Зорлық-зомбылық махаббаттың көрінісі емес!

 

     Бүгінде отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Ол дұрыс емес. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған. Зорлық-зомбылық – азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау, адам психикасына әсер етіп оның жүйке жүйесінің тозуына немесе тіптен, жынды болып кетуіне дейін барады.

«Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылса керек. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына өзіндік ықпал ететіндігін көрсетеді. Өкінішке қарай, түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаң көзге айналып жататын кездері де аз емес. Әрине, берекесі мен бірлігі жоқ, күнде айқай-шу болатын үйде зорлық-зомбылықтың болатыны белгілі. «Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі еш уақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетіндер – әйелдер мен жас балалар. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға, әсіресе кішкентайларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Дөрекілік, балаға күш көрсету, олардың бағдарын өзгерту, зорлық-зомбылықты, сайып келгенде қылмысты тудырады. Ол өз-өзіне қол жұмсауға алып  келуі мүмкін. Ал әйелдерге көрсетілетін зорлықта отбасының құлауына, кейбір жағдайларда әйелдің өмірден өтуіне алып келіп жатады. Соңғы уақытта да, елімізде осы мәселе қатты талқылауға түсуде. Әйел адам әрқашан қадірлі болған. Және адамды кемсітуге, оған қол жұмсауға ешкімніңде құқығы жоқ.

     Ең алдымен,әйел — сізді өмірге әкелген жан,сіздің әпке-қарындасыңыз,сіздің болашақ жарыңыз,ұрпағыңызды жалғастырушы. Әйелге деген құрметіңіз қаншалықты жоғары болса, сіз де соншалық сыйлы боласыз.Қыз баласын ренжітпес бұрын «Менің анамды,әпке-қарындастарымды осылай ренжітсе қайтер едім…?» деп ойланыңыз. Әйел құқығы тапталатын заманды артқа қалдырдық қой. Бірақ неге әлі де сол шырмауықтан шыға алмай жатырмыз?

Жансая Сағынбай

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *