Жүру. Лақтыру

Тәрбиеші: Мусина Мөлдір

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Мақсаты: Балаларды дәлдікке,  ептілікке баули отырып физиологиялық дамуына қолайлы әсер ету. Саяхат желісі бойынша бауырмалдыққа, достыққа тәрбиелей отырып қуанышты көңіл -күй сыйлау.

Құрал-жабдықтар:Орман көрінісі, жәндіктер, жүруге арналған жолдар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезең.

Балалар маршпен спорт залға кіреді.Сәлемдесу.

Тәрбиеші: Балалар, сендерге спортпен шұғылданған ұнай ма? Денсаулықтарын мықты болғанын қалайсыңдарма?

Жалпы дамыту жаттығулары. (Видоролик арқылы жаттығулар жасау)

Тәрбиеші: Балалар саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма? Бүгін саяхатқа шығамыз ба?

Ал балалар, бізге тау-тасты аралайтын ұзақ жол түсіп тұр. Қарапайым жүру.

Алдымызда тастар жатыр аяғымызды соғып алмай тізені көтеріп жүрейік.

Көпірдің үстімен тепе-теңдік сақтап өтейік.

Ирелеңдегег жолдармен тепе-теңдік сақтап жүреміз.

Міне сендермен табиғат кедергілерінен өттік. Балалар орманда ненің дауысы естіледі? (Торғай)

Тосын сәт: Қоян, түлкі, аю шығады алдарынан.

Түлкі: Балалар біз сендерді іздеп келе жатыр едік. «Карлығаш» тобының балалары жаттығуларды жақсы жасайды, сымбатты деп естідік. Біздер де жаттығу жасап үйренейік.

Тәрбиеші: Балалар жаттығуларды қалай жасайтынымызды көрсетеміз бе? Ал, түлкі, аю, қоян біздің балалар бүгінгі оқу-қызметіне әзір. Жаттығуларды жүруден бастаймыз.Сен білесің бе балалар яғни аңдардың жүрісіндей жүре алады.

Жүріс түрлері. Аяқтың ұшымен жүру. (Айлакер түлкі)

Қолды белге ұстап, аяқ сыртымен жүру. (Маймақ аю)

Қолымызды басымызға ұстап қос аяқпен секіру. (Көңілді қояндар)

Түлінің тапсырмасы бар екен.Допты себетке лақтыру.

Сергіту сәті: 1, 2, 3, 4 Балалар бізде шаршағандар бар екен, бойымызды бір сергітіп алайық.

Аңдардың сыйлығы. (Марапаттау)

Балалар олай болса түскі ас ішетін уақыт болып калды.Тобымызға қайтайық. Түлкі, аю, қоянмен қоштасып, жүріп келген жолымызбен тобымызға қайтайық.

Сау болыңыздар!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *