«Инклюзивті білім беру жағдайындағы психологиялық-педагогикалық консилиумның маңызы»

Инклюзивті білім беру жағдайында мектептегі психологиялық-педагогикалық кинсилиумды ұйымдастырудың маңызы өте зор. 2016 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған « Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық консилиум туралы ереже» атты әдістемелік ұсыным жарық көрген болатын. Осы аталған әдістемелік ұсынымда ППК анықтама бойынша «Психологиялық-педагогикалық консилиум — білім беру ұйымындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды дамыту мен оқытудағы мәселелерді шешу және ерекшеліктерін зерттеуге кешенді ықпалды қамтамасыз ету үшін психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары мен білім беру процесінің қатысушыларының өзара әрекеттесуінің тұрақты қызмет ететін формасы болып табылады.

Психологиялық-педагогикалық консилиум жұмысының басты қағидаларына тоқталып өтетін болсақ:

  1. Бала тұлғасын құрметтеу және жағымды қасиеттеріне сүйену қағидасы;
  2. Диагностиканың мүмкіндігінше педагогикаландырылу қағидасы;
  3. ППк қызметінде ақпараттың жабықтығы қағидасы;
  4. Өзара әрекеттестік қағидасы;

Аталған қағидаларға консилиумға қатысушы барлық мамандардың қатаң ұстанулары, әсіресе баланың психологиялық-педагогикалық диагнозына қатысты құпияны сақтауларын өте маңызды болып табылады. Консилиумның құрамын тұрақты және уақытша қатысушылар құрайды. Тұрақты қатысушылар болып: Білім беру ұйымының директоры, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, әдіскер, педагог-психолог, логопед мұғалім, сынып жетекшілері, медициналық қызметкер, әлеуметтік педагог консилиумның міндетті қатысушылары болып табылады. Жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор, психиатр дәрігер және сарапшы ретінде сөз сөйлеуші пән мұғалімдері, шақырылған түрлі маман-кеңесшілер, ата-аналар және оқушылар (қажет болған жағдайда) уақытша қатысушылар бола алады. Психологиялық-педагогикалық консилиумның бірнеше түрі бар. Жалпы алғанда атқаратын қызметі бірдей болғаныменде өткізілу мерзіміне және мақсатына қарай бөлінеді: алғашқы консилиум, жоспарлы консилиум, жедел консилиум, қорытынды консилиум.

Консилиумның жұмысын ұйымдастыру үш кезеңде жүргізіледі.

  • кезең. Дайындық кезеңінде консилиумға дайындықты әр қатысушы маман жеке жүргізе отырып, диагностикалық деректер жинақтап, ұсыныстар мен тұжырымдамалар дайындайды. Балаға кешенді зерттеу жүргізу үшін жұмысты бастардың алдында ата-ананың келісімін алу қажет. Ата-аналардың келісімі құжат түрінде болуы маңызды.
  • кезең. Консилиум жұмысының бұл кезеңінде жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша отырыс өткізіледі. Зерттеулер қорытындысын алқалы талқылау бала дамуының сипаты мен ерекшеліктері туралы бірыңғай көзқарас қалыптастыруға, оның бұдан әрі дамуын жалпы болжауды және қажетті түзету-дамытушылық іс-шаралар кешенін анықтауға мүмкіндік береді.
  • кезеңде – ППк шешімдерін жүзеге асыру; жеке бағдарлама құру; психологиялық түзету бойынша ұсыныстар; мамандар іс-әрекетін үйлестіру; қолданыстағы бағдарламаларды түзету; мәселе бойынша педагогтар мен ата- аналарға кеңес беру және т.б. іс-шаралар жүзеге асырылады.

Ендігі осы әдістемелік ұсынымға сәйкес, психологиялық-педагогикалық консилиумның құжаттары:

  1. Білім беру ұйымындағы психологиялық-педагогикалық консилиум туралы ереже;
  2. Консилиумды құру туралы бұйрық;
  3. Ағымдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспары;
  4. Балаларды консилиумға тіркеу журналы;
  5. Консилиумның отырыстарын, қорытындылары мен ұсыныстарын тіркеу журналы;
  6. Психологиялық-педагогикалық консилиум қорытындысы:
  • Консилиумға арналған педагогикалық мінездеме;
  • Консилиумға арналған психологтың тұжырымдамасы;
  • Логопедиялық тұжырымдама;
  • Арнайы педагогтың тұжырымдамасы;
  • Әлеуметтік педагогтың тұжырымдамасы.

Сонымен қорытындылай келе, ППк келесі міндеттерді шешеді:

  • Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды анықтау, қиындықтарының себептерін нақтылау;
  • Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламаларының мазмұнын анықтау;
  • Оқу бағдарламаларын бейімдеу;
  • Түзете-дамыту жұмыстарының мазмұнын және тиімділігін бағалау;
  • ПМПК-ке ұсыну үшін оқушының дамуы, денсаулығы және білім алу ерекшеліктері туралы қорытынды жасау;
  • Ата-аналарға, педагогтарға кеңес беру және т.б. болып табылады.

Психологиялық-педагогикалық консилиумның жұмысының тиімді, әрі сапалы болуы үшін консилиумға қатысушы әрбір маманның өз ісіне жауапкершілікпен қарауы маңызды болып табылады. Себебі балалардың болашағы білімді де, білікті мамандардың қолында!

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық консилиум туралы ереже. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, – 38 б.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *