ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ЖУАЛЫ АУДАНЫ, АҚТӨБЕ АУЫЛЫ, «АУҒАННЫҢ ОТ ЖАЛЫНЫ» АТТЫ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ.

«Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырыс аясында «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына орай іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының аясында 2020 жылдың 16-қазан күні  Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылы жастардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа үйрету мақсатында «Ауғанның от жалыны» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.

Шараны «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Муратбаев Каныбек Жарылқасынұлы ашып берді.

Шара барысында Жуалы ауданы ауған соғысы ардагерлер кеңесінің мүшесі Қылышбаев Ғалымжан ағамыз жастарға Отан алдындағы   борышын өтеудің, патриоттық сезімдерін оятып, елімізге, жерімізге қызмет жасаудың қандай  маңызды екенін түсіндірді. Жастарға қазіргі таңда тек білім алып, өздерінің ойлау қабілеттерін жетілдіру керектігін айтып ескертті.

Шараға мектеп оқушылары, әдіскерлер, кітапханашылар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *