Елімнің ертеңі-Тәуелсіздік

Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік
Оқу қызметінің мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.
Көрнекіліктер: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы, әнұраны .
Әдіс-тәсілдері: Слайд,түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше. Балалар, алдымызда 16- желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі жақындап келеді.
Бәрі тік тұрып Әнұранды тыңдайды.
Тәрбиеші: Отырыңыздар.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс.
Тәрбиеші: Дұрыс, қыс. Қыс айларын атайық.
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан. .
Тәрбиеші: Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, сұлтандар, билер басқарған. Біздің еліміз Ресеймен бірге болған,елімізді Ресейдің Президенті басқарған. Ал қазір өзіміздің Президентіміз басқарады. Балалар сендер, білесіңдер ме, елбасымыз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біздің Президентіміз, яғни Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды.
Ал қазір біздің екінші президентіміз Қасым Кемелұлы Тоқайып.
Желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесі болып аталып өтіледі.
Мен казір сендерге Желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша айтып беремін.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасында Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұғаметжанова тағы басқа жап-жас аға-апаларымыз құрбан болды. Содан бері 25 жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымызды иіп, еске аламыз.Өздері өмірлерін қисада,арттарында өшпеш іздері қалды. Олардың арман тілегі орындалды.
Тәрбиеші: — Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы, егемендігімізді алып берген аға-әпкелеріміздің арқасында біз- Тәуелсіз мемлекет атандық. Отанымыз, туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп, жаңарып өсуде.
Тәрбиеші: -Ендігі кезекте Тәуелсіздік күніне арналған тақпақтарымызды қарсы айтайық.Есімізге түсірейікші Туымыздың түсі қандай? Мына суретте не бейнеленген.
Балалар: Ту. Көк.
Көк ашық аспанды білдіреді. Қыран құс-еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі. Балалар ал мынау не?
Балалар: Елтаңба.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
Шаңырақ-Қазақстан атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.
Мынау Әнұран .
Тәрбиеші: Отыра қойыңдар. Ал енді балалар, қазір мен сендерге сұрақ қоямын. Сендер соған жауап беріңдер. Қазақстан Тәуелсіздікті қай жылы алды және неше жыл толды?
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда
Тәрбиеші: «Тәуелсіздік алдық» дегенді қалай түсінеміз?
Тәуелсіз еліміздің жері теңдігі өзінде және туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгінгі оқу қызметінің Желтоқсан оқиғасы туралы, Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстық. Бүгінгі іс қызметіміз қызықты өтті барлықтарыңа мың алғыс,жарайсыңдар.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *