Онға дейінгі сандарды тура және кері санау. Өлең «Алғаш рет оқуға келген күнім». Буындарды қосып оқу және көшіріп жазу

Педагогтың аты-жөні Алдабергенова Перизат

Күні: 20.09.2021ж.

Сынып: 2 «Ә» Жеке сабақ

Сабақтың тақырыбы: Онға дейінгі сандарды тура және кері санау.

Өлең «Алғаш рет оқуға келген күнім». Буындарды қосып оқу және көшіріп жазу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 1. Тура және кері тәртіпте 1ден бастап 10 ға дейінгі аралықта, сондай-ақ кез келген сандар аралығында (реттік және сандық) атап беру;

2. 0,1-9 және 10 санын жазу;

3. 10 санның реттілігінің қасиетін түсіну;

Сабақтың мақсаты: 1. Онға дейінгі сандарды тура және кері санау дағдыларын қалыптастыру.

2. Сандарды атауы және таңбасы бойынша сәйкестендіру.

3. Берілген өлең жолын буынға бөліп оқу.

4. Арнайы педагогтың жетек сұрақтары арқылы өлеңнің мазмұнын айтып беру.

5. Берілген өлең жолдарын көшіріп жазу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезең

уақыт Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар

Басы

Математика :

20 минут Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Әлемге нұр тыныштық

Әрбір бейбіт күн ыстық

Қайырлы күн, достарым!

Біз де бүгін қауыштық.

-…, бүгінгі сабағымызда 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санап үйренеміз.

-Ал,қане, санайықшы:

-1,2,3,4,5,6,7,8,,9,10

-Біз қалай санадық?

-Тура санадық

-Ал,енді кері санайық:

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1

-Жарайсың!

«Көршісін тап» ойыны

…., сенің жасың нешеде? Мектепке неше жасыңда келдің?

-Жарайсың! Енді сенің алғаш мектепке келген кезіңді еске түсірейікші. Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.

Педагогпен бірге және өздігінен сандарды тура және кері санайды.

Ойын арқылы сандардың көршісін табады.

Смайликтер арқылы бағалау

Психологиялық ахуал.

Кеспе қағаздардағы сандар.

А4 парақағы тапсырма

Сабақтың ортасы

Әдебиеттік оқу: 20 минут Бірінші қыркүйек күнімен!

Аңқыған жұпар гүлімен

Келіп ем, қарсы алар мектебім

Сүйкімді қоңырау үнімен…

-Ерсайын, сен білімді қайдан аласың? Мектепке келген алғашқы күнің есіңде ма? Сол күні көңіл-күйің қандай болды?

-А.Байтұрсынұлының «Мен қалай оқуға бардым» әңгімесін мен оқып беремін. Сен мұқият тыңдап, әңгіме не жайында екендігін айтып бересің. Берілген өлең жолдарын буындап оқып,дәптерге көшіріп жазу.

Сұрақтарға жауап береді.

Әңгіме мамұнын жетек сұрақтар арқылы мазмұндау.

Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Оқылым, жазылым тапсырмалары.

Соңы

Кері байланыс : «Бағдаршам » әдісі

«Жоқ» десе қызыл түсті

«ия» десе жасыл түсті

«білмеймін ойланамын» десе сары түсті көтереді

1. 1 санынан кейін 4 саны тұрады.

2. 3,4,5,6. Бұл тура санау.

3. 9,8,7,6,5 . Бұл кері санау

4. 6,7,8. Бұл кері санау.

5. Біз білімді мектептен аламыз.

6. Ерсайын 4-сынып оқушысы.

Бағдаршам көздері арқылы бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *