ЖурФак студенттерінің тарихи іс-шараға дайындаған қойылымдары

Сәуірдің 14-ші жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде  тарихшы, ҚазҰУ профессоры Тасилова Назия Айтбайқызының, Тарих факультетінің 1 курс магистранттары Маникова Анар, Мейрамбекқызы Нұрсұлудың жетекшілігімен журналистика факультетінің 1-курс студенттерінің «Алаш Зиялылары» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында студенттер қазақтың ұлы, қоғам қайраткерлері А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлына, жалпы алаш орда зиялыларына арнап қойылым көрсетті. Олардың жолдарын, қазақ деп халыққа нағыз жанашыр болғандықтарын, елге адал қызмет ету барысында, әділетсіз, жала жабылып  қамауға алынғандарын көрсетті. Өз шығармашылықтарынан арнауларын айтып, домбыраның сүйемелдеуімен өлеңдер оқыды. Сонымен қатар білімімізді жетілдіріп, тексеру мақсатында танымдық ойын ойнатылды. Студенттердің талпыныстары мен намыстары, қоғам қайраткерлері жайлы білетін ақпараттары айтарлықтай ерекше сезім сыйлады. Жан-жақтылықтарын, жауапкершіліктерін, дайындықтарын  жоғарғы деңгейде жеткізді. 

Қорытындылай келе тарихтан өткізілген іс-шара өзінің алға қойған мақсатына толыққанды жетті деп ойлаймын. Қонақтардың, ұстазымыз Тасилова Назия Айтбайқызының  пікірлері, критикалары  бұл шараны  көркемдетіп қана қоймай, сонымен қатар  ерекше талпыныс беріп,  білімге деген құштарлықтың, елге деген қызметтің маңыздылығын жеткізді.

 

Журналистика факультетінің 1-курс студенті Аман Ақнұр

Тарих факультетінің 1 курс магистранты Маникова Анар

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *