Заманауи физика жаңалықтары

Сәлемдесіп,түгенделді.

Жағымды көңіл күй туғызу.

«Өзіңе тілегенді, өзгеге тіле!» тренингі

Топқа бөлу

«Пазл» әдісі бойынша студенттер өздері таңдаған қима қағаздағы сөздерімен ЖАРЫҚ, ШАҒЫЛУ, КЕСКІН, АЙНА сөздерін құрастыру арқылы  төрт топқа бөлінеді.

 

«Миға шабуыл» әдісі

1-тапсырма сұрақтарға жауап беру

Мақсаты: өткен сабақты қайталау, білімдерін тексеру

Нұсқау: топтарға сұрақ беріледі (білу мен түсіну). Олар әр сұрақтың жауабын топта талдайды және басқа топқа сұрақтарын қояды.

1.     Жарық нені білдіреді?

2.     Адамның тіршілігі мен іс-әрекетінде жарықтың рөлі қандай?

3.     Қандай денелер жарық көзі бола алады?

4.     Вакууммда жарық қандай жылдамдықпен таралады?

5.     Жердегі тіршіліктің дамуында күннің рөлі қандай?

6.     Жарықтың таралу заңы дегеніміз  не?

7.     Көлеңкенің пайда болуы…

8.     Толық Күн тұтылуы мен Айдың тұтылуын түсіндір.

«Сәйкестікті тап» әдісі

2-тапсырма берілген мысалдардан табиғи жарық көздері мен жасанды жарық көздерін сәйкестендір.

Мақсаты: табиғи мен жасанды жарық көздерін ажырату

Нұсқау: табиғи мен жасанды жарық көздерін екі бағанға бөліп жазу

Көл, Күн, қыздыру электр шамдары, жол белгілері, жарқырауық қоңыздар, шырақ, найзағай, теледидар экраны, электр пісіру пештері, жұлдыздар, су түбіндегі балықтар, күндізгі жарық шамдары, полюстік шұғыла, жарнама түтікшелері.

 

Табиғи жарық көздері Жасанды жарық көздері
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:

1) Табиғи мен жасанды жарық көздері ажырата алады.

2) Табиғи мен жасанды жарық көздеріне мысалдар келтіре алады.

Қалыптастырушы бағалау: » Бас бармақ» әдісі

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *