“Жаныңда жүр жақсы адам”

“Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ” журналистика факультетінің 2-курс студенті.


“Жаныңда жүр жақсы адам”
“Көп түсірсе,көл болар” деген мақаланы  ұстанған қазіргі жастардың қарқыны жаман емес.Әр қазағын жалғызым деп көмек қолын созуға дайын тұратын жастардың лебі жаныңды жылытады.

Оған себеп күні кеше ғана өткен “Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ” журналистика факультетінің студенттері.

«19.10.2023 ж “Көмек”қоғамдық қорының ұйымдастыруымен “Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеден түскен қаражат толықтай жағдайы төмен 100 отбасыға азық-түлікпен қамтамасыз етуге жұмсалады деп жоспарланып отыр.

Барлығы санитарлық талапқа сай орындалды.

Қайырымдылыққа өз үлесін қосқан әрбір жанға алғысымыз шексіз!» -дейді “Көмек” қоғамдық қорының ұйым басшысы Аяулым Жұрымбай.

Жақынына жаны ашымайтын заманда жаныңа жылу сыйлайтын адамдардың болғанының өзі бір ғанибет.Жастардың ерікті түрде қолға алған бастамалары жаман емес.Сауапты істен құр қалмаңыздар.Жаныңда жүр жақсы адам…

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *