ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА «АРДАГЕРЛЕРГЕ СЫЙЛЫҚ» АТТЫ АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ.

«Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырыс аясында «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына орай іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының аясында  Жамбыл облысы, Жуалы ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлері және тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету мақсатында «Ардагерлерге сыйлық» атты акциясы өтті.

Халқымыз асылын ардақтап, қариясын құрметтеген, өмірден көргені, көңілге түйгені мол, тыңдай білгенге ақыл-ойы алтын көмбе ардагерлерді әспеттеп, оларға құрмет көрсету-баршамыздың парызымыз. Отан үшін от кешіп, жалынды жастық шағын соғыс өртінде өткізген соғыс ардагерлерінің қатары күн санап азайып барады.

Ардагерлерді құттықтай отырып, жастар қозғалысының төрағасы Муратбаев Каныбек ардагерлердің ерлігін атап өтті: «Сіздердің басыңызға түскен қиындықтарды бағалау мүмкін емес, бірақ сіздердің ерліктеріңіз жүрегімізде мәңгі сақталады. Біздің бейбіт уақытта өмір сүріп жатқанымыз және әрбір жаңа күнді қуана қарсы алатынымыз үшін Сіздерге алғыс айтып, басымызды иеміз!»

Жас ұрпақ пен ардагерлердің кездесуі барлығына жағымды көңіл-күй сыйлады. «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің жастары ардагерлерге алғыс білдіріп, денсаулық, сергектік пен амандық тіледі, сыйлықтар табыстады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *