Есіміңіз кім?

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пән

 мұғалімі Сүттібаева Ұлбосын

Адамның өзі таңдай алмайтын, алайда шыр етіп дүниеге келгеннен шыбын жаны кеудеден шыққанша қасынан бір елі қалмайтын бір серігі бар, ол – аты, яғни есімі. Есіміз әлі кірмеген шақта оны бізге ата-әже, әке-шеше, туған-туыс, қала берді, көрші-қолаң еншілеп береді.

Балаларға бүгінгі жарқын өмір, бақытты заман талабына сай жарасты да лайықты есім қою халық діттеп отырған мүдделі да маңызды мәселенің бірі саналады. Ата-ана дүниеге келген перзенттке мағынасы айқын, әдеміде айшықты, сұлу есім беруді қалайды. Бірақ олар атты таңдауда, одан кейін оны жазуда қиналып отырады. Бұл өмірлік мәселе болып табылады, сондықтан ол барлық уақытта да адамдарды толғантып келеді, қазір де көкейкесті мәселе күйінде қалып отыр.

Адамның есімі оның өмірі мен тағдырына әсер етеді дегенді жиі естиміз. Тіпті «адам өзінің азан шақырып қойған атына сай өмір сүреді» дейді дана халқымыз. Сондықтан болар, қазақ халқы шыр етіп дүние есігін ашқан сәбиге ат қою рәсіміне ерекше мән берген. Біреулері жаңа туған сәби болашақта елге сыйлы, абыройлы, атақты болсын деген ырыммен белгілі тұлғалардың есімін берсе, енді бірі заман көшінен қалыспайық деген оймен айтылуы да, естілуі де әдемі «сәнді» есімдер таңдайды.

Ертеректе қазақ халқы баласына ат қоюға келгенде басқа халықтар ұқсап дін иелерінің атын іздеп, әуре болып жатпай-ақ, дүйсенбі күні туса – Дүйсенбай, жұма күні туса- Жұмабек, әкесінің жасына қарай дүниеге келген баланы Қырықбай, Елубай, Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай деп ат қоя беретін болған. Қазір, Құдайға шүкір, ол әдеттен арылдық. Қай үйге барсаң да, алдыңнан Болат, Қанат, Қайрат, Жанат, Берік, Серік есімді ұлдар мен Мөлдір, Маржан, Арай, Әсем, Әсел, Сымбат, Сандуғаш, Салтанат, Айгүл, Айнұр, Ақбота, Ақерке, Ақбаян, Ақмарал, Әйгерім, Нәзерке атты қыздар жүгіріп шығады. Бұл халқымыздың ой-өрісінің, сана-сезімінің артқандығын, мәдениетінің, талғамының дамығандығының белгісі болса керек.

Сәбиге ат қоюдағы ырымдар. Негізінен, қазақ халқында балаға ат қойғанда ата- аналары арқа сүйейтін ең басты он бес ырымы бар. Олар:

  1. Балаға артық саусағына қарай ат қою. Есімдері: Артық, Артықбай, Артықәлі, Қосекен.
  2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай.
  3. Баланың дені сау, жаны берік болу үшін ат қою. Есімдері: Тасболат, Тастемір, Шымырбай
  4. Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою. Есімдері: Аман, Аманкүл, Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, Тұрсынкүл т.б
  5. Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңжасар, Өмірбек, Секесенбай, Тоқсанбай, Ұзақбай.
  6. Бұрын-сонды болған қару-жарақ аттарына байланысты ат қою. Есімдері: Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбек, Шоқпарбай т.б
  7. Елдің ардақты аза-маттарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туған балаға ат қою. Есімдері: Абай, Абылай, Ғабит,Жәнібек, Исатай, Қазыбек, Махамбет, Сәбит, Сәкен, Сырым, Төлеби, Ыбырай т.б
  8. Ерекше көзге түскен белгілеріне байланысты ат қою. Есімдері: Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Меңдігүл, Сүндет.
  9. Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою. Есімдері: Ғали, Жамал, Зылиха, Иса, Мұхаммед, Омар, Оспан, Сүлеймен, Хадиша.
  10. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің аттарын қою. Есімдері: Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар, т.б
  11. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою. Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек
  12. Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою. Есімдері: Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат.

13.Соңғы балаға ат қою. Есімдері: Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай.

  1. Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою. Есімдері: Арыстан, Аюбай, Бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою. Есімдері: Болған, Тойған, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан, Ұлту, т.б.

Қазақстанда сәбилерге ең жиі қойылатын есімдердің мән-мағынасына тереңірек үңіліп, ат қою дәстүрін зерттеп көрелік. Бүгінде Қазақстанда қазақы аттардан бөлек, араб, иран, грек, тіпті испан тілдерінен енген, жақсы мағына беретін есімдерді қою кең тараған. Оны сәбилерге ең жиі қойылатын есімдердің шығу төркінінен-ақ аңғаруға болады. Мысалы: Айсұлтан –  «ай» мен «сұлтан» сөздерінен жасалған есім, сәби айдай болсын, өз ортасында сұлтандай қадірлі болсын деген ниетпен қойылады. Сұлтан араб тілінен – «билеуші, әкім». Нұрислам – «нұр» мен «ислам» сөздерінен құралған. Араб тілінде нұр – жарық, сәуле, ал «ислам» дініміз болғандықтан, Алланың нұры жаусын деген ниетпен қойған. Қыз балаларға: Айзере, қаз. ай+зере, иран тілінен «зер» – алтын. Алтынай есімінің синонимі. Раяна – араб тілінен — 1) толық, тегіс, түзу; 2) дамыған, кемелденген, жетілген. Тағы бір мағынасы – жұмаққа кіретін қақпа. Айару – «ай» мен «ару» сөздерінің қосындысы. Айдай сұлу ару болсын ниетпен қойылған.

Шетелге еліктеп кез келген есімді балаларыңызға қоя беруді қою керек….Бір қазекем теледидирдан «Риголетта» қойылымын естіп қалып мынау күшті есім екен деп, сол тұста дүниеге келген нәрестесіне Риголетта деп ат қойыпты. Өсе келе, көркем қызымыз – Риголетта бикеш шет елге шықса, ныспысы үшін әбден ұятқа қалыпты. Атына бола ата-анасын қарғауға дейін барады. Сөйтсе, риголетта деген «ақымақ, жынды, алаңғасар» деген мағына береді екен…

Келер ұрпақтан я қарғыс, я алғыс алғымыз келмесе, қазірден бастап әрекет жасайық. Себебі ертең ел болып қалуымыз үшін өзіндік ныспымызды, бет-әлпетімізді сақтап қалу үшін, бүіннен бастап қимылдауымыз қажет.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *