Желтоқсан ызғары

Желтоқсан ызғары

Желтоқсанның 36-жыл бұрынғы ызғары,
Қайғы менен күрсінудің жолдары.
Қайғы арты қуанышқа келмейме,
Себеп болған тәуелсіздік жолдары.

Желтоқсанның қуанышты ызғары,
Тәуелсіздік еске түскен жылдары.
Қанша қазақ жанын берген ел үшін,
Тәуелсіздік жолдарын да қорланды.

Желтоқсанның үнсіз келген ызғары,
Қанша халық зарлап қалып жырлады.
Сол бір кездер еске түссе егерде,
Қара қазақ бір күйініп ойланды.

Желтоқсанның қайғысының ызғары,
Қарапайым қазақтарды қаралауы.
Орыстардың басқармауын қалаған,
Қайрат және Ерболдардың жолдары.

Желтоқсанның берілмеген ызғары,
Жетістік үшін күрескені оңдады.
Қазақтардың қуанышты жүзіне,
Бүгін міне 30-жылдан асқаны.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *