Жасанды Интеллект

Жасанды интеллект-қазіргі заманда ең қызықты және ең жылдам дамып келе жатқан салалардың бірі болып саналады.Соңғы жылдары жасанды интеллект өзінің артықшылықтары мен қиындықтары арқылы қоғамның да,ғалымдардың да назарын аударды.Ол жиналған ақпаратты қолдана отырып, кез келген тапсырманы орындайтын алгоритмдік жүйе. Ол адамның қолынан келе бермейтін тапсырмаларды оңай әрі тез орындай алады. Шағын жобаларды іске асыру бағытында да жасанды интеллектінің мүмкіндігі шексіз екенін аңғарып жүрміз. Біз Жасанды интеллекттің, кейбір негізгі жетістіктерін,сондай-ақ оның

жолында туындайтын қақтығыстар мен қиындықтарды қарастырамыз.

Жасанды интеллект жетістіктері:

  1.Роботатехника және автономды жүйелер салалары тікелей адамдардың қатысуынсыз, күрделі тапсырмаларды орындауға қабілетті роботтар мен автоматтырылған аппараттар жасауға мүмкіндік берді.

  2.Даму деректердің үлкен көлемін талдау әдістері арқылы,жасырын заңдылықтарды анықтау және медицина, қаржы сонымен қатар маркетинг сияқты әртүрлі салалардағы трендтерді болжау ушін Жасанды интеллект мүмкіндік берді.

Жасанды интеллект алдында тұрған қиындықтар:

   1. Кейбір ЖИ модельдерінің түрлері күрделі және олардың көптеген факторларға қабылдау қабілеттері(түсіну және түсіндіру саласында) қиындықтар туғызады.

   2. Жасанды интеллекттің дамуы
сонымен қатар киберқауыпсіздікке
ықтимал қауып төндіреді, өйткені
шабуылдаушылар(хакерлар немесе т.б) кибершабуылдардың жаңа түрлерін жасау үшін Жасанды интеллектті қолдана алады.

  Жасанды интеллект-бұл біздің әлемді

өзгертуді жалғастыратын сала. Терең

оқыту, автономды жүйелер,үлкен деректерді талдау саласындағы жетістіктер өмірдің әртүрлі салаларында ЖИ қолдану үшін жаңа  мүмкіндіктер ашады. Алайда, қауыпсіздікке және түсіндіруге байланысты қиындықтарды қарауды және тиісті шешімдерді қабылдауды талап етеді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *