Журналистика дамыған қоғамның ілгері басуына қалай әсер етеді ?

Ақпаратқа ие адам әлемді иеленеді.Менің болашаққа мақсат койып таңдаған мамандығым «Журналистика «.

Журналист әлемдегі сөзге билік жүргізетін мамандық түрі болып табылады . Бұл өте күрделі , әрқашан ізденісті талап ететін  ауыр мамандық .Менің ойымша, Қазақстандық  және шетелдік журналистиканың болашағы жас ұрпақ пен инновациялық технологиялар үшін пайдасы мол  сала түрі .Қазақ журналистикасының қыры мен сырын жаһандық әренаға таныту менің бұл мамандықты таңдаудағы басты мақсатым болып табылады . Алайда , қазіргі дамыған әлемге журналистика қажет пе ?

Журналист -халықтың көзі ,құлағы және тілі болып табылады .

Әлемді өзгерткен соңғы елімізде орын алған жағдайлар , журналистика мамандығының  елеулі орын алатының дәлелдегендей .Қазақстанның болашағында журналистика әлі күнге дейін актуалды саланың бірі болып есептеледі .

Менің ойымша, журналисттің жұмысы тарихшының жұмысына өте ұқсас. Тарихшы өткен оқиғаларды зерттеп, түсіндіруге тырысады, ал журналист қазіргі жағдайға қатысты ақпараттарды нақтылауға тырысады .Бірақ мен үшін журналист болу тарихшы болудан гөрі қызықты, өйткені сіз дәл қазір болып жатқан нақты оқиғалармен айналысасыз, сондықтан сіз оларға  кішігірім болсын әсер ете аласыз.Осылайша журналистер  дамыған әлемде де барша халыққа қолдау көрсете алады деп есептеймін .

«Журналистика Қазақстанның болашағына қалай әсер етеді ?» деген сұрақтың жауабы үлкен .

 

  • Қазақстанда және барлық әлемде журналистика мамандығының  арқасында біз әлемдік  экономикалық нарықта, халықаралық қатынастарда, рухани өмірде ,ғылымда, мәдениетте, білім беруде және белгілі бір әлеуметтік топтарда не болып жатқанын білеміз. Бұл қоғамға  сенімді ақпаратпен жұмыс істеуге және әртүрлі өмірлік жағдайларда нақты ақпаратқа сүйенуге, ғылымның дәлелденген жаңалықтарын пайдалануға , өмірлік мақсатында қолдануға және бізге қызықты болатын жаңалықтардаң ләззат алуға мүмкіндік береді.

  • Журналисттер биліктің төртінші тармағы ретінде сөйлейтіні бекер емес. Журналистер өз аудиториясына белгілі бір ойды жеткізуге тырысады, осылайша адамдардың дүниетанымын қалыптастырады.  Елімізде журналистер-бізге қоғамның түрлі салаларындағы құбылыстарды жақсы түсінуге көмектесетін сенімді фактілерді жеткізетіндер болып табылады . Журналистиканың міндеті – қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету.

  • Үлкен адам көрмейтін күрделі мәселені , кішірейіп саралайтын да журналист.Өйткені, кез келген қоғам мүшесі үкіметте, парламентте, жергілікті басқару органдарында немесе елдің өзге аймақтарында не болып жатқанын өздігінен барып біле алмайды.Қазақ мемлекетінің өркендеуінде  журналистика осылай өз жолын таба біліп , болашаққа өз үлесін қоса алады .

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталсам ,журналистика өлмес , ел болашағында пайдасы көп мамандық екеніне сенімдімін, өйткені адамдардың әлемде және олардың айналасында болып жатқан барлық нәрсеге қызығушылығы ешқашан жойылмайды. Біз неғұрлым дамыған қоғамда өмір сүрсек, ықтимал көрермендердің, тыңдаушылар мен оқырмандардың мүдделері еліміздің болашағында журналистика мамандығының орасан зор үлесін көрсетеді .Журналистика ел болашағында жаһандық деңгейге шығарылатын ұлттық масштабтағы бірыңғай символдар мен мағыналарды әзірлеуді жеделдетеді және ағымға қойады .Бұл үдерісте Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық тұрақтылықтың факторы ретінде  журналистика үлкен із қалдырады .

Дамыған қоғамның ілгері басуына , журналисттердің ықпалы үлкен .Журналистер бүкіл әлемді өзгерте алады деп ойламаймын, бірақ олар кем дегенде  ел болашағында бір адамға көмектесуге мүмкіндік беретін айна  . Шын мәнінде ,  адамның өмірі журналистиканың арқасында жеңілдеді.

»  — Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды. Қоғам тірлігінің тамыры қиылса, журналистика да бітіп тынады , — деген орыс публицистінің қанатты сөзімен бар ойымды жеткізгендеймін .Тасты сөзбен тесіп өтетін журналист ел болашағы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *