«Дәстүрден тыс технологиялар»

Дәстүрден тыс сурет салудың маңызы:

Қазіргі кезеңде креативтік балаларды қалыптастыру, оның шығармашылық белсенділігін дамыту басты назарға алынған. Сондықтан сұлулықты сезіну, жоғары эстетикалық талғам қалыптастыру, туған табиғаттың сұлулығын түсіну және бағалауды жетілдіру.

Дәстүрден тыс сурет салудың мақсаты:

Балалардың сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдермен таныстыру;

Балаларға сурет салу тәсілдерін тәжірибе жасап үйрету;

Шығармашылық дамуына мүмкіндік беру;

Оймен, қиялмен сурет салуға бейімдеу;

Үйрету барысында қызығушылығын арттыру.

Дәстүрден тыс сурет салу арқылы баланың құзіреттілігі дамиды:

  • Шығармашылық
  • Ой – өріс
  • Сөздік қоры

Дәстүрден тыс сурет салудың қолданылатын әдіс – тәсілдері:

  1. Қағазды сулау әдісі.
  2. Шашыратып салу әдісі.
  3. Үрлеу әдісі.
  4. Жұдырықпен, саусақпен салу әдісі.
  5. Нүктелеу әдісі.
  6. Тұз себу әдісі.
  7. Көкөніспен басу әдісі (картоп, сәбіз).

Керекті құралдар: Ақ қағаз, су, тіс щеткасы, пипетка, фольга, тұз, картоп, сәбіз, губка, тіс шұқығыш (зубочистка), әр түрлі бояулар, салфетка.

Қолданылатын құралдарға сақтық шаралары жөнінде түсінік беру;

1) Қағазды сулау әдісі. Ақ қағаз бетін губкамен сулап, губканы сығып сүртеміз.

2) Шашыратып салу әдісі. Тіс щеткасын пайдалана отырып, оны бояуға батырып ақ қағаз бетіне шашыратып бояймыз.

3) Үрлеу әдісі. Түрлі түсті бояуды қағаз бетіне тамызып, күнделікті сусын ішуге арналған түтікшенің көмегімен үрлейміз. Әр тарапта көптеген өсінділер пайда болады.

4) Жұдырықпен, саусақпен салу. Баспа әдісі. Саусақпен, жұдырықпен сурет салу бұл барлық жастағы балаларға ұнайтын оңай әдіс. Олар үлкен ынтамен салады. Жұдырықты түйсіп бояуға батырып гүл, бұлт жасауға болады.

5) Нүктелеу әдісі. Пипетка (тамшуыр) көмегімен ыдыстағы бояуды алып, нүктелеп тамызу.

6) Тұз себу әдісі. Ақ қағаз бетіндегі ылғалды бояуға тұз себу арқылы әртүрлі бейне жасау.

7) Көкөніспен басу әдісі. Картоп немесе сәбізден бейне жасап бояуға батырып сурет салу.

Жаңаөзен қаласы. «Рахат бөбекжай-бақша» тәрбиешісі: Берниязова Құралай Елубайқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *