Жолда жүру ережесін сақтайық

Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

 

Сабақтың мақсаты:                                                     

  1. Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.
  2. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу.
  3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Шаттық шеңберіне тұру.

Бағдаршам түстеріне байланысты топтарға бөлу.

ІІ. Кіріспе бөлімі:

— Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар, жолда жүру ережелеріне байланысты болмақ.

Олай болса, «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Балалар, Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.

— Қалай ойлайсыңдар, жолда жүру ережесі деген не? — Жолда жүру ережесі қайткенде бұзылады? — Жол тәртібі бұзылса не болатыны туралы білесіңдер ме? — Ол үшін не істеуіміз керек?

ІІІ. Негізгі бөлім:                               

  1. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың

— жол бойында қалай болса солай жүріп,

— доп қуалайтыны,

— ролик тебетіні,

— жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,

— қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады екен.

Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.

Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.

— Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?

Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.

  1. Жұмбақтар шешу:
  2. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
  3. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялайды. (Автобус)
  4. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
  5. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
  6. Арқаным бар тым ұзын, Ала-алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
  7. Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)
  8. Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Бейнеролик тамашалау.

  1. Қорытындылау
  2. Топтық тапсырма: Бағдаршамның әр көзінен сұрақтар алып жауап беру.

Ал енді сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.

— Жиек жол (тротуар) деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)

— Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.)

— Көшенің келесі бетіне қай жерден өту керек? (Жаяулар өтетінжолмен /пешеход/ өту керек)

  1. Топтық тапсырма: Балалар, бүгінгі сабақтан не ұқтық, алдарыңдағы параққа жазып не сурет салуға болады.

Балалар, деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер, Көше деген мың ирек. Қиындыққа әйтсе де, Үйренесің біртіндеп. Барар жерге асықпа, Бәйге алмайсың бұрын кеп, деп сабағымызды аяқтаймыз.

  1. Кері байланыс

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

«Шанханай негізгі мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

 

 

Сынып жетекшісі: Д.Қ.Жұманова

            Сыныбы: 1

 

 

 

 

 

 

2021-2022 оқу жылы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *