Жиенғали Құдайбергеннің «Өнегелі мұғалім» мақаласы хақында

Балалар мектеп табалдырығын аттағаннан, жоғарғы оқу орнын аяқтағанға дейін білім беріп, барбілгенін үйрететін тек мұғалім.

Сонау ХХ ғасырда балалардың білім алып, сауатты болуы өте қиын еді. Еліміздің, мемлекетіміздің жағдайы өте төмен болды. Мектеп салу, балаларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету тұрмақ, бір үзім нан табудың өзі қиынға соққан заман еді. Оқыған, білімді адамдар да жоқтың қасы. Бірақ сол заманның өзінде білгендерін үйреткісі келетін адамдар да табылған еді.

        Осы тұста Жиенғали Құдайбергеннің Өнегелімұғаліммақаласында бір мұғалімнің 30 шақты баланы, кітап жеткенше қазақша, жетпегенін ноғайша кітаптарды қолдана отырып, білімбергендігі туралы баяндалады. Сонымен қатар, бұл мұғалім өзі ақша шығарып, балаларға керекті кітаптар мен саймандарды алып өз үйінде оқытқаны да айтылуда. Бұл мақаланы оқи отырып нені түсінеміз?

         Әрине, мұғалімнің білімділігін және сол біліммен бөлісудегі құлшынысын көруге болады. Қаншалықты халықтың жағдайы нашар болса да, балаларға білім нәрін беріп, өз парызын орындау мұғалім үшін басты дүние болып тұр.

            Мұғалім барлық мамандық иесін оқытатын, білім беретін абзал жандар.

        Енді бұрыңғы замандағы оқу жүйесімен, бүгінгі замандағы оқу жүйесін салыстырып көрейік. Қазіргі таңда оқыған, өз пәнін, саласын өте жақсы білетін мұғалімдер өте көп. Өздерінің мамандықтарын шынайы жақсы көріп, балаларға бар білгенінүйретеді. Бірақ, мұғалім деген атауды ғана ұстанып жүргендер де жеткілікті. Балаларға дұрыс білім бермейтін, өз пәнін жөнді білмейтіндер де аз емес. Таныс арқылы мұғалім болғандар немесе дипломды сатып алатындар. Бұндай жағдайлар қазіргі таңда өте басым. Әсіресе, ауылдық жерлердегімектептерде таныс арқылы  жұмысқа кіру, нәтижесінде дұрыс сабақ бере алмау, мәселелері де қозғалуда.

Өнегелі ұстаз балаларды білім нәріменсусындатып, осы балалар кішкене болса да білім алсыншы, бірнарсе үйренсінші деген оймен ұстаныммен жүреді.

     Қарап отырсақ, мұғалім мен өнегелі мұғалімнің арасы жер мен көктей.

      Ұстаз таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды.    Ыбырай Алтынсарын:Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі,-деген ойын құптамауға болмайды.

Аянат СЕЙІТҚАЛИ,

ҚазҰУ-дың 1-курс студенті

Ғылыми жетекшісі:

фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *