Жаным толған жақсылық

«Өзін –өзі тану» сабағының жоспары

Мерзім 11.03.2017 ж                                                 Мектеп №209 орта мектеп

Мұғалім Қ.Ж. Бердіхожаева                                               Сынып  3 «А»

Тақырып «Жаным толған жақсылық»                     Оқушылар саны  27

Құндылық:Сүйіспеншілік
Қасиеттер:Қайырымдылық, қамқорлық, жақсылық

Мақсаты:Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту

 

Міндеттері:

Білімділік:

— жақсылық жасаудың адами қарым — қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

Дамытушылық:
— жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік:
— қайырымды, мейірімді, қамқорболуға тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер,
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу.

5 «T» ережесін сақтау:

1.     Тәртіп+сүйіспеншлік;

2.     Талап;

3.     Тыныштық;

4.     Тазалық;

5.     Татулық.

Тыныштық  сәті.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Жан Ана» әңгімесі бойынша пікір алмасу сұрақтары:

1.     Ауыл адамдары Жан Ананы қандай қасиеттері үшін «Жан Ана» деп атады?

2.     Жан Ананың ауыл тұрғындарына жасаған жақсылығының қайтарымы қандай болды?

3.     Жан Ананың бойынан қандай қасиеттер байқауға болады?

4.     Жан Ана ауыл тұрғындарына неге ренжіді?

5.     Сіздердің өмірлеріңізде Жан Анаға ұқсайтын адамдар бар ма?

6.     Өздеріңіз Жан Ананың орнында  болсаңыздар қандай әрекет жасар едіңіздер?

Әуен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір алмасу

Дәйексөз.

«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»

Ыбырай Алтынсарин

 

Хормен қайталау, дәптерге жазу
Оқиғаларды әңгімелеу.

«Елеместің адамгершілігі» ертегісі

 

 

Бейнеролик
Шығармашылық жұмыс. “Жақсылық тамшысы“

Оқушыларға алдын ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздарды үлестіріп, сол қағазға өзі жасаған жақсы істерінің суретін салып немесе жазып жеткізу.
— Жұмыстарын қорытындылау.
— Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналды.(тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін ілу) Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздар, плакат
Топпен ән айту.

Қалдыбек Талқанбаев — Жақсы адамдар

 

 
Үй тапсырмасы. «Туған жер ғажайыптары»

 

 
Сабақтың қорытынды сәті.

«Жүректен – жүрекке»
Барлығымыз ортаға шаттық шеңберіне шығайық. Мына бір шумақ өлеңді қосылып айтайық және өзіміз жақсы көретін жандарға тілектерімізді білдірейік.

Оқушылар барлығы қосылып айтады.
Жақсы сөз, жақсы тілекті
Болайық ізгі ниетті
Жақсылық ойлап кісіге,
Тілейік үлкен — кішіге
— Ата — анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді.
— Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.
— Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.
— Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.
— Талапты достарыма табыс тілеймін.
— Сыныптастарыма амандық тілеймін.
— Отбасыма бақыт тілеймін.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *