Жастар арасындағы «Абай оқуларының» маңызы неде?»

Үсен Самал Алмасқызы

Пікір: Бүгiнгі таңда интернет желісін ашып қалсақ, неше түрлі жаңалықтарға  тап болатынымыз рас. Шуылдаған дүниенің даусы алдымызға айдан анық шыға келеді. Қазіргі таңда талқыға көп салынатын  жастар мәселесі өріп жүр. Небір сұмдық, суық хабарларды естіп жағамызды ұстаудамыз. Мысалы, жастардың мейірімсіздігі, зұлымдық әрекеттері, суицид және т.б.

Жақында ғана Астана қаласында бірге тұрған дос құрбысын өлтіріп, денесін 26 жерден пышақтап, кілемге орап, кіреберіске шығарып тастаған жағдай Қазақстанның  БАҚ беттерін  «Азaпты өлім» айдарымен шулатқан болатын. Күн сайын елімізде қатыгездікпен болып жатқан түрлі жағдайлар орын алуда.

Интернеттен «Человек из oчереди» деп терсек Кореялықтардың түсірген видео-ролигін көре аламыз, бұл әлеуметтік парақшаларда ең көп дауыс жинаған туынды. Әлеуметтік желі тұтынушылары осы видеомен бөлісу арқылы барша халықты мейірімді болуға, қайырымды істер жасауға, адамдардың бір-біріне адамгершілік, ізгілік, мейірбандылық, бауырмалдылық, жақсылық танытуға шақырады.

Бүгінгi таңда ізігілік нұрымен сусындауымызға көп септігін тигізген — Абайдың сөздері. Мейлі, мен бай болмадым, халқымды дәулетке кеңелтпедім, мейлі мен халқымның сауатын ашатын оқымысты ғалым болмадым, бірақ мен жүрегінде ізгілік нұры бар адам болайын, иманды болайын, сонда халқыма жаманым тимес. Осындай рух маған Абайды оқу арқылы берілді. Мені Абай сөздері одан әрі демеп, қажырландырды әрі қайраттандырды. Өмірге қойған мақсат-мүддемді барынша айқындай түсті. Абайды оқып, осал болмадым. Тығырыққа тірелсем, қандай да бір шешімін таппай айналып келгенімде ұлы Абай есіме түседі. Халқым өлең сұраса, Абайды айтамын, Абайдан келер ісіме бастау болар, тірек болар нақыл таптым. Сол себепті бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде Абайды көп насихат ету керек. Ал оны жүзеге асыру жалаң шұбыртпалы уағызбен емес, көрер көзге көрікті, көкейге қонымды, мағыналы, түсінікті жеткізу шаpт.

Баланы жастан дегендей — «Жастық шақта алынған білім – тасқа ойылған нақыш» дейді пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.). Сол себепті қазір жас өскелең буынға Абайды дәріптеу аcа қажет деген ойдамын. Бұл тек Абай өлеңдерін жатқа оқытып, бір жылда бір республикалық деңгейде Абай оқуларын өткізу емес, біз Абайды жас жеткіншектердің өміріне енгізуіміз керек. Қазіргі «Disney», «Bacugan», «Ну,погоди!», «Tom and Jerry» секілді шетелдік мултьфильмдердің қызығына әуестенбей, өзіміздің ұлттық менталитетімізді көрсететін тәрбиелік маңызы бар балаларға көркем суретті фильмдерді неге түсірмейді мемлекет деп мұңайасың. Сұраныс не ұсыныс жоқ па ұлт қамын ойлайтын азаматтардан? Менің осы күнге дейін балaларға тәрбие берерлік қазақ мультфильмдерінен тек Асан мен Үсеннің көркем фильмдерін, сосын Әмен Қайдар атамыздың шығарған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» секілді бірнеше туындыдарын ғана білемін. Қарап отырсақ шетелдің мультфильмдерін көрген қазақ баласында сол кейіпкер ерлігіне еліктеу, одан бос қиялдау туындайтыны рас.

Біздің қазaқ халқымыз ата — бабаларымыздан салмақты сөз айтып, салихалы ой айта білген, одан тараған ұрпақ текті болса, неге ата сөзін түсінбеске? Екінің бірі, егіздің сыңары айтатын «Абайдың тілі қиын, философиясы терең, сөзі ауыр». Абай астарлап пайымдаған, олай демесе, ол қандай ақын, қандай ойшыл, қандай кемеңгер? Оның тілі қиын болғаны, басқа тілге аударылуынан деп білемін, бірақ өз қазағым өз тілін ауыр десе, оны басқа ешкім қажет етпейді деп санаймын. Осылай тілі қиын екен деп жүре берсек, ұрпақ ұлттығын жоғалтады. Сол себепті менің жасағым келетін ұсынысым – Абай сөздерін жас жеткіншектердің келешегіне қажеттілігін көрсету, дұрыс нақылды керек жеріне жарату. Ол үшiн Абайдың қара  сөздеріне сүйене отырып, балаларға арналған көпсериалы қысқа уақытты, бірақ өнегелі, түсінікті етіп мультфильм түсіру. Мұның өзіндік «плюстары» бар. Біріншіден, бұл – қазақ отбасындағы ата-әженің тәрбиесінен кем емес, екіншіден, ол көркем суретті болғандықтан, жеткіншектерді өзінің бейнелігімен, кейіпкерімен тартатын болады, үшіншіден, «шетелдікімен» еміздіктеніп жалаң жасанды рух алғанша, өз елінің «Абай былай дегенді» айта алатын бір-бір ұланы боп жүрсе, қандай тамаша! Бұның ең бір тағылым аларлық пайдасы –  ұлы дананың, ұлы кемеңгердің сөзін естіп жетілген саналы ұрпақ, өз келешегіне, Отанына, тіліне, дініне бей-жай қарамайтын азамат болары сөзсіз, себебі өнегесі жақсы елдің өскелең ұрпағы жерде қалмайды!

Қорытынды: Абай оқулары сондай-ақ қаншама дарынның көзін ашты, қаншама балаларды ақылдылық, сазгерлік өнерге баулыды, күміс көмей әншілікке жетеледі, ол басқа әңгіме, әринe. Абай оқуларына қатысты көкейде жүрген бір ойларды ортаға салсам.

 

  1. Абай оқулары ары қарай жалғасын табу керек, ол тек ұлылар Отанынын өзінде, кіндік қаны тамған, мұражайлары тұрған, өздері мәңгілікке орын тепкен жерінде өтуі қажет. Себебін саралап айтуды артық деп ойлаймын.
  2. Күні бүгінге дейін Оқуларға өз еліміздің балалары, басым көпшілігі қазақ тілінде білім беретін мектеп балалары қатысып келеді. Қазақстан атты алып, егеменді елде тұрып, білім алып жатқан барлық ұлт пен ұлыстың балаларын қатыстыруды қолға алған дұрыс деп ойлаймын.
  3. Оқу көкжиегін халықаралық дәрежеге көтеру керек. Өзбекстан, Қытай, Монғолия, Ресейлік, т.б. елдердегі қазақ балалары ғана емес, ниет білдіргендерді қатыстыруды ойластырудың маңызы зор болар еді. Оларға Абай мұраларын өз тілдерінде айтуға жағдaй туғызу
  4. Абай оқуларының мұражайын ұйымдастырып, oсынау аса маңызды жұмыстарды жинақтау да аса қажет сияқты.
  5. Қорытындылай келгенде, Абай оқуларына мемлекеттік қамқорлық, қаржыландыру, қалталылар тарапынан материалдық көмек керек, оның заңды түрде ары қарай өмір сүруін ойластырған жөн.
  6. Ерекше дарынмен көзге түскендерге грaнт беру, шетелде оқытуға мүмкіндік туғызуды да дұрыс деп есептеймін.

Абай оқулары аз жылдың өзінде елге аңыз болып тарады, ал балалардың білімге деген ынтасын, белсенділігін арттыpды.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *