ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н Ә. Назарбаев «Бала — болашағым» деген елміз, сондықтан да біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Ел болашағы болар жас ұрпақты тәрбиелеу жолында біз, ұстаздар, баланың жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге алған білімін болашақта қолдана алатын, сандық сауаттылығы артқан, өз ойын еркін жеткізе алатын, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуге міндеттіміз. Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – осы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа форматтағы мұғалімінің еншісіне тиері анық. Жаңа форматтағы жаңашыл ұстаз:

— ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, өзін-өзін көрсетуге ұмтылысы, пәннің әдіснамалық негіздерін, әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары деңгейдегі білімді ұстаз.

— ол өзінің пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық процестегі әр қатысушының орнын көре біліп, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда арттақалушылықты реттеуі керек;

— білімге ерекше қабілеті бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру қажет;

— оқушылардың адамгершілік-рухани, азаматтық-патриоттық, көп мәдениетті, денсаулығын сақтау тәрбиесін жүзеге асыра білуі тиіс. Ал жаңа форматтағы мұғалім дегеніміз кім?- деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында «Жаңа форматтағы мұғалім – кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген, яғни ол ізгілігі мол, әр іске жаңашылдықпен, үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген, бір сөзбен айтқанда, толыққанды құзырлы адам. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті баланың рухани мүмкіндігін дамыту, оны оқыту, тәрбиелеу мен өзіндік қабілетінің дамуына жағдай жасау. Тәуелсіздік туы желбіреген мемлекетіміздің ертеңгі, ел тізгінін ұстар азаматы — бүгінгі білімді шәкірт екендігіне еш күмән жоқ. Ал білімді шәкірт — білімді ұстаздың жемісі. Қазіргі кезде білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас, басқаша қарымқатынас пайда болды. Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына көңіл бөлінуде. Сондықтан білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеріп, жаңа форматтағы мұғалім болу – заман талабына сай білім берудің жолы- тиімді педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалана білу шеберлігі. Бұл мұғалімнің бойында құзіреттіліктің үш түрі болуы міндетті: проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық құзыреттілік; коммуникативтік құзыреттілік; Проблемалық шешімін табу құзыреттілігі – бұл түрлі жағдайларда проблемаларды анықтайды, жауапты шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтиежесін бағалайды. Өз ісәрекетіне мақсат қоя алады, оны іске асыруға қажетті жағдайларды анықтайды. Сонымен қатар қойылған міндеттерге сәйкес технологияларды таңдайды. Ақпараттық құзыреттілік — сыни тұрғыдан ұғынылған ақпарат негізінде саналы шешім қабылдайды, ақпараттарды өз бетімен табады, талдайды, іріктеу жасайды, қайта құрады, сақтайды, түрлендіруге және тасымалдауға, соның ішінде қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен аталған жұмыстарды жүзеге асырады. Коммуникативтік құзыреттілік – нақты өмір жағдайында өзінің міндеттеріне жету үшін мемлекеттік және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолданады. Тілдік қатынас міндеттеріне сәйкес стильдер мен жанрларды таңдайды және қолданады. Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын салып, жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту. Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет. Сөз соңында, қорытындыласақ, жаңа форматтағы мұғалім — мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық тәжірибелерді қолдана білетін кәсіби педагог. Әділетті, әдемі, мейірімді, баламен тіл табысып сөйлесетін, мәдениетті, талапшыл, даусы жағымды, рухани адамгершілігі мол, рефлекцияға қабілетті, ақпараттық коммуникациялық, әлеуметтік-тұлғалық құзырлықтары қалыптасқан, оқытудың жаңа тәсілдерін меңгерген, оқулықтардың негізгі идеясын, дамытушылық мәнін іске асыра алатын жаңашыл ұстаз болуы тиіс

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *