа түйін еңгізілді-компьютер. Сондықтан мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр.Мұғалімнің өзінің иновациялық іс-әрекетін қалыптастыратып,оны меңгеріп,сол жаңа ақпараттық-каммуникациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру қажет.Сонда ғана технологияны меңгерген,өз тәжрибесінде қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі дамығанын көре алады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі-интерактивті тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары.Әсіресе жиі қолданатын бұл-интерактивті тақта.Оны кез келген сабақта қолдану,оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай,логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,шығармашылықпен еңбек етуіне мүмкіндік береді

Мұғалімнің басты мақсаты – қоғамның сұранысына лайықты ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Ізгіліктің нұрына бөленген ұлы Әл-Фарабидің «Тәрбиеден ажыраған білім адамзатқа қасірет әкеледі» деп сонау бірнеше мыңжылдықта айтқан ұлағатты сөзінің мәні де осында жатыр.

Бүгінгі таңдағы Қазақстанның білім кеңістігіне енуге деген мүдделілігі осы салада халықаралық әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан озық деп танылған оқыту моделдерін өз мүмкіндігіне сай үлестіре қолдану үшін заман талабына лайық отандық білім беру стратегиясы мен тактикасын жаңалаудың қажеттілігін арттырып отыр. Өйткені ұлттық бәсекелестік қабілеті, бірінші кезекте, оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кіріп білім беру жүйесін халықаралық деңгейде көтеруді талап ететіні сөзсіз .

Кез келген технология білім берудің мақсатынан бастап оның түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы оқытудың әдістемелік жүйесі енетін барлық барлық компоненттің біртұтас ортада мүддеге бірлесе қызмет етуінің тиянақталған жолы болып саналады.

Технология – грек тілінен аударғанда шеберлік деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің мағынасы педагогика саласында қолданған шеберлікпен өнім алу, нақты нәтижеге жеке белгілі бір жүйемен оқыту деген ұғымдарға пара-пар. Педагогикада оқыту технологиясы мен білім сапасы бір-бірінен ажыратуға болмайтын, өзара тәуелді, өзара сабақтас егіз ұғымға айналды. Себебі оқыту технологиясының тиімділігі сапалы нәтижелерге әкелетін факторларды үйлесімділікпен басқаруға тікелей байланысты болса, ал үйлесімді басқару жүйелілік арқылы сапаға қол жеткізудің басты шарты болып саналады. Сондықтан отандық та, әлемдік те ғылымда педагогикалық технологияларға арналған зерттеулер аясы кеңейе түсуде. Компьютердік оқыту технологиясына қатысты ғылыми ізденістер уақыт өткен сайын жаңарып, жаңғырып, толығып, дамып келеді. Зерттелген сайын оның жаңа өрістерінің де кеңейе түсуі бұл мәселенің өміршеңдігін танытады .

Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасаған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасынының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгеруге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады .

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігін жоғарлатуды көздейді.

Оқу процесінде компьютерлік технологияны қолдану ойды кеңейтуді іске асырып жаңа әдістің пайда болуына, оның ұйымдастыру түріне әкеледі. Білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып табылатын компьютер. Бүгінгі мектепке келіп жатқан техникалық жаңалықтардың ішіндегі айрықша орын алатыны – интерактивті тақталар – педагогтардың оқыту үрдісін көрнекі, анық етеді, сондай-ақ, кері байланысты сапалы жүзеге асырады.

Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің мұғалім үшін артықшылығы:

1.Мұғалімге жаңа материалды  аудитория  ортасында тұрып түсіндіруге мүмкіндік береді;

2.Кез-келген қосымшалардың үстіне сурет салуға және жазба жазуға мүмкіндік береді;

3.Артық уақыт, күш-жігер жұмсамай тақтадағы кескінді, сабақ уақытында жасалған жазбаларды сақтауға және баспаға беруге, және материалды қабылдау деңгейін тексеруді жеңілдетеді.

4.Мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерін іздеуге, кәсіби шеберлікке ынталандырады

5.Оқушылар үшін интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылығы:

6.Сабақты қызықты етеді және оқушы мотивациясын дамытады;

7.Ұжымдық жұмысқа қатысуға, жеке және әлеуметтік дағдыларын дамытуға көп мүмкіндік береді.

8.Оқыту материалының түсінікті, тиімді және өзгермелі берілуінің арқасында оқушылар қиын сұрақтарды жеңіл және тез қабылдайды.

9.Оқушылар шығармашыл түрде жұмыс істей бастайды және оздеріне деген сенімі арта түседі.

Бірақта тақта — тек қана құрал, ал оқыту үрдісінің тиімділігі көбінесе мұғалімнің шеберлігі мен арнаулы программалық қамсыздандырудың сапасына байланысты екенін естен шығармағанымыз жөн. Осылайша, интерактивті тақтаны қолдану оқу үрдісін кемелдендіруге жаңа мүмкіндік береді, оқушы мен мұғалімнің өз бетінше атқаратын және бірлескен жұмыстарын шығармашыл етеді.

Бағдарламалық – ақпараттық жиынтық «Интерактивтік тақта» дегеніміз бұл дәстүрлі мектеп тақтасының барлық сапасына ие және мынадай кең мүмкіндіктері бар тақта:

  • экрандық кесікіндердің графикалық түсініктемелерін беру;
  • бір мезгілде  аудиторияның  барлық оқушыларының істеген жұмысына сараптама жүргізуге және тексеруге мүмкіндік туғызады;
  • табиғи амалмен (ұсынылатын ақпарат ағынын арттыру есебінен) сыныпта оқушылардың оқу жүктемесін арттырады;
  • оқытуға жаңа құлшыныстың алғы шарттарын дайындайды;
  • сұқбатқа құрылған оқытуды жүргізеді;
  • кей әдістерді пайдаланып, қарқынды әдістеме бойынша оқытады.

Интерктивті тақтамен жұмыс жасау тәжірибесі стереометрия сабақтарында, функциялар мен олардың графиктеріне арналған алгебралық сабақтарында, мектеп оқулығынан тыс сабақтарда қолдануда көрініп отыр.

Интерактивті тақтаны оқу үрдісінде пайдалану нәтижесі.

  • Оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемі ұлғайды.
  • Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, дағды, зейін т.б. дамиды.
  • Тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген оқушыларға тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі.
  • Сурет, сызбалар, дыбыстық әсерлер, қимыл анимациялары іске асырылады.
  • Дидактикалық материал қоры ұлғайды. Жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталып оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады.
  • Электрондық оқулықты, интернет желісін сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда, сонымен қатар олимпиадаға оқушылар дайындағанда қолданылады .

Сонымен интерактивті оқыту технологиясының басты ерекшелігі оқушы оқыту үрдісінің пассивті тыңдаушысы емес, белсенді қатысушысы, керек қажетті материалмен тікелей жұмыс істеуші. Бұған қазіргі оқытудың жаңа технологиясы мүмкіндік беріп отыр. Ал басты мақсаты оқушының ойлау, табу, шешу қабілеттерін дамыту болып табылатын математика пәні үшін озық технологияның орны ерекше. Сондықтан да колледждегі  оқыту әдістемесі жаңа әдіс, амалдармен толығуда. Бұл әдістерді қайталау, бекіту, жаңа тақырыпты түсіндіру сабақтарында еркін пайдалануға болады.

Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды

  1. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
  2. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады
  3. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады
  4. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  5. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
  6. Сабақтың өнімділігі артады.
  7. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді

 

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Сонымен ғылым мен техниканың даму ғасырында мұғалім инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда сабақты дайын күйінде бағалайды, оқушының өзі ізденіп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал мғалімнің міндетіне оқушының іс-әректіне бақылау ғана жатады.

Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялықәдіс-тәсілдерін қолданып, оқушының жеке тұлға тұрғысынан қарастыратын болса, оқытудың сапалы болатындығын және ең негізгісі оқушылардың пәнге деген қызығуы мен жауапкершілігі, өз бетімен жұмыс істеу ынтасы, ізденушілік– шығармашылық, зерттеушіліу қабілеттері артады. Ендеше әрбір жаңашыл педагог оқу үрдісінде түрлі инновациялық және интерактивтік әдістемелерді пайдалан білсе, сабақ сапасының жақсара түсетіні сөзсіз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *