Жалпыадамзаттық құндылықтар- бақытты өмір негізі.

Карабаева Роза Манашевна

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: Тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, басқалардан жақсылықты іздеу, кішіпейілдік.

Мақсаты: Оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

1.      Білімділік: Оқушыларды тек жақсы және қажет заттарды ғана айтуға үйрету.

2.      Дамытушылық: Оқушылар бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін дамыту.

3.      Тәрбиелік: Оқушыларды басқалардан жақсылықты іздей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

Слайд №1

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

5        Т – ережесі:

1.      Тәртіп.

2.      Талап.

3.      Тыныштық.

4.      Тазалық.

5.        Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып — білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

     Жағымды күйге келу.

«Бәріміз бірге».

Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды(әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.

 

Слайд №2

2.Сабақтың дәйексөзі.

Жалпыадамзаттық құндылықтар – өзін – өзі танудың негізі.

Сара Алпысқызы

Сұрақтар:

1. Өзін — өзі тану сабақтарында не үйрендіңіздер?

2. Өзіңізге, өзгеге құрмет дегенді қалай түсінесіздер?

3. Өзіңіз бойыңызда қандай қасиеттер болғанын қалайсыз?

4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

«Өзін – өзі тану» пәні адамгершілік құндылықтар мен қасиеттер туралы білімдер арқылы жаманнан жирендіреді, жақсыдан үйренуге бағыт береді. Адамға айналасындағы адамдармен тыныштықта, ынтымақта, татулықта, қоршаған табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруіне және өз елінің бақытты азаматы болып өсуіне тікелей ықпал етеді. Сондықтан да Қ.Р.- ның Бірінші ханымы Сара Алпысқызының «Өзін– өзі тануды – адамгершілік құндылықтардың негізі» тұрғысынан негіздеуі, балалардың осы адамгершілік құндылықтарды үйреніп, өмірде қолдану арқылы бақытты өмір сүруін армандауынан туған.

 

Слайд №3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №4

2.      Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Ш. Құдайбердиев

Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады?… Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Әрине, адам оқып, біліп үйренуі қажет. Білім-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жаратуы керек.

Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.

Ал арлы, ақылды, адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтануды білмейді және істемейді.

Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруында сөз жоқ.

Сұрақтар:

1. Адамның бойындағы қандай қасиеттер оның өмірін жақсартуға көмектеседі?

2. Неліктен жақсылық жүректен шығады деп айтады?

3. Айналаңдағы адамдармен тату болу үшін қандай игі істер жасар едіңдер?

4. Өзіңнің жақсы қасиеттерің мен құндылықтарыңды қалай көрсетесіңдер?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №5

4.Бейнеролик көрсету  
5. . Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: «Ақиқат» сөзінің әр бір әрпінен басталатын адамгершілік қасиеттерді тауып жазыңдар.

А — …………….

Қ — ……………

И — …………..

Қ — …………..

А — …………..

Т — ……………

 
6. Үй тапсырмасы.

Суреттер салу.

 
7. Жүректен жүрекке

Тілектер жазу жүректерге

 

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…

Д е м   а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе   1………………2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Слайд №6

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *