: Жемістер. Алма.

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Жемістер. Алма.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды жемістердің түрлерімен таныстырып, оларды бір-бірінен түсі, пішіні, дәмі арқылы ажыратып білуге үйрету. Жақын таныстыру, түстер туралы ұғымын бекітіп, ойлау қабілеті мен сөздік қорларын жетілдіру.
Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, салыстырып әңгімелеу, санау, сұрақ-жауап.
Оқу іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық

Үйлестірмелі-материалдық жұмыс

Сергіту сәті

Ойын

Сәлеметсіңдерме балалар?
— Балалар көңіл-күйлерің қалай?
— Балалар осы жақсы көңіл-күймен шаттық шеңберін құрайық.
Арайлап таң атты
Алтын шуақ таратты
Армысың достарым
Сәлем, Сәлем, Сәлем!
— Балалар қазір көктем мезгілінің үшінші айы.
— Балалар көктем мезгілінде үш ай бар
— Наурыз, сәуір, мамыр
— Кәне, бәріміз қайталап айтайықшы.
— Ой, жарайсыңдар балалар
— Балалар, бәріміз көзімізді жұмып, үстел үстіне қарайық, мына жеміс толы себетті көрдіңдерме?
— Себеттің ішінде не бар екен?
— Себетте қандай жемістер бар?
— Балалар, себетте алма, алмұрт, өрік бар екен. Осы жемістердің ішінен қайсысы сендерге көбірек ұнайды?
— Әрине, алма, олай болса алмамен жақынырақ танысайық.
— Балалар мына суретке қараңдаршы бұл алма ағашы. Көктем маусымында бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеп, жаз мезгілінде піседі.
— Балалар, мына себеттегі алмаларды санайықшы неше алма бар екен?
— Ой, жарайсыңдар балалар!
— Балалар алманың көптеген түрі бар, алма қызыл, сары, жасыл түсті болады.
— Алма өте тәтті және пайдалы жеміс. Алмада дәрумендер өте көп.
— Ал, енді балалар, алма қайда өседі екен?
— Балалар, алдарыңдағы алманың суретіне қарайықшы.
— Түсі қандай?
— Пішіні қандай?
— Алманың пішініне қарай жапсыру.
— Ал, енді балалар қолымызды бір сергітіп алайық.
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
— Ой, жарайсыңдар, балалар!
— Ал, енді балалар, алманың дәмін татып көрейік.
«Алманы ағашқа орналастырамыз».
Шарты: Кірпішешеннен алманы алып ағашқа орналастырамыз.
— Ой, жарайсыңдар, балалар!
— Енді балалар қонақтармен қоштасайық.
— Сай болыңыздар! Сәлеметсізбе

-Жақсы

-Балалар себеттегі жемістерді атайды
-Балалар тәрбиешісімен қайталайды, алма, алмұрт

-Балалармен бірге санап шығу
1,2,3 алма

-Алма бақта, ағашта өседі
Алманың пішіні дөңгелек

-Балалар қимыл қозғалыспен қайталайды.

Күтілетін нәтиже
Біледі: Жеміс түрлерін атап, оның ішінде алманың түсін, дәмін ажыратып пішінін қолмен көрсете біледі.
Игереді: алманың қайда өсетіндігі жөніндегі түсінікті игереді.
Меңгереді: Алма жайында мағлұматтарды меңгереді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *