Ерекше білімді қажет ететін балаларға сабақ кезінде қолданылатын дидактикалық ойындар картотекасы

5-6 жастағы балаларға арналған ҚМТҚ оқу іс-әрекеті бойынша дидактикалық ойындар картотекасы

1.    «Үйдің есігін жабайық»
Мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажырата алу.
Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктін суреттері.
Ойын барысы:  қағаздан жасалған есіктері жоқ үйлерге сәйкесінше түсіне қарап есігін табу.
2.    «Біреу-көп»
Мақсаты:  «Біреу және көп» ұғымын қайталау.
Ойынның құрал-жабдықтары: Әртүрлі заттар суреттері, пішіндер.
Ойын барысы: Балаларға бірнеше түрлі заттар немесе пішіндер беріледі, балалар ең алдымен оларды топтастырады, қайсысы көп, қайсысы аз екенін атап айтады.
3.    «Ұзын-қысқа»
Мақсаты: заттарды салыстыру, қысқасын табу, ұзының атау.
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақтар
Ойын барысы: Балаларға ұзын және қысқа жолақтар беріледі. Балалар жолақтарды салыстырады. Үстіне қою әдісін қолданады. Ұзын жолақты атайды. Үстедің үстіне жолақтардың ішінен ұқсас жолақтарды табуға тырысады.
4.    «Өз үйіңді тап»
Мақсаты: түстерді қайталау, оларды шатастырмауға дағдыландыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер.
Ойын барысы: Балаларға түрлі-түсті дөңгелектер таратылады, олар түсін атайды. Белгіден кейін балалар дөңгелектердің түсіне сәйкес шеңберге тұрады.
5.    «Көлем. Кім бірінші?»
Мақсаты:  Геометриялық пішінді сипалап анықтау.
Ойынның құрал-жабдықтары: картоннан жасалған геометриялық пішіндер.
Ойын барысы: Баланың көзінбайлайды, қолына пішін беріледі. Бала пішінді сипалап атайды.
6.    «Суреттің екінші бөлігін сал»
Мақсаты:  Балалардың логикасын дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: үлестірмелі карточкалар, қарындаштар.
Ойын барысы: Балаларға үлестірмелі қағаздар беріледі. Әр қағазда суреттің бір жартысы салынған, балалар суретке қарап не бейнеленгенін табады да екінші жартысын салады.
7.     «Кеше, бүгін…»
Мақсаты: ойын барысында «кеше, бүгін, ертен » туралы түсініктерін бекіту.
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер, үш әртүрлі түсті үй.
Ойын барысы: Топтық үш бұрышына үш үйдің суреттер орналастырылады. Балалар шеңбермен жүреді де тақпақ айтады (кез келген). Тәрбиеші: «Иә,иә,иә бұл кеше болған оқыға!» дейді. Сол кезде барлық балалар «кеше» үйіне барып суреттерін салады. Ойын жалғасады.
8.     «Керісінше айт» (жылдам-баяу)
Мақсаты:  Балаларды қарсы мағыналы сқздерді тауып айтуға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары:  суреттер
Ойын барысы: Балаларға бір сөз айтылады, балалар сол сқздің мағынасына қарама-қарсы сөзді айтады. Ұзын-қысқа, жылдам-баяу, үлкен-кішкентай т.б.
9.     «Логикалық есептер»
Мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын барысы: Педагог балалар логикалық ойлауды қажет ететін сұрақтар қояды. Мысалы: Бір адамда неше аяқ болады?  Үш мысық болыпты, біреуі сұр кетіп қалыпты, екіншісі қара түсті екен. Үшінші сары мысық  құстарды қуып кетіпті. Қандай түсті мысық қалып қойды? Бір бөлмеде  әр бұрышты бір мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық бар? т.с.с
10.     «Қуыршаққа қонаққа дайындалуға көмектес»
Мақсаты:  ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей заттарды салыстыруға үйрету, білгенін бекіту.
Ойынның құрал-жабдықтары: әртүрлі қағаз жолақтар.
Ойын барысы: Қуыршақ қонаққа барғысы келеді. Оған әдемі бантик керек екен. Балалар қуыршаққа ең әдемі, ең ұзын лентаны табуға көмектеседі. Жолақтарды үстіне қою әдісі арқылы салыстырады.
11.    «Сандарды таны»
Мақсаты:   сандар туралы алған білімдерін бекіту.
Ойынның құрал-жабдықтары: сіріңкенің қорапиарына жазылған 1 ден 10 ға дейінгі сандар реті.
Ойын барысы: Балалар сандарды өсу ретімен орналастырады. Мұқият қарап шығып жетпей тұрған санды атайды
12.     «Үстінде, астында, алдында, артында, сол жақта, оң жақта»
Мақсаты: кеңістікте бағдарлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер
Ойын барысы: Балалар суретте бейнеленген доп, мысық, көліктің қай жерде орналасқанын айтады

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *