«Зере» аналар мектебінің жұмысы

Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылы, Маржанбұлақ орта мектебінде «Зере» аналар мектебі құрылып, өз жұмысын жоспар бойынша жүргізуде. Аналар кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Балалар құқығы туралы Конвенциясын, Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңы, Қазақстан Республикасының «Бала құқығы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу», мектеп Жарғысы мен ішкі тәртіп Ережелерін басшылыққа алады. Негізгі мақсаты  — Аналар кеңесі қызметінің мақсаты отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту және Аналар кеңесі отбасылық жақсы тәрбиенің тәжірибесін насихаттайды, аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру болып табылады. «Зере» аналар мектебі мүшелерінің қатысуымен мектебімізде көптеген іс — шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ, «Өнегелі Отбасы»  ата – ана мен оқушы арасында сайыс өткізілді.«Қыз өссе – елдің көркі» танымдық сабағы мен «Сыры көп айтар қыз баланың» дөңгелек үстел өткізіліп, қыз балаларға көптеген ақыл — кеңестер берілді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *