Желтоқсан айында волейболдан балалар-жасөспірімдер арасында «Спорт – сымбаттылық кепілі» сайысы қорытындысы.

«Спорт – сымбаттылық кепілі» сайысы мектебіміздің 8 – 11сынып оқушылары арасында қыркүйек айында волейболдан жарысы болып өтті. Жарысқа мектептің 8-11 — сынып оқушылары қатысты. Команда құрамы 6  оқушыдан құралды. Жалпы саны  50 оқушы қатысты.  Жарыстың мақсаты оқушылардың арасында сыйластық, достық қарым — қатынасты қалыптастыру және волейбол ойынына деген қызығушылығын арттыру болды. Жарыс барысында волейбол үйірмесіне талантты футболшыларды тарту да мақсат болды. Жарысты мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері Назаров  Нұрлан ,Демиханов Уәли, Сабиров  Еркебұлан  жүргізді. Жарыс айналмалы жүйеде жүргізілді. Оқушылар алдымен қыздырыну жаттығуларын жасады. Одан кейін доппен жаттығулар жасап қыздырынып алды. Сайысты тамашалауға мектеп әкімшілігінен Тұрсабеков Нұркасым,Сабиров Жасұлан, мәдени шара жөніндегі орынбасар О.Мурунбаева және де дене тәрбиесі пәні мұғалімі Қалдыбай  Наурызбек пен Бақытов Маратта қатысты. Жарыс тартысты  өтті. Жарыста өз командаларына қолдау көрсету мақсатында сыныптастары қолдарына қанатты сөздер жазылған плакаттар ұстап отырды. Жарысты тамашалауға қатысқан мектеп әкімшілігі және дене тәрбиесі мұғалімі  тарапынан жарысқа «жақсы» деген баға берілді. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды 10 сыныбы, ІІ орынды   9сыныбы, ІІІ орынды  11 сыныбы иеленді. Жүлделі орын алған командалар жабылу салтанатында марапатталды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *