Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын рухани-адагершілік қасиеттер.

Утемуратова Мадина Алмаскызы

Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын рухани-адагершілік қасиеттер.

«Жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғыртып, өз бастауымызға қайта оралу керек.Халқымыз сан ғасырлар бойы бұл құндылықтарды иегере отырып, рухани мөлдір бұлақтан сусындады,сол рухани мөлдір бұлақтың көзіне жол табу әрқайсымы үшін міндеттердің міндеті болмақ» С.А.Назарбаева. Бүгінгі таңға дейін жалпыадамзаттық құндылық мәселелері көтерілуде. Яғни адамның ішкі жан дүниесіне аса мән беру және де адам бойындағы құндылықтар мен рухани адамгершілік қасиеттерді игере отырып рухани адамгершілік қасиеттерді жаңғырту. Қазіргі кезде құндылық, рухани адамгершілік қасиеттер адамдардың арасында төзімділік, әдептілік, шыншылдық ,қамқорлық, қоғамдағы қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен жеке тұлғаның шығармашылық ашуына түрткі болды. Осыған байланысты Сара Алпысқызы жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселесін көтерді. Білім мен қатар рухани адамгершілік қасиеттерді дамытуға басты назар қойылды. Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы, «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздері, заманауи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелері, рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері, сабақтан тыс іс-әрекеттер арқылы «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жолдарын жан-жақты меңгеруі тиіс. Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптастады.Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады. Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады, құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, сана арқылы түсінуге болады. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді. Осы аталмыш құндылықтардың бастау көзі халықтың мол мұрасында. Ол мұра – халық пайда болғалы онымен бірге жасасып, бірге дамып келе жатқан құнды дүниелер.

Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Бізді қоршаған табиғатты,жанымыздағы жақын жандарды,өзімізді,өзіміздің өмірімізді бағалауымыз керек.Яғни бастау адамның өзінен басталады.

Бұрынғы заманан ақ ата-бабаларымыз басты назар аударған жалпыадамзаттық құндылықтарға. Бізге мұра ретінде аңыз, өлең, ертегі, дәйек сөздер қалдырылған. Осыған дәлел ретінде Абай атамыздың жетінші қара сөзін алатын болсақ, жетінші қара сөзде былай деп айтылған: Анадан дүниеге екі түрлі мінезбен бала дүниеге келеді.Біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам дейді.Ал екіншісі білсем, көрсем, үйренсем екен дейді.Яғни бұл жетінші қара сөзде адамның жақсы және жаман қасиеттері айтылған.Біз дүниеге келгенде бес құндылықпен дүниеге келеміз, адам өсе келе өзінің бойындағы құндылық пен қасиеттерін игеріп дамытады.Сонда екі мінезбен дегенде екі түрлі адам, біреуі жан дүниесін дамытпайды тек қана тәнің құмарын ғана ойлайды, ішсем, жесем деп.Ал екіншісі өзінің білімін ішкі жан дүниесін дамытуды іздестіріп тұрады. Білмесекте білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып келеміз. Абай атамыз көбінесе білім туралы адамның құндылықтары жайлы айтып кеткен.Өлеңдері, қара сөздерінің мағнасы өте терең адамның рухани адамгершілік қасиеттері туралы айтылған.

Шәкәрім атамыз: «Үш анық» атты еңбегінде, адамгершілікті «ар ілімі» деп қарастырады. Ар-ұжданның мазмұнын нысап, әділет, мейірім құрайды дейді, оларды адамшылық ұғымымен байланыстыра келе, рух пен нәпсі, ақыл  мен  ой, сенім мен махаббат, ақиқат, жүрек жылуы сияқты рухани ілімді талдап берді. Рухтың ұясы жүрек. Ақыл жүрекпен нұрланса, неғұрлым рахымға толы болса, соғұрлым адамды ізгілендіреді. Жүрек жылуынсыз тек қана ақылмен қабылданған білім адамның өзіне де, қоғамға да болашаққа да теріс ықпал етеді. Даму кезеңдерінде адамның рухани өзегін қоректендіруші ретінде тәрбие, біліммен қатар қолға алынуы тиіс, яғни білімге адами және рахымдылық сипат беріліп, ақылды жүрек жылуымен нұрландырған жөн деп айтып кеткен.

Құндылықтарды дамыту оларды игеру әр жеке тұлғаның өз қолында. Әр жеке тұлғаның өзінің санасына,жүрегіндегі мейірімділікке байланысты адамның өзінің рухани қасиеттерін дамыту. Қоғам,үйдегі тәрбие,адмның санасы және блімге құмарлығы осылардың бәрі адамды жеке тұлға ретінде және өзінің бойындағы құндылықтарды дамыту әр тұлғаның өз қолында. Қазіргі таңда адамдардың көбісі сыртқы тіршілікпен өзінің жан дүниесін ұмытып кетіп жатады. Яғни өзін жеке тұлға ретінде дамытпайды,бір тоқтаған жерде қалып қояды, сол себептенде адам дамымаған кезде білім ізденбеген кезде жаман қасиеттері оянады. Оған мысал ретінде қоғамдық көлікке отырғанда, адамдар сұр түс боп көрінеді бәрі қабағын түйіп ашуланып отырады, байқамай қағып кетсен немесе көрмей қалған жағдайда бас салып ұрысуға дайын. Яғни адамдар негативке толы болып тұрады. Қазіргі кезде адамдарға тек қана ақша,жұмыс сол қу тірлік маңызды болып тұр бұл шындық мен тек қана бір мысалды келтірдім бұдан да басқа жағдайлар өте көп. Жалпыадамзаттық құндылық пен рухани адамгершілік қасиеттерді ұмытып кетуде адамдар. Осыған орай біз ұстаздар және тәрбиешілер болашақ ұрпақтарға жақсы біліммен,рухани құндылықтарды бойларына сіңдіруіміз керек, және де ата- аналармен тығыз жұмыс жасаумыз керекпіз. Және осы мәселеге байланысты әлеуметтік желіде және де телидидарда ойланатындай, бой түзейтіндей видео роликтер көрсетілсе адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттер туралы көрсетілсе екен көбірек. Әр тұлға осы дүниеге өз үлесін қосады. Өзіміздің болашағымыз әр жеке тұлғаның өз қолында. Жалпыадамзаттық құндылықтар адам баласына тумасынан берілетін керемет сыйлардың бірі.Тұлғаның адамгершлік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді. Оқыту үрдісіне мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтарды еңгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар білім негізі мен оның өзегі болып табылады. Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі де білім болып саналады. Табиғаттың бес тылмысы топырақ, су, от, ауа, эфир сияқты элементтері қазіргі таңда түгелдей ластанды деуге болады. Осы табиғаттың бес элеметін балаларға дұрыс қолдануды үйреткен жағдайда ғана мына біздің тәуелсіз еліміз гүлденеді деп ойлаймын. Балаларға дұрыс жолды көрсететінде мына жастар қауымы. Ішкі тазарудың өзі бара келе сыртқы тазаруға алып келеді. Ең алдымен жастардың ақыл-ойын қайта жаңарту керек. Сонда ғана бүкіл әлем жаңарады,еліміз гүлденеді. Өйткені ақыл-ой осы әлемнің негізі болып тұр.

Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» деген. Ал, руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейрімділікке, ізгілікке шақырады. Олар адамды құметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайрымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттердің жиынтығы. Жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу-бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Жас ұрпақтың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани-адамгершілік тәрбиені қалай іс жүзіне асырамыз? Олар мына қағидаларды сақтағанда нәтиже береді. Егер:

-тәрбие үдерісі жас ұрпақтың рухани-адамгершілік қасиеттерді игеруіне бағытталса;

-жас ұрпақ рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерсе;

-жас ұрпақтың бойында әлеуметтік мәні бар рухани-адамгершілік қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетінде көрсете алу мүмкіндігін ерікті таңдаса.                     Демек, рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе жас ұрпақты тәрбиелеу. Сондықтан, әрбір жас ұрпақ өзін-өзі рухани жетілдіру үшін, өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екенін түсінуі тиіс деп ойлаймын.

Қорыта айтқанда ақиқат,сүйіспеншілік,дұрыс әрекет,ішкі тыныштық,қиянат жасамау – бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына,нәсіліне,ортасына,дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның рухани құндылығы мен мәдениетінің жиынтығы, яғни ата-бабаларымыздың мұрасы мен даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып өзгереді. Жаңа көз қарастар қалыптасады.

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. Алматы.2001

2.А.Өтешова. Адамгершілік- рухан тәрбиенің маңыздылығы. www.45minut.rz

3.Самопознание журналының жинағы, 2013 – 2014жж.

4.Мен адаммын, жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту, Игенбаева.Б.Қ. Алматы. 2000

  1. Мукажанова Р.А, Омарова Г.А. Методика преподования дисциплины «Самопознание» в школе: учебнно-методическое пособие для учителей. – Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2013. – 129 с.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *