Жаңа технология жетістіктері

 

«…Адамзат үшін XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа  технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру- бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз…

 

Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

 

Н.Ә.Назарбаев

 

Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техникада оның басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктер қажеттігі туындайды. Қазіргі мектепке дейінгі  ұйымдардың білім беру үдерісінде жаңа технологияларды  пайдалану жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс–тәсілдерін, жаңа педагогикалық технологияны игерген, психологиялық–педагогикалық диагностика үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог–зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.

 

Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.

 

Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерактивті әдістерін қолдану барынша маңызды бола бастады.

 

Қазір педагогика ғылымында «оқытудың жаңа технологиясы», «оқытудың инновациялық технологиясы» деген ұғымдар кеңінен қолдануда. Технология – грек сөзі, түсіндірмелі сөздікте бұл – қандай да болсын жаңа істегі шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Білім беру саласындағы “технология” ұғымы өндірістік үдерістердегі технология ұғымының басты қасиеттерін осы саланы жетілдіру үшін пайдалану ұмтылысынан туындағаны анық. Өндірістік үдерістердегі технология деп қолданғанда алдын-ала көздеген нәтижеге жеткізетін, белгілі бір сапалық және сандық деңгейлердегі өнім алуға кепілдік беретін, ғылыми негізделген алгоритмдер, әдістер мен құралдардың жүйесін айтады. Кез-келген технологияның маңызы оның құрылымымен анықталады. Технология белгілі бір мақсатты жүзеге асырады. Ол үшін құралдар пайдаланылады, әдістеме жоғары деңгейге дейін жетіледі де, күтілетін нәтижеге қол жеткізіледі.

 

Инновациялық іс-әрекеттің мазмұны мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, Инновациялық технологияларды меңгеру педагогтың интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, шығармашылық, зерттеушілік т.б. қасиеттерінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді, әр педагог өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

 

Мектепке дейінгі мекемелерде АКТ пайдалану балаларда қоршаған ортаның ақпарат ағымын бағдарлай білу дағдыларын дамытуға, ақпаратпен жұмыстанудың практикалық тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, заманауи техникалық құралдар арқылы ақпаратпен бөлісу дағдыларын дамытады.

 

Балалар әрбір сабақтан мол білімділік, тәрбиелік, дамушылық сияқты дағдылары мен іскерліктері қалыптасу керек. Сондықтан іс әрекеттерді байланыстыра отырып, сабақтың біліми, ғылыми сипатымен қатар оның тәрбиелік танымдық, адамгершілік мазмұнда ұйымдастырылуын ойластырған абзал.

 

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми техникалық прогресстің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Осы мәселені шешудегі басты рөлдердің бірі мектепке дейінгі ұйымдарға жүктеледі.

 

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы балалардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын жаңаша педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *