Жол ережесін білу-бәріне міндет

Тақырыбы: «Жол ережесін білу-бәріне міндет»

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, балаларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, бағдаршам, жол белгілері.

Жүргізуші
Арманға алда күткен асығамыз, Біз қалай толқын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтықпен жүре алатын жас ұланбыз!

Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген, Бүгінгі бізге келген қонақтарға                                                                                                            Ойынымыз басталсын сәлемменен!

Жүргізуші:   Жол — көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол — көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.
Міне, осы мақсатта біздің  балаларымыздың арасында «Қауіпсіз автобус» атты жол ережелеріне арналған ойын сауық өткізілуде. Ендеше, қош келдіңіздер!
— Балалар, жол инспекторын ортаға шақырайық

Жол инспекторы:
Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.
Жүргізуші
Қош келдің, жол инспекторы! Бүгінгі ойын сауығымыз бәріміз үшін маңызды.
Жүргізуші — Бүгін «Сұңқар» тобы мен «Ақдидар» тобының балалары жол жүру ережелері бойынша өздерінің білімдерін сарапқа салмақшы.
«Қызылдар», «Сарылар»,  тобы болып сайысқа түседі.
Сонымен ортаға қатысушы топтарды қошеметпен шақырайық!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *